IM020
SC-EG350E05
10
Азық-түлікті ешқашан өткір заттармен алуға болмайды, бұл қыздырғыш элемент пен жабыспайтын қабатты
бүлдіруі мүмкін.
Абай болыңыз: аспап жұмыс істеп тұрғанда оның металдан жасалған бөлшектері қатты қызып кетеді.
Аспапты тез тұтанатын материалдардың, мысалы, перденің жанында немесе астында пайдалануға болмайды.
Өрт шығуына жол бермеу үшін аспап жұмыс істеп тұрғанда оның үстін жаппаңыз.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрастырылымына енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Егер бұйым біршама уақыт 0 ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға арналмаған.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX пішімінде
көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап
шығарылған жылы.
Абайлаңыз! Беткі қабаты ыстық!
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Бұл аспапты ет, құс, балық, шұжық, көкөніс пен саңырауқұлақ, теңіз өнімдерін, бутерброд дайындау үшін,
сондай-ақ нанды және басқа да дайын өнімдерді қуыру үшін пайдалануға болады.
Алғаш рет тоққа қосқан кезде жаңа қыздырғыш элементтерден өзіне тән иіс және шағын көлемде түтін шығуы
мүмкін. Бұл олардың ақаулығының белгісі емес. Дайындалған тағамның бірінші үлесін тағамға пайдалануға
болмайды.
Алғаш рет тоққа қосардан бұрын аспаптың ішкі жағын сары маймен немесе өсімдік майымен майлаңыз.
Аспапты тоққа қосыңыз да, жабық күйінде 10 минут жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Аспапты тоқтан ағытыңыз да, ішкі жағын дымқыл таза шүберекпен абайлап сүртіңіз.
ЖҰМЫСЫ
Осы аспаптың ерекшелігі әрбір жұмыс панелінің температурасы мен тамақ дайындау уақытын бөлек-бөлек
баптау мүмкіндігі болып табылады.
Аспапты 180º градусқа ашу мүмкіндігінің арқасында әрбір жұмыс панелі тамақ дайындайтын бөлек беткі қабатқа
айналады.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
-
үстіңгі жұмыс панелін іске қосу түймесі.
-
астыңғы жұмыс панелін іске қосу түймесі.
-
жұмыс панельдерінің температурасын баптау түймелері
-
жұмыс панельдерінің уақытын баптау түймелері
ТАМАҚ ДАЙЫНДАУ
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Керекті панельдің немесе екі панельдің де іске қосу түймесін басыңыз.
Температура мен уақытты баптау түймелерінің көмегімен әр панельдің керекті параметрлерін орнатыңыз.
Температураны орнату үшін температураны баптау түймесін неше рет керек болса, сонша рет басыңыз. Бұл
орайда дисплейде сіз таңдаған температура мынада ретпен бейнеленеді (0 ºC -150 ºC -180 ºC -200 ºC -220 ºC)
Тамақ дайындау уақытын орнату үшін уақытты баптау түймесін неше рет керек болса, сонша рет басыңыз. Бұл
орайда дисплейде сіз таңдаған уақыт минуттармен, 1 қадамдық минутпен 0-ден 30 минутқа дейін бейнеленетін
болады.
Қақпақты ашыңыз, азық-түлік кесектерін жұмыстық беткі қабатқа салыңыз да, қажет болса, қақпағын тығыз
жабыңыз. Нәтижеге тезірек жету үшін жұмыс барысында қақпақтың үстінен басып ұстап тұруға болады.
Дайындау уақыты жеке қажеттілікке қарай болады және азық-түліктің түріне, оның сипаттарына
(температурасы, қалыңдығы, өлшемі) және қажетті қуырылу дәрежесіне байланысты .
Аспаптың құрылмасы қалыңдығы әр түрлі азық-түлікті дайындауға мүмкіндік береді. Қақпақтың қалпына реттеу
үшін тұтқаның бекіткішін басыңыз да, одан ұстап тұрып, қақпақты өзіңізге керек қалыпқа орнатыңыз немесе 180º
немесе 105º градусқа ашыңыз.
Стейктердің беткі жағында бедерлі ромбылар пайда болуы үшін дайындай бастағаннан кейін шамамен 2,5
минут өткенде стейкті аударыңыз да, бастапқы қалпына перпендикуляр күйде салыңыз. Бұл орайда оны сүйеп
ұстау үшін қысқыш пен ағаш қалақшаны (жинаққа кірмейді) пайдаланған жөн.
Белгіленген уақыт өткеннен кейін аспап автоматты тұрде өшеді.
Дайындау аяқталғаннан кейін қақпақты ашыңыз да, ағаш қалақшамен дайын өнімді алып шығыңыз. Қаспаққа
қарсы қабатты бүлдіріп алмас үшін өткір металл заттарды пайдалануға болмайды.
Егер аспап пайдаланылмаса, оны жабық қалыпта ұстаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Тазалар алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Аспап әбден суығанша күтіңіз.