25
ҚАЗАҚША
– «ААА» типті өлшемді қуаттандыру эле менттерін
ғана пайдаланыңыз;
– бір уақытта ескі және жаңа қуаттандыру
элементтерін, сонымен қатар әртүрлі типті
қуаттандыру элементтерін пайдаланбаңыз;
– қуаттандыру элементтерін қайта зарядтауға
тыйым салынады;
– қуаттандыру элементтерін үйектілікті қатаң
сақтап орнатыңыз;
– құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын
болса, қуаттандыру элементтерін шығарып
отырыңыз;
– қуаттандыру элементтерін оларды ары
қарай кәдеге асыру үшін мамандандырылған
орындарға тапсырыңыз;
– қуаттандыру қысқыштарының тұйықталуына
жол бермеңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Ескертулер: Аймақты тазалауға дайындау үшін
келесі нұсқауларды орындауыңызды өтінеміз!
• Еденнен шаңсорғыштың қозғалуына кедергі
келтіруі мүмкін болатын қуаттандыру бауларын,
желі ұзартқыштарын және басқа да ұқсас зат-
тарды алып тастаңыз.
• Шаңсорғыш тегіс еденде немесе төмен түкті
кілем жабынында (1,4 см-ден кем) жұмыс
істеуге арналған. Ұзын түкті кілем жабындарын
тазалау үшін шаңсорғышты пайдалануға тый-
ым салынады.
• Шаңсорғыштың қозғалу жолында еденге дейін
салбыраған дастархандар, перделер немесе
интерьердің басқа да заттары жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
• Жиһаз заттарының астындағы бос кеңістік 8 сан-
тиметрден кем болмауы тиіс, әйтпесе шаңсорғыш
жиһаздың астында кептетіліп қалады.
• Егер еденнен жиһазға дейінгі қашықтық 8 сан-
тиметрден кем болса, жиһазды көтеру керек
немесе осындай орындарға шаңсорғыштың
кіруіне бөгетті қамтамасыз ету қажет.
• Баспалдақ алаңшаларын жинағанда шаңсор-
ғышқа қосымша бөгеттер орнатыңыз.
• Шаңсорғыштың еркін қозғалуы үшін жиһаз зат-
тарын реттеп қойыңыз, еденнен бөгде заттарды
алып тастаңыз.
• Жиһаздары тұрақсыз үй-жайларда шаңсор-
ғышты пайдаланбаңыз, әсіресе олардың
үстінде интерьердің сынғыш заттары немесе
жанып тұрған майшамдар орнатылған болса.
• Шаңсорғыш корпусына бөгде заттарды
қоймаңыз және орналастырмаңыз, сондай-ақ
шаңсорғыштың корпусына үй жануарларының
орналаспауын қадағалаңыз.
• Шаңсорғышты пайдаланар алдында шаңсор-
ғыштың қозғалу жолында тар орын дардың бол-
мауына көз жеткізіңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Зарядтауға дайындау
0.5m
0.5m
1.5m
0.5m
0.5m
• Зарядтау станциясын қабырға тұсына еденнің
тегіс бетіне орнатыңыз, зарядтау станциясының
негізі еденге перпендикуляр болуы тиіс.
• Зарядтау станциясы алдындағы бос кеңістік
1,5 метрден кем болмауы тиіс, зарядтау
станциясының бүйірінен бос қашықтық 0,5 мет-
рден кем болмауы тиіс.
• Зарядтау станциясын үлкен шағылысу қабілеті
бар заттарға жақын орнатпаңыз, мысалы,
айналардың жанында, әйтпесе шаңсорғышты
зарядтау станциясын іздеуі қиын болады.
Базалық зарядтау
• Зарядтау станциясындағы желілік адаптердің
(23) қосқыш бауы штекерін ұяға (22) салыңыз.
Зарядтау станциясының индикаторы (19) осы
ретте қызыл түспен жанады.
• Шаңсорғышты зарядтау станциясының дәл ор-
тасына орнатыңыз. Дұрыс орнатылған кезде
зарядтау станциясы индикаторының түсі (19)
қызылдан көгілдірге өзгереді.