Қазақ |
125
Бұл режимде, мысалы, радиаторлардың, еден
жылытқыштарының немесе тоңазытқыш ішінің
температурасын өлшеуге болады.
Жылылық көпірінің режимі (B суретін қараңыз)
Жылылық көпірінің режимінде беткі мен қоршаған орта
температурасы өлшенеді және бір-бірімен
салыстырылады. Екі температураның арасындағы
айырмашылық үлкен болған жағдайда, жылылық көпірі
(қараңыз „Жылылық көпірі“, Бет 126) туралы ескерту
беріледі.
Жылылық көпірінің режиміне
ауысу үшін жылылық көпірінің
режимі түймесін
(10)
басыңыз. Дисплейде растау
ретінде
(j)
индикаторы пайда
болады.
Өлшеу түймесін
(4)
басып, лазер шеңберін өлшеу
нысанының ортасына тігінен бағыттаңыз. Өлшеу әрекеті
аяқталғаннан кейін, өлшенген беткі температура
(l)
жолағында, ал өлшенген қоршаған орта
температурасы
(a)
жолағында көрсетіледі.
Өлшеу құралы мәндерді автоматты түрде салыстырып,
нәтижені келесідей түсіндіреді:
–
жасыл
сигналдық шам
(8)
: төмен температура
айырмашылығы, жылылық көпірі жоқ.
–
сары
сигналдық шам
(8)
: температура
айырмашылығы шектік диапазонда, өлшеу құралында
жылылық көпірі бар болуы мүмкін; қажет болса, өлшеу
әрекетін біраз уақыттан кейін қайталаңыз.
–
қызыл
сигналдық шам
(8)
: жыпылықтап тұрған
беткі
температура белгісі
(h)
өлшеу ауданындағы беткі
температураның қоршаған орта температурасынан
айтарлықтай өзгеше болғанын көрсетеді. Өлшеу
ауданында жылылық көпірі бар, бұл нашар
оқшаулаудың белгісі болып табылады. Қоршаған орта
температурасы төмен болғанда, оған қоса қоршаған
орта температурасы белгісі
(e)
жыпылықтайды. Бөлме
ішінде тым суық – ол қалыпты түрде жылытылса,
төмен температура жалпы бойынша нашар
оқшаулауды білдіреді.
Жылылық көпірі жағдайында осы аймақтағы
жылылықтың оқшаулануын, қажет болса, құрылыс
сарапшысының көмегімен тексеріп шығыңыз.
Зең туралы ескерту режимі (C суретін қараңыз)
Зең туралы ескерту режимінде қоршаған орта
температурасы және салыстырмалы ауа ылғалдылығы
(қараңыз „Салыстырмалы ауа ылғалдыдығы“, Бет 126)
өлшенеді. Екі мәннен еру нүктесінің температурасы
(қараңыз „Еру нүктесінің температурасы“, Бет 126)
есептеледі. Оған қоса беткі температура өлшенеді.
Еру нүктесінің температурасы беткі температурамен
салыстырылып, нәтиже зең басу қаупіне қатысты
түсіндіріледі.
Зең туралы ескерту режиміне
ауысу үшін зең туралы ескерту
режимі түймесін
(12)
басыңыз. Дисплейде растау
ретінде
(i)
индикаторы пайда
болады.
Өлшеу түймесін
(4)
басып, лазер шеңберін өлшеу
нысанының ортасына тігінен бағыттаңыз. Өлшеу әрекеті
аяқталғаннан кейін, өлшенген салыстырмалы ауа
ылғалдылығы
(b)
жолағында, өлшенген қоршаған орта
температурасы
(a)
жолағында, өлшенген еру нүктесінің
температурасы
(c)
жолағында және өлшенген беткі
температура
(l)
жолағында көрсетіледі.
Өлшеу құралы мәндерді автоматты түрде салыстырып,
нәтижені келесідей түсіндіреді:
–
жасыл
сигналдық шам
(8)
: ағымдағы шарттарда зең
басу қаупі жоқ.
–
сары
сигналдық шам
(8)
: мәндер шектік аймақта;
бөлме температурасына, жылылық көпіріне және ауа
ылғалдылығына назар аударып, қажет болса, өлшеу
әрекетін аз уақыттан кейін қайталаңыз.
–
қызыл
сигналдық шам
(8)
: асқын зең басу қаупі бар,
себебі ауа ылғалдылығы тым жоғары немесе беткі
температура еру нүктесі температурасының
диапазонына жақын тұр. Жыпылықтап тұрған
салыстырмалы ылғалдылық белгісі
(d)
бөлмедегі
тым жоғары ауа ылғалдылығын, жыпылықтап тұрған
қоршаған орта температурасы белгісі
(e)
тым төмен
бөлме температурасын, жыпылықтап тұрған
беткі
температура белгісі
(h)
жылылық көпірін білдіреді.
Зең басу қаупі туындаған кезде, себебіне байланысты ауа
ылғалдылығын жиі және мұқият желдету арқылы
төмендетуге, бөлме температурасын көтеруге немесе
жылылық көпірін кетіруге болады. Қажет болса, құрылыс
сарапшысына хабарласыңыз.
Нұсқау:
өлшеу құралының көмегімен зең спораларын
анықтау мүмкін емес. Бұл шарттар өзгермеген жағдайда
зең баса алатындығын ғана білдіреді.
Қателер – себептері және шешімдері
Дисплейде төмендегі барлық қате туралы хабарлармен
бірге қызыл түсті сигналдық шам
(8)
жанады.
Өлшеу құралының температурасы бейімделмеген
Өлшеу құралы қатты
температура өзгерістеріне тап
болып, бейімделуге жеткілікті
уақыт болмаған.
Өлшеу құралы 5 секундтан кейін автоматты түрде өшеді.
Өлшеу құралы ағымдағы температураға бейімделгенше,
шамамен 10–30 минут күтіңіз. Өлшеу құралы бөлмеде
жүйелі түрде жылжытылса, температураны бейімдеу
әрекеті жиірек орындалады.
Bosch Power Tools
1 609 92A 4NX | (20.04.2021)