29
ҚАЗАҚША
• Қылшақты келесідей етіп орнына орнатыңыз:
– Қылшықтың бір ұшын жетек білігіне орнатыңыз,
ол үшін оны әр түрлі бағытта сәл бұраңыз.
– Қылшықтың бір ұшын орнату орнына түсіріңіз
және жақтау ұстағышымен бекітіңіз.
– Жақтаудың сенімді бекігеніне көз жеткізіңіз.
Бүйірлік қылшақтарды тазалау
Шаш қылшақтардың айналасына оралған кезде,
тазалау алдында оларды алдын-ала алып тастау
ұсынылады.
• Крест бұрағышын пайдаланып, бекіту бұранда-
ларын сағат тіліне қарсы бұрап шешіп алыңыз
және бүйірлік қылшақтарды (6) шешіп алыңыз.
• Жетек білігі айналасына оралып қалған шаш-
тарды және жіптерді қайшымен қиыңыз.
• Бүйірлік қалшақтарға оралып қалған шаштарды
және жіптерді қайшымен қиыңыз.
• Қылшықтарды шаңнан тазартыңыз және таза,
сәл дымқыл матамен сүртіңіз.
• Бекіту бұрандаларын сағат тілімен бұраңыз
және қылшақтарды орнына орналастырыңыз.
Алдыңғы доңғалақты тазалау
Шаңсорғыштың қозғалысы кезінде сықыр пайда
болған жағдайда оның алдыңғы доңғалағының осін
тазалаңыз.
• Тегіс бұрағышты пайдаланып, алдыңғы доңға-
лақты (5) орнату орнынан шығарып алыңыз және
металл осін шығарып алыңыз. Оске оралған шаш
пен жіптерді алып тастаңыз. Ось бекітпелері мен
доңға лақтың орнату орнын қылшақпен тазалаңыз.
Алдыңғы доңғалақты (5) шаң мен қоқыстардан тазар-
тыңыз және сүртіңіз, шаштар болса, алып тастаңыз.
• Осьті доңғалаққа салыңыз да, оны қайтадан орна-
ту орнына қойыңыз, доңғалақтың (5) еркін айналу-
ына ештеңе кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш корпусын және зарядтау
станциясын тазалау
• Шаңсорғыштың аккумуляторлық батареясын
(2) зарядттауға арналған байланыстарды және
зарядтау станциясындағы байланыстарды (1)
шаңнан тазартыңыз.
• Шаңсорғыш корпусының төменгі бөлігінде
орналасқан құлаудан қорғау бергіштерін (1)
тазартыңыз және сүртіңіз.
• Алдыңғы бамперді (8) сүртіңіз, бампердің (8)
таза болуын қадағалаңыз, себебі оның ішінде
қабырғаның оптикалық бергіштері (13) орналасқан.
• Шаңсорғыштың корпусын сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Шаңсорғыштың корпусын, зарядтау станция-
сын, желілік адаптерді (23), желілік адаптердің
қосқыш бауын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
Шаңсорғыш корпусының ішіне сұйықтықтың
тиюіне жол бермеңіз.
• Шаңсорғыштың корпусын, зарядтау станция-
сын және желілік адаптерді (23) тазалау үшін
еріткіштер мен абразивтік тазалау құралдарын
пайдалануға тыйым салынады.
Еденді сулап тазалауға арналған
саптаманы тазалау
Үй-жайды ылғалды тазалағаннан кейін шаңсор ғышты
төңкеріңіз және саптаманы (39) шешіп алыңыз.
• Суретте көрсетілгендей, екі қолдың бас
бармақтарын
шаңсорғыштың
корпусына
қойыңыз, ал сұқ саусақтарыңызды сұйыққой-
маның артқы шығыңқы бөлігіне тіреңіз және
саптаманы жоғары қарай көтеріңкіреңіз.