26
ҚАЗАҚША
Аккумуляторлық батареяны бірінші рет за-
рядтау кезінде 4 сағаттан артық зарядтау
ұсынылады.
Ескерту: Егер еденді сулап тазалауға арналған
саптама сұйыққоймасында (39) су болса, заряд-
тау станциясында шаңсорғышты зарядтауға
тыйым салынады.
Зарядтау станциясы болмаған жағдайда
шаңсор ғышты келесі суретте көрсетілгендей
тікелей қуаттандыру адаптерінен зарядтауға бо-
лады. Бұл жағдайда желілік адаптердің қосқыш
бауы штекерін (23) шаңсорғыш корпусындағы
ұяға (12) салыңыз.
Басқару панелі
• Батырма (15) «
HOME
» «
»: автоматты за-
рядтау режиміне кіру үшін осы батырманы
басыңыз.
• Wi-Fi «
» индикаторы: бұл индикатор Wi-Fi
қосылғандығы күйін көрсетеді.
– Желіге қосылған кезде индикатор үнемі жанып
тұрады.
• Қосу/Сөндіру батырмасы «
»: автоматты та-
залауды қосу немесе сөндіру үшін осы батыр-
маны басыңыз
Басқару панелінің жарығы (18)
Құрылғының күйіне байланысты жарықдиодты
жарық элементтері жыпылықтауы, үнемі жанып
тұруы немесе шеңберде «қозғалыс» тудыруы
мүмкін.
– Қуаттандыру қосылған кезде жарық элементтері
шеңберде «қозғалады» және 3 айналымнан
кейін олар үнемі жанып тұра бастайды.
– Шаңсорғыштың жұмысы кезінде жарық
элементтері үнемі жанып тұрады.
– Зарядтау кезінде жарық элементтері шеңберде
үнемі «қозғалады».
– Үзіліс кезінде жарық элементтері баяу
жыпылықтайды.
– Wi-Fi желісі бапталған болса, жарық роботтың
жұптау режимінде екенін көрсетіп, тез
жыпылықтайды.
– Wi-Fi желісі бапталған болса, жарық үнемі
жанып тұрады, бұл роботтың үйлесімді желі
режимінде екенін көрсетеді.
Шаңсорғышты қосу
• Қуаттандыру сөндіргішін 2 күйіне «
I
» орнатып,
шаңсорғышты қосыңыз.
• Дыбыстық белгілер естіледі, құрылғы күйінің
индикаторы (18) жасыл түспен жанады,
шаңсорғыш күту режиміне өтеді.
Үй-жайды автоматты жинау режимі
• Батырманы Қосу/Сөндіру (17) «
» басыңыз
дыбыстық белгі шығады, шаңсорғыш қосылып,
үй-жайды автоматты режимде тазалай бастайды.
• Шаңсорғышты тоқтата тұру үшін Қосу/Сөндіру
батырмасын (17) «
» қайта басыңыз
Автоматты зарядтау
• Аккумуляторлық батареяның қалдық заря-
ды 10%-дан аз болған кезде, дыбыс белгісі
шығады және шаңсорғыш автоматты түрде за-
рядтау станциясына оралады.
• Зарядтау станциясына шаңсорғышты қолмен
жібере аласыз, ол үшін батырманы (15)
«
HOME
» «
» басасыз.
Ескертпе: Автоматты зарядтау функциясы
дұрыс жұмыс істеуі үшін зарядтау станция-
сын шаңсорғыштан тікелей көрінетін жерге
орнатыңыз.
IM MW-3290.indd 26
11/26/20 3:34 PM