![FIRST AUSTRIA FA-5267 Instruction Manual Download Page 13](http://html1.mh-extra.com/html/first-austria/fa-5267/fa-5267_instruction-manual_2293580013.webp)
24
25
ҚАЗАҚ
МИКСЕРДІ ҚОЛДАНУ
Араластыруға арналған венчиктер және қамыр илеуге арналған саптар
1. Араластырғыштар мен саптарды щелч. дейін құрыңыз. Саптарды тіс жағымен сыртқа
қарай саңылауға кигізіңіз, осы тәріздес тісті формадағы.
2. Құралды розеткаға қосыңыз.
3. Дайындалатын тағамдар көлеміне қарай арнайы ыдысқа қоспаларды салыңыз.
4. Ыдысқа араластырғыштарды немесе саптарды салып құралды оңға қарата қосыңыз.
5. Қосқышты оңға қарай 1-5 жағдайына ауыстырыңыз.
6. Құрал үлгісіне қарай Турбо режімі түймесімен жабдықталуы мүмкін.
7. Жұмыс аяғында қосқышты «0» жағдайына қойыңыз.
8. Құралды розеткадан айырыңыз.
9. Саптарды босату түймесіне басып, оларды алып қойыңыз.
Блендер
1. Сапты құралға щелч. дейін орнатыңыз.
2. Ыдыстағы сұйық асып төгілмес үшін 2/3 мөлшерінен аспауы тиіс. Биіктігі шамамен
18см., ішкі диаметрі – 11см. болуы керек.
3. Ыдыстағы зат жақсы араласуы үшін миксер сабының төменгі бөлігін жабу керек.
4. Миксер жұмыс істеп тұрған кезде саптарды алып немесе қайтадан салуға болмайды.
5. Миксеррдің бұл сабын қатты өнімдерді үгуге пайдаланбау керек: кофе дәндері, мұз
кесектері, қант, дән, шоколад т.б.
6. Қол миксерінің қауіпсіздігі мақсатында сырт жағында қорғаныш жабдығы болады.
ЕСКЕРТУ:
1. Үздіксіз 5 мин. қолданған соң құралға бірнеше минут демалыс беріңіз.
2. Миксерді 5 мин. артық пайдалануға болмайды.
3. Араластыру сабын қолданған кезде, миксерді 1 мин. қана пайдалану керек. Суға
немесе басқа сұйықтарға салуға болады (ал корпусын суға батырмаңыз).
4. Корпустан араластыру сабын алу алдында, қосқышты «0» жағдайына қойыңыз.
ҚҰРАЛДЫ ТАЗАЛАУ
1. Құралды розеткадан суырыңыз.
2. Миксерді тек дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
3. Араластырғыштар мен саптарды ағын суға немесе ыдыс жуғыш машинаға жуыңыз.
Тазалап, шайып кептіріңіз.
4. Миксер мен саптарды қолданған соң бірден тазалау ұсынылады. Тамақ қалдықтарын
кеппей тұрып тазалған жөн, бактериялардың пайда болуына жол бермеңіз.
ЖЫЛДАМДЫҚ ТАҢДАУ
ЖЫЛДАМДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.
Бастапқы жылдамдықты ұн, май және картоп тәрізді құрғақ өнімдердің
ауқымды көлеміне пайдалануда қолайлы
2.
Салат жасауда сұйық қоспаларды араластыруға арналған оңтайлы
жылдамдық.
3.
Торт және печенье қамырын араластыруға арналған.
4.
Қант қосылған май, тәттілер, десерт және т.б. араластыруға арналған.
5.
Жұмыртқа, қант көпіршігі, пюре, кілегей және т.б. араластыру үшін.
TURBO «5» жылдамдығына тең.
ТЕХНИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Қуаты: 230Вт • 50 Герц • 200В макс.
Құралдың қызмет ету мерзімі 3 жылдан кем емес.
ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ НҰСҚАУЛАР
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН МИКСЕР
БӨЛІМ АТАУЛАРЫ
(Суретті қараңыз):
1. Басқару түймесі
2. Турбо режімі түймесі
3. Қамырды араластыру сабы
4. Араластырғыш /венчик
5. Саптарын босату түймесі
6. Корпусы
7. Араластыруға арналған сап (блендер)
ҚАУІПСІЗДІКТІҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Барлық нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз.
2. Құралды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Кішкентай балалар және
мүмкіндігі шектеулі адамдар құралды тек бақылаумен қолдана алады.
3. Құралды үйден тыс жерде пайдаланбаңыз. Бұл құрал тек үйде тұрмыстық мақсатта
қолдануға арналған.
4. Құралды қолданбаған және тазалау алдында желіден суырып қойыңыз.
5. Бүлінген құралды қолдануға болмайды. Сынып, бүлінген жағдайда сервистік
орталыққа хабарлаңыз.
6. Құралды немесе бауды/шнурды суға, басқа сұйықтарға салуға болмайды.
7. Желі шнуры балалардың қолы жететін жерде болмағаны жөн.
8. Егер желі шнуры немесе штепсель бүлінген болса, құралды пайдаланбаңыз. Оларды
тек сервистік орталық ауыстыра алады, өзіңіз ауыстырған жағдайда зақымдану қаупі
бар.
9. Жұмыс әрекетіндегі саптар мен венчиктерді ұстауға болмайды. Құралды жұмысы
кезінде ұзын шаш немесе киімдер белгілі бір арақашықта болуы керек.
10. Құралға саптарды орнату немесе алу кезінде желіден ажыратқан жөн.
11. Түрлі функциясы бар саптарды бір мезетте құруға болмайды (мысалы,
араластырғыш венчик және араластырғыш сап).
12. Желі шнурының құралдың қызған бөліктерімен, басқадай қызған заттармен, өткір
заттармен жанаспауын бақылаңыз.
13. Жүздермен жұмыс жасағанда аса абай болыңыз – олар өте өткір.
14. Бұл құралды физикалық шектелген, сенсорлық немесе ақыл-есі кем және де
тәжірибесі мен құрал туралы білімі аз адамдарға(балаларды қосқанда) қолдануға
болмайды. Аталған санаттағы адамдарға құралды тек бақылау үстінде пайдалануға
болады.
15. Балалар құралды пайдаланғанда олар құралмен ойнап емес, мақсатты түрде
пайдаланып отырғанына көз жеткізу үшін үлкендердің бақылауында болулары керек.
БҰЛ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
Миксерді алғаш рет қолдану алдында осы құралдың барлық бөлшектерін мұқият
тазалаңыз.
ҚАЗАҚ