жоғалтудың
немесе
қайтарымның
пайда
болуының себебі болады.
e)
Шынжырлық немесе тісті ілінісі бар төсемді
қолданбаңыз.
Мұндай жұмыс аспаптарын
қолдану жиі қайтарымды тудырады немесе
электр құралын басқаруды жоғалтуға әкеледі.
2.4 Дөңгелекпен тегістеу және кесу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
a)
Тек пайдалануға рұқсат етілген абразивті
аспаптарды және оларға сай қорғауыш
қаптамаларды қолданыңыз.
Бұл электр құралға
арналмаған абразивті дөңгелектер жеткілікті
дәрежеде экрандалмайды және тұрақсыз жұмыс
істейді.
b)
Қисық тегістеу дискілерін тегістеу аймақтары
қорғауыш қаптама шетіненen шықпайтын етіп
орнату керек.
Тиісті ретте орнатылған тегістеу
дискісі қорғауыш қаптама шетінен шығып тұрса
жетерлік ретте қапталмайды.
c)
Қорғауыш қаптаманы электр құралға берік
орнату керек және ешбір ең майда абразивті
бөлшек операторға тимейтіндей ең жоғары
қорғау дәрежесіне реттелуі керек.
Қорғауыш
қаптама операторды сынықтардан,
киімді
тұтандыруы мүмкін ұшқындар сияқты тегістеу
нысандарына
кездейсоқ
тиюден
қорғауға
көмектеседі.
d)
Абразивті аспаптарды тек мақсатына сай
қолдану керек. Мысалы , тегістеуді кесу
дөңгелегінің бүйірлік бетімен орындауға
тыйым салынады.
Кесу дөңгелектері материалды
дөңгелек жиегімен алуға арналған. Дөңгелекке
бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының
себебіне айналуы мүмкін.
e)
Тегістеу дөңгелегін орнату үшін әрқашан
зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні қажеттідей
қыспа фланецті қолданыңыз.
Пішіні мен өлшемі
жарайтын фланецтер тегістеу дөңгелегін бекітеді
және оның сыну қаупінің дәрежесін азайтады.
Кесу дөңгелектерінің қыспа фланецтері басқа
тегістеу дөңгелектерінің қыспа фланецтерінен
ерекшеленуі мүмкін.
f)
Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған
тегістеу дөңгелектерін қолданбаңыз.
Өлшемі
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған тегістеу
дөңгелектері шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы
себепті бұзылуы мүмкін.
2.5 Дөңгелекпен кесу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы бойынша қосымша нұсқаулар:
a)
Кесу дөңгелегінің бұғатталуын немесе тым
қатты басу қысымын болдырмаңыз. Тым қатты
кесулерді орындамаңыз.
Кесу дөңгелегіне
шамадан тыс жүктеме түсуі оның тозуын және
қисаю немесе бұғатталу мүмкіндігін, сонымен
бірге қайтарымның пайда болу немесе оның
бұзылу мүмкіндігін арттырады.
b)
Айналып жатқан кесу дөңгелегінің аймағында
және оның артында болмаңыз.
Өңдеп жатқан
бөлшектегі кесу дөңгелегі өзіңізден ары бағытта
ауытқығанда электр құралы қайтарым пайда
болғанда тура сізге ыршып түсуі мүмкін.
c)
Кесу дөңгелегі сыналанған немесе жұмысты
тоқтатқан жағдайда аспапты өшіріңіз және
дөңгелек толық тоқтағанын күтіңіз. Әлі
айналып жатқан дөңгелекті кесу жерінен
шығарып алуға ешқашан әрекет жасамаңыз
– қайтарым болуы мүмкін.
Сыналану себебін
анықтаңыз және кетіріңіз.
d)
Әлі өңдеп жатқан бөлшекте болса, аспапты
қайтадан қоспаңыз. Жұмысты жалғастыру
алдында аспап жұмыс айналу жиілігіне
дейін тездегенше күтіңіз.
Әйтпесе дөңгелек
сыналануы, өңдеп жатқан бөлшектен ыршып кетуі
немесе қайтарымның пайда болуы мүмкін.
e)
Кесу дөңгелегі сыналанған жағдайда қауіп
дәрежесін азайту үшін үлкен өлшемді
тақталарды немесе бөлшектерді тіреңіз.
Үлкен
өңделетін бөлшектер өз салмағының әсерінен
иілуі мүмкін. Өңделетін бөлшекті екі жағынан
кесуді орындау орнының жанында, сондай-ақ,
бөлшек жиегінің бойында тіреу керек.
f)
Қабырғаларда немесе басқа көру мүмкін емес
аймақтарда қуыстарды кесуді орындау кезінде
әсіресе сақ болыңыз.
Газ және су құбырларын,
электр сымдарын немесе басқа заттарды кесу
кезінде кесу дискісін салғанда, қайтарым пайда
болуы мүмкін.
2.6 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
2.6.1 Адамдардың қауіпсіздігі
a)
Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге
және оны модификациялауға тыйым салынады.
b)
Қорғауыш құлаққапты киіңіз.
Шу әсерінің
нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
c)
Аспапты әрқашан екі қолмен арнайы жасалған
тұтқалардан ұстау керек. Тұтқалар құрғақ,
таза, маймен ластанбаған болуы керек.
d)
Егер аспап шаңды кетіру құралдарынсыз
қолданылса, шаң пайда болатын жұмыстарда
қорғану құралдарын қолданыңыз.
e)
Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін
саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
f)
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз.
Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз.
Айналатын түйіндерге, әсіресе
айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға
әкелуі мүмкін.
g)
Сыналанған немесе қайтарым жағдайында
аспаппен жұмыс істемеңіз.
Электрондық
блоктың ақаулы болуы мүмкіндігі бар. Рұқсат
етілген Hilti қызмет көрсету орталығына барыңыз.
h)
Аспапты
әлсіз
адамдарға
нұсқаусыз
пайдалануға тыйым салынады. Аспапты
балалардан алшақ ұстаңыз.
kk
220
Printed: 21.05.2015 | Doc-Nr: PUB / 5169282 / 000 / 02