30
ҚАЗАҚША
• Микрофибра шүберегін көрсеткі бағытында
шешіп алыңыз, оны жылы су ағыны астын-
да жуып жіберіңіз, содан кейін табиғи түрде
құрғатыңыз.
• Құю тесігінің резеңке тығынын ашыңыз, сап-
таманы төңкеріңіз және сұйыққоймада қалған
суды төгіп тастаңыз. Саптаманы құрғақ, таза
матамен сүртіңіз.
Егер сұйыққоймадан шығатын судың мөлшері
едәуір азайса (шүберек жеткілікті ылғалдануды
тоқтатты), мүмкін сүзгі бітелген (сүзгі элементі
сарыға айналады) сүзгіні тазалау қажет немесе
ауыстыру керек.
Сүзгіні тазалау (немесе ауыстыру) үшін келесі
әрекеттерді орындаңыз:
• Микрофибра шүберегін (40) саптамадан
(39) шешіп алыңыз, сонда сіз суға арналған
сұйыққоймаға орнатылған сүзгі элементтері бар
екі бітеуішті көресіз. Суретте көрсетілгендей,
бітеуіштердің құлағын екі жағынан ұстап, сүзгі
элементімен бірге шешіп алыңыз. Бітеуіштерді
шешіп алу үшін тазалауға арналған қылшақтың
артқы жағын қолдануға болады.
filter
water tank plug
Сүзгі элементін алып тастау үшін тазалауға
арналған қылшақтың артқы жағын қолданыңыз.
• Қылшақтың жалпақ жағымен
сүзгі элементін
бітеуіштің ойық жағынан итерп шығарыңыз.
• Сүзгі элементін таза сумен шайыңыз,
оның цилиндрлік жағын сәл басып, қайта
орнатыңыз.
Сүзгі элементін бітеуіштің ойығы жағынан
орнатыңыз, ол үшін оны пинцетпен аздап
қысыңыз.
• Сүзгілері бар екі бітеуішті қайтадан суға
арналған сұйыққоймаға орнатыңыз және
оларды тығыздау үшін аздап басыңыз.
• Енді саптама пайдалануға дайын.
Аккумуляторлық батареяны шығарып алу
• Шаңсорғышты кәдеге асырудан бұрын
аккумуляторлық батареясын шығарып алып,
оны тиісті қабылдау орнына тапсырыңыз.
Шаңсорғыш тіпті қатты зақымдалған болса
да, аккумуляторлық батареясының жарылы-
сын болдырмау үшін одан аккумуляторлық
батареяны шығарып алмай өртеуге тыйым
салынады.
• Шаңсорғышты ұзақ уақыт сақтаған кезде
аккумуляторлық батареяны шығарып қою
ұсынылады.
• Аккумуляторлық батарея қақпағының бекітпе
бұрандасын (7) бұрап алыңыз және қақпақты
шешіп алыңыз.
• Ажыратқышты ажыратыңыз және аккуму-
ляторлық батареяны ажыратып тастаңыз.
• Қақпақты (7) орнына қойыңыз және бекіту
бұрандасын бұраңыз.
САҚТАЛУЫ
• Шаңсорғышты ұзақ уақыт сақтау үшін
алып қоярдан бұрын, шаңсорғыш корпу-
сын, шаңжинағыш-контейнерді (29) және
сүзгілерді (27, 28) тазалаңыз.
• Қуаттандыру элементін қашықтан басқару
пультінен шығарыңыз.
• Шаңсорғышты
сақтау
үшін
зауыттық
қаптаманы пайдаланыңыз.
• Шаңсорғышты салқын құрғақ жерде,
балалардың және мүмкіндігі шектеулі
адамдардың
қолы
жетпейтін
жерде
сақтаңыз.