![Hilti AG 180-20 (D/P) Operating Instructions Manual Download Page 225](http://html.mh-extra.com/html/hilti/ag-180-20-d-p/ag-180-20-d-p_operating-instructions-manual_2135579225.webp)
i)
Аспап тиісті нұсқау алусыз балалардың немесе
денесі әлсіреген тұлғалардың пайдалануына
арналмаған.
j)
Жұмысты
бастау
алдында
дайындама
материалы бойынша пайда болатын шаңның
қауіп класын анықтаңыз. Аспаппен жұмыс
істеу үшін қорғаныс дәрежесі күшіндегі
шаңнан қорғау нормаларына сай құрылыс
шаңсорғышын қолданыңыз.
k) Құрамында қорғасын бар бояулар, ағаштың
кейбір түрлері,
бетон/кірпіш қалауы/кварц
қамтитын жыныстар және минералдар мен
металл сияқты материалдардан пайда болатын
шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе
оған тию пайдаланушыларда немесе жанындағы
адамдарда
аллергиялық
реакциялардың
және/немесе дем алу жолдары ауруларының
пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң
түрлері (мысалы, еменді немесе шамшатты
өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді
деп есептеледі, әсіресе ағашты өңдеу үшін
қолданылатын
қосымша
материалдармен
(хром қышқылының тұзы,
ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар
материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
Мүмкін болса, жарамды шаңсорғыш аппаратты
қолданыңыз.
Шаңсорғыштаудың
жоғары
деңгейіне жету үшін, тиісті жылжымалы
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса,
сәйкес шаң түріне арналған респиратор
маскасын тағыңыз. Жұмыс аймағының жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Өңделетін
материалдар бойынша еліңізде қолданылатын
нұсқауларды орындаңыз.
l)
Аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін
адам және оның жанындағы тұлғалар тиісті
қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш шлемді,
қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды
және жеңіл респираторды киюі керек.
2.6.2 Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және
оны дұрыс пайдалану
a)
Тегістеу
дөңгелектерін
өндірушінің
нұсқауларына сай сақтаңыз және қолданыңыз.
b)
Жұмыс кезінде өңделетін бөлшекті берік бекіту
керек.
c)
Затты берік бекітіңіз. Затты бекіту үшін
струбциналарды
немесе
қыспақтарды
қолданыңыз.
d)
Дөңгелек сынғаннан, аспап құлағаннан кейін
немесе басқа механикалық әсерлерден кейін
аспапты Hilti сервис орталығына тексеруге
жіберіңіз.
2.6.3 Электр қауіпсіздігі
a)
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында
жасырын электр сымдарының, газ және су
жүргізу құбырларының бар-жоғын тексеріңіз,
мысалы, металл іздегіш көмегімен.
Электр
сымдарына кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық
металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне
айналуы мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу
қаупі пайда болады.
b)
Тұрақты түрде аспаптың байланыс кабелін
тексеріңіз. Зақымдалған кабельді ауыстыруды
маман электрик орындауы керек. Электрлік
құралдың байланыс кабелі зақымдалған
жағдайда оны арнайы дайындалған және
рұқсат етілген кабельге ауыстыру керек.
Оған клиенттерге қызмет көрсету бөлімі
арқылы тапсырыс беруге болады. Тұрақты
түрде ұзартқыш кабельдерді тексеріңіз және
зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
Егер жұмыс уақытында желілік немесе
ұзартқыш кабель зақымдалған болса, оған
тиюге тыйым салынады. Кабель айырын
желілік розеткадан шығарыңыз.
Ақаулы электр
қуаты кабельдері және ұзартқыш кабельдер
электр тогының соғу қаупін тудырады.
c)
Ток өткізетін материалдармен жиі жұмыс
істегенде аспап ластанады, өйткені оны
тұрақты түрде тексеру үшін Hilti қызмет
көрсету орталығына өткізу керек.
Жағымсыз
жағдайларда аспаптың бетінде жиналатын ылғал
мен шаң (әсіресе ток өткізгіш материалдардан)
электр тогының соғуын тудыруы мүмкін.
2.6.4 Жұмыс орны
a)
Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты
қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз
.
Сыртқа шығатын немесе төмен түсетін сынықтар
басқа адамдарды жарақаттауы мүмкін.
b) Тірек қабырғаларында және басқа құрылыстарда
тесіктерді жасау олардың беріктігін өзгертеді,
әсіресе арматураны немесе ұстап тұратын
құрылыстарды кескенде.
Жұмысты бастау
алдында инженер-құрылысшыдан немесе
басқа жауапты тұлғадан кеңес алыңыз.
kk
221
Printed: 21.05.2015 | Doc-Nr: PUB / 5169282 / 000 / 02