28
ҚАЗАҚША
• Автоматты режимде сулап тазалауды бастау
үшін, шаңсорғышты төкеріңіз еденге орнатыңыз
және батырманы (17) «
» басыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Робот пен оның аксессуарларын тазалау және күтім
көрсету кезінде қуаттандыру сөндіргішін (3) күйіне
«
0
» орнатып, негізгі қуаттандыруды сөндіріңіз
және зарядтау станциясындағы ұядан (22) желілік
адаптердің қосқышының ашасын (23) шешіп
алыңыз.
Шаңжинағыш-контейнерді тазалау
Шаңсорғышты әрбір пайдаланғаннан кейін шаң
мен қоқысқа арналған контейнерді (29) және
сүзгілерді (27, 28) тазалау ұсынылады.
• Қақпақты (10) ашыңыз, корпустағы шұңқырды
(11) пайдаланып, тұтқаны (26) ұстап, шаң
жинағыш-контейнерді (29) шешіп алыңыз.
• Шаң жинағыш-контейнердің қақпағын (25)
ашыңыз, ол үшін құлыпқа (24) басыңыз,
алғашқы торлы сүзгіні (27) және HEPA-сүзгіні
(28) шығарыңыз. Шаң мен қоқысты шаң
жинағыш-контейнерден (29) алып тастаңыз.
• Шаң жинағыш-контейнерді (29) және алғашқы
сүзгіні (27) жылы сумен жуып жіберіңіз.
• HEPA-сүзгіні (28) қылшақшаны пайдаланып
тазалаңыз.
Ескертпелер:
– Тазалауға арналған қылшақша қақпақтың (10)
астында арнайы шұңқыршада орналасқан.
– HEPA-сүзгіні жууға тыйым салынады.
• Шаң жинағыш пен сүзгі компоненттерін табиғи
түрде кептіріңіз. Қызмет мерзімін ұзарту үшін
оларды құрғақ ұстаңыз.
Роликті турбо-қылшақты тазалау
• Жақтаулы қылшақ ұстағышын (14) суреттегі
көрсеткілермен көрсетілгендей бекітпелерді
басу арқылы шешіп алыңыз, және қылшақты
орнатылған орнынан шығарып алыңыз.
Қайшыны пайдаланып, қылшаққа оралған
шаштар мен жіптерді қиыңыз.
• Қылшақты шаңнан тазартыңыз және таза, сәл
дымқыл матамен сүртіп алыңыз.
• Қылшықтың орналасқан орнын, жақтау
ұстағышын және жетек білігін таза, сәл дымқыл
матамен сүртіп алыңыз.
IM MW-3290.indd 28
11/26/20 3:34 PM