126
БЕКІТУ НҰСҚАУЛАРЫ
Байлауыш
В:1 Қақпақтарды сыртқа сырғытып, қабықша үстін сыртқа
еңкейтсеңіз, кабель байлауыш сыртында болуы қажет.
В:2 Доғаны орнында ұстап тұрып табақшаларды жоғары
немесе төмен жылжыту арқылы олардың биіктігін реттеңіз.
В:3 Байлауыш көрсетілгендей бас үстіне орналастырылуы
керек және гарнитура салмағын көтеруі керек.
Мойын жолағы
Мойын жолағы
B:4 Тостағандарды құлақтардың үстіңгі жағына қойыңыз.
B:4 Тостағандарды құлақтардың үстіңгі жағына қойыңыз.
B:5 Қақпақтарды орнында ұстап, бас бауын бас үстіне
B:5 Қақпақтарды орнында ұстап, бас бауын бас үстіне
қойып, орнына берік бекітіңіз.
қойып, орнына берік бекітіңіз.
В:6 Бас бауы бас үстіне орналастырылуы керек және
В:6 Бас бауы бас үстіне орналастырылуы керек және
гарнитура салмағын көтеруі керек.
гарнитура салмағын көтеруі керек.
Шлем тіркемесі
B:7 Шлем тіркемесін каска ұясына салып, орнына (В:8)
сырғытыңыз.
В:9 Жұмыс режимі: Байлауыш сымдарын екі жағынан
дыбыс естілгенше ішке басыңыз. Стакандар мен байлауыш
сымдары жұмыс режимінде шлемі шетін баспайтынын
тексеріңіз, себебі бұл құлаққаптың шуды төмендету
мүмкіндігін азайтуы мүмкін.
В:10 Желдету режимі: Құрылғыны жұмыс режимінен
желдету режиміне ауыстыру үшін дыбыс естілгенше
құлаққаптарды сыртқа тартыңыз. Қақпақтарды шлемге
(В:11) қарсы қоймаңыз, себебі бұл желдетуге кедергі
келтіреді.
Микрофон
(C:1) (C:2) Шуды басу тиімділігін сақтау үшін, сөйлеу
микрофонын аузыңызға жақын ұстаңыз (3 мм).
Шлем тіркемесі тақтасын ауыстыру
Әр түрлі өндірістік қауіпсіздік шлемдерін дұрыс бекіту үшін,
шлем тіркемесінің тақтасын ауыстыру керек. L кестесінен
ұсынылған тіркемені табыңыз. Басқа тақталарды дилерден
сатып алуға болады. Бұрағыш қажет.
(Е:1) Тақтаны ұстап тұрған бұранданы босатыңыз.
(Е:2) Тақтаны ауыстырып, тақтаның дұрыс бұралғанын
тексеріп, бұранданы бекемдеңіз.
1. ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
1:1 Батареяларды ауыстыру/зарядтау
(1-сурет)
Батарея бөліміне қайта зарядталатын батареяны (ACK081)
салыңыз. Қысқышты төмен басыңыз.
Төмен батарея деңгейі дыбыстық хабар арқылы
көрсетіледі: «Battery low» (Батарея заряды төмен) әрбір бес
минут сайын қайталанады. Батареялар ауыстырылмайтын
болса, нәтижесінде «Battery empty» (Батарея таусылды)
ескертуі беріледі. Одан кейін құрылғы автоматты түрде
өшіріледі.
ЕСКЕРТПЕ:
Өнімде келесі батареяны пайдаланыңыз:
3M™ PELTOR™ ACK081 құралы 3M™ PELTOR™ FR08
(қуат көзі) көзіне қосылған 3M™ PELTOR™ AL2AI кабелімен
зарядталады.
ЕСКЕРТПЕ:
Батареялар төмен болғандықтан, құрылғы
тиімділігі нашарлауы мүмкін.
Батареяларды зарядтау
Гарнитураны өшіріңіз. Қысқыштың шетіне доғал құралды
салыңыз. Батареяны алып, оны бөлек зарядтаңыз немесе
батареяны орнында қалдырып, оны есту протекторында
зарядтаңыз.
1:2 Жұмыс істеу уақыты
Толық зарядталған ACK081 батареясымен (1800 мА/сағ)
жуықталған жұмыс істеу уақыты:
WS™ LiteCom Plus: Шамамен 18 сағат.
LiteCom Plus: Шамамен 20 сағат.
ЕСКЕРТПЕ:
Ортаға, температура және батареяға байланысты жұмыс
уақыты өзгешеленуі мүмкін.
1:3 Гарнитураны қосу және өшіру
(2-сур.)
Гарнитураны қосу немесе өшіру үшін, Қосу/Өшіру/Режим
түймесін (F:10)
2 секунд
басып тұрыңыз. «Power on»
(Қосылды) немесе «Power off» (Өшірілді) дыбысты хабары
арқылы құрылғының қосылғаны не өшірілгені расталады.
ЕСКЕРТПЕ:
Функциялар төрт сағаттан астам
пайдаланылмаған кезде гарнитура автоматты түрде өшеді.
Ол «Automatic power off» (Автоматты түрде өшу) дыбысты
хабарымен көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ:
Гарнитура өшірілген кезде әрқашан соңғы рет
орнатылған параметр сақталады.
1:4 дыбыс деңгейін реттеу
(3-сурет)
Дыбыс деңгейін реттеу үшін [+] және [–] түймелерін
қолданыңыз. Әдепкі бойынша, [+] және [–] түймелері
төмендегі кез келген белсенді дыбыс көзінің дыбыс
деңгейін басқарады: рация, Bluetooth
®
байланысы немесе
айналадағы дыбыс. Рация сигналын қабылдаған не
жіберген кезде, [+] және [–] түймелері рацияның дыбыс
деңгейін басқарады.
*Bluetooth
®
құрылғысы іске қосулы болса, [+] және [–]
түймелері Bluetooth
®
дыбыс ойнату функциясын басқарады.
Барлық басқа жағдайларда, [+] және [–] түймелері
айналадағы дыбыстың деңгейін басқарады. Тиісті дыбыс
деңгейлерін мәзірде де реттеуге болады.
1:5 Радиотолқын арқылы тасымалдау
VOX (Дауыспен басқарылатын тарату)
Микрофондағы дыбыс деңгейі VOX деңгейінен жоғары
болған кезде, автоматты тарату мүмкіндігін іске қосады.
KZ
* Тек WS™ (Bluetooth
®
) үлгілерінде