
51
KZ
қатаң сақтаңыз:
-
торлардың (2) тазалығын қадағалаңыз, кептір
-
гішті әр қолданғаннан кейін торларды (2) және
қақпақты (1) бейтарап жуғыш зат қосылған жылы
сумен жуып жіберіңіз, шайыңыз және құрғатыңыз.
-
өнімдерді кептіруге дайындамас бұрын қолыңы
-
зды жақсылап жуыңыз, егер сіздің қолыңызда
кесілген жер, жаралар болса немесе сіз тері
ауруларынан зардап шегіп жүрсеңіз, өнімдерге
қолыңызды тигізбеңіз, медициналық қолғапты
қолданыңыз.
-
өнімдердің дайындығын тексеру кезінде ша
-
нышқыны немесе басқа асүйлік аксессуарды
қолданыңыз, өнімдерге қолыңызды тигізбеңіз.
-
кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезінде жанында үй
жануарларының болмауын қадағалаңыз.
Жемістер мен көкөністерді таңдау
•
Тек піскен жемістер мен жаңа піскен көкөністерді
пайдаланыңыз, піспеген жемістерден кептіру кезінде
бөгде дәм шығуы мүмкін, пісуі асып кеткен жемістер
түсін өзгертуі мүмкін.
•
Көкөністерде қант пен қышқылдар азырақ,
сондықтан кептіруге бәрі бірдей қолайлы емес,
брокколи немесе спаржаны кептірмей, мұздатуға
кеңес беріледі.
•
Кептірілген жемістер мен көкөністер сәл жұмсақ
және ылғалсыз болуы керек, асыра кептірілген жемі
-
стер мен көкөністер жеңіл үгіледі және құрамында
құнарлы заттары аз болады.
Жемістер мен көкөністерді дайындау
•
Кептіру алдында жемістерді немесе көкөністерді
мұқият жуыңыз, және оларды құрғатыңыз.
•
Жемістердің сабақтарын, сүйектерін алып та
-
стаңыз, егер жемістерге балауыз жағылған болса,
оларды аршыңыз.
•
Егер көкөністердің қабығы қалың болса, оны кесіп
тастаңыз.
•
Жемістерді немесе көкөністерді тілімдерге немесе
текшелерге кесіңіз, жидектерді, мысалы, жүзімді
бүтіндей кептіріңіз.
Жемістерді алдын-ала өңдеу
•
Кейбір жемістер балауыз қабатымен жабылған,
балауызды кетіру үшін сіз қабығын аршыңыз не
-
месе жемісті 1 минут қайнаған суға салыңыз.
•
Жемістің табиғи түсін сақтау үшін лимон, апельсин
немесе лайм шырынын қолданыңыз. Кесілген
жемістердің бөліктерін шырынға 2-4 минутқа
батырыңыз, оларды шығарып алыңыз, құрғатыңыз
және кептіру үшін торларға (2) салыңыз.
•
Жемістердің дәмін күшейту үшін кептіріліп жатқан
жемістердің шырынын пайдаланыңыз (мысалы,
алма шырынын алма үшін). Шамамен 50-60 мл
шырынды 400 мл қайнаған суға араластырыңыз,
туралған жемістерді шырын ерітіндісіне баты
-
рыңыз, шамамен 1-2 сағатқа, жемістерді шығарып
алыңыз, құрғатыңыз және торларға (2) салыңыз.
Summary of Contents for BR1900
Page 2: ...СОДЕРЖАНИЕ EN 3 DE 16 RU 30 KZ 44 ...
Page 4: ...4 EN 8 5 6 7 Рис 1 Рис 2 ...
Page 17: ...17 DE 8 5 6 7 Рис 1 Рис 2 ...
Page 31: ...31 RU 8 5 6 7 Рис 1 Рис 2 ...
Page 45: ...45 KZ 8 5 6 7 Рис 1 Рис 2 ...
Page 58: ......
Page 60: ...brayer ru ...