220
kk
Қауіпсіздік шаралары
Bosch фирмасының жаңа бұйымын
сатып алғаныңызбен құттықтаймыз.
Біздің бұйымдарымыз туралы қосымша
мәліметтерді веб-сайтымызда таба
аласыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік шаралары ............................220
Қауіпсіздік жүйесі ..................................223
Жалпы мәліметтер ................................223
Жұмыс күйлері ......................................224
Қолдану..................................................224
Тазалау және күту .................................228
Сақтау ....................................................229
Ақаулықтар орын алған
жағдайдағы көмек .................................229
Қолдану мысалдары .............................230
Қоқысқа тастау ......................................231
Кепілдік шарттары ................................232
Қосалқы керек-жарақтар ......................232
Қауіпсіздік шаралары
Бұл бұйым үшін маңызды қауіпсіздік және қолдану нұсқауларын
алу үшін осы қолдану туралы нұсқаулығын толығымен мұқият
оқып шығыңыз. Бұйымды лайықты түрде қолдану туралы
нұсқауларға сай әрекет етілмегенде осы әрекеттерден шығатын
шығындар үшін өндіруші тарапынан кепілдік берілмейді.
Бұл бұйым тұрмыстық жағдайларда азық-түлік өнімдерінің
тұрмыстық көлемдерде немесе тұрмыстық жағдайларға
ұқсас бейкоммерциялық мақсаттарда өңдеу үшін арналған.
Тұрмыстық жағдайларға ұқсас қолдану қатарына, мысалы,
бұйымды дүкендер, кеңселер, ауылшаруашылық және басқа
коммерциялық өндірістердегі қызметкерлер асханаларында
қолдану немесе пансиондарда, шағын қонақ үйлерде немесе
осыларға ұқсас жерлерде қолдану жатады. Бұйымды тек
тұрмыстық көлемдер мен уақыттарда өңдеу үшін қолданыңыз.
Рұқсат етілген максималдық көлемдерден (
«Қолдану
мысалдары»
мақаласын қараңыз) асырмаңыз!
Бұл бұйым азық-түлік өнімдерін араластыру, илеу және қағуға
арналған. Оны басқа нәрселерді немесе заттарды өңдеу
үшін қолдануға болмайды. Өндіруші рұқсат еткен көмекші
құралдарды қолданған кезде көбірек әрекеттер орындауға
болады. Бұйымды тек қана түпнұсқалық көмекші құралдармен
бірге қолданыңыз. Көмекші құралдарды қолданған кезде
онымен бірге берілген қолдану туралы нұсқаулықты ұстаныңыз.
Қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Бұйымды
басқа адамдарға бергеніңізде онымен бірге қолдану туралы
нұсқаулықты да беріңіз.