3
Қауіпсіз және тиімді
пайдалану туралы
нұсқаулар
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды
орындамау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін.
Бұл нұсқаулық әрбір елдің жергілікті тілінде жазылған.
Қолданылатын тілге байланысты мазмұн аздап өзгешеленуі
мүмкін.
Құрылғы туралы маңызды ақпарат
• Құрылғы қолданбалары, қызметтері, мысал суреттері және
мазмұны аймаққа, қызмет провайдеріне, бағдарламалық
құрал нұсқасына және құрылғыға байланысты өзгеше
болады әрі ескертусіз өзгертіледі.
Радио жиілігі қуатының әсері
Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК)
туралы ақпарат.
Бұл құрылғы радиотолқындардың әсеріне қойылатын
қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына сай етіп жасалған.
Бұл талаптар жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан,
барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,
қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға негізделген.
• Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру
коэффициенті немесе МСК деп аталатын шама бірлігі
қолданылады. МСК сынақтары стандартты әдістер
бойынша барлық қолданыстағы жиілік ауқымдарындағы ең
жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейінде құрылғыдан сигнал
жіберу арқылы жүргізіледі.
• Әр түрлі LG құрылғы үлгілерінің МСК деңгейлері арасында
айырмашылықтар болғанымен, олардың барлығы
радиотолқындар әсері бойынша нұсқауларға сәйкес келетін
етіп жобаланған.
• Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық
комиссиясы (ИСҚХК) ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні
– 10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.
• Осы үлгінің сыналған ең жоғары МСК мәні құлақтың
жанында — 0,384 Вт/кг (10 г), ал денеде тағып жүргенде
— 1,540 Вт/кг (10 г).
• Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында
пайдаланғанда немесе киімнен кем дегенде 5 мм
қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері бойынша керекті