4
Қауіпсіз және тиімді
пайдалану туралы
нұсқаулар
нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе ұстағыш
ретінде денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау
керек және өнімді киімнен кемінде 5 мм қашықтықта
ұстау керек. Деректер файлдарын немесе хабарларды
тасымалдау үшін, бұл құрылғы сапалы желі байланысын
қажет етеді. Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын
немесе хабарларды тасымалдау осындай байланыс
қол жетімді болмайынша кешігуі мүмкін. Тасымалдау
аяқталмайынша, жоғарыда айтылған ара қашықтық туралы
нұсқаулықтары орындалатынын тексеріңіз.
Өнімге күтім және техникалық қызмет
көрсету
• Тек қана LG компаниясы мақұлдаған жинақтағы керек-
жарақтарды пайдаланыңыз. LG компаниясы үшінші тарап
керек-жарақтарын пайдаланудан пайда болған ешқандай
зақым немесе ақаулық үшін кепілдік бермейді.
• Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы
қажет болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға
апарыңыз.
• Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының
ұйғаруымен бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен
не жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін.
Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын бөлшекпен
бірдей болу керек.
• Теледидар, радио және компьютер сияқты электр
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
• Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу
көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
• Құрылғыны түсіріп алмаңыз немесе ұрып алмаңыз.
• Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• Арнайы ережелер арқылы талап етілген жерлерде
құрылғыны өшіріңіз. Мысалы, құрылғыны емханаларда
пайдаланбаңыз, себебі ол медициналық жабдықтарға әсер
етуі мүмкін.
• Зарядталып жатқанда құрылғыны ылғал қолмен ұстауға
болмайды. Ол ток соғуды тудырып, құрылғыны қатты
зақымдауы мүмкін.