![3M MT73H7 4D10EU Series Manual Download Page 148](http://html1.mh-extra.com/html/3m/mt73h7-4d10eu-series/mt73h7-4d10eu-series_manual_442777148.webp)
140
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС: VOX функциясын іске қосу
немесе ажырату үшін, PTT түймесін екі рет
басыңыз.
Шуды басу тиімділігін сақтау үшін, сөйлеу
микрофонын аузыңызға жақын ұстаңыз (3 мм
немесе 1/8 дюймнен аз).
Аналогтық рация
Аналогтық рация технологиясында
гарнитураның ретранслятор жүйесінде
байланысқа қосыла алатынын тексеру үшін
сигнал қабылдауға және жіберуге арналған әр
түрлі жиіліктерді орнату мүмкіндігі бар.
Гарнитура FM модуляциясын және ішкі
арналарды қолдайды CTCSS (1 – 38) және DCS
(39 – 121) үндері.
DMR технологиясы
DMR үш түрлі байланыс режимдерінен тұрады:
барлығына қоңырау шалу, топқа қоңырау шалу
және жеке қоңырау шалу. Барлығына қоңырау
шалу режимі арқылы бір жиіліктегі және түс
кодындағы барлық DMR гарнитураларымен
байланысуға болады. Топқа қоңырау
шалу режимі арқылы бір жиіліктегі,
тиісті түс кодындағы және тиісті топ
идентификаторындағы барлық
гарнитураларымен байланысуға болады.
Жеке қоңырау шалу режимі арқылы бір
жиіліктегі, тиісті түс кодындағы және т
иісті радио идентификаторындағы барлық
гарнитураларымен байланысуға болады.
Бұл гарнитура DMR стандартына қолдау
көрсетеді (1-деңгей және 2-деңгей) және
барлығына қоңырау шалу немесе топқа қоңырау
шалу мүмкіндігін береді. Бұл гарнитура «түсті
кодтар» (0 – 15) деп аталатын сандық қосалқы
үндерді де қолдайды.
Сандық рацияда сигналды қабылдау және
тарату үшін әр түрлі жиіліктерді орнату мүмкіндігі
бар. Бұл ретранслятор жүйесімен байланысуды
мүмкін етеді.
Bluetooth
®
Multipoint технологиясы
Бұл құлаққап Bluetooth
®
Multipoint технологиясына
қолдау көрсетеді. Құлаққабыңызды бір уақытта
екі Bluetooth
®
құрылғысына жалғау үшін,
Bluetooth
®
Multipoint технологиясын
пайдаланыңыз. Қосылған Bluetooth
®
құрылғылары мен олардың ағымдағы
әрекеттеріне байланысты құлаққап Bluetooth
®
құрылғыларын түрлі жолдармен басқарады.
Құлаққап қосылған Bluetooth
®
құрылғыларының
әрекеттерінің басымдықтарын анықтайды және
үйлестіреді.
Bluetooth
®
құрылғысын жұптастыру
Гарнитура іске қосылғанда ешбір құрылғы
жұптастырылмаған кезде жұптастыру режиміне
кіру үшін, сол жақ тостағаншадағы Bluetooth
®
түймесін басыңыз. Растау үшін «Bluetooth
®
pairing on» (Bluetooth
®
жұптастырылуда)
дауысты хабары естіледі.
Bluetooth
®
құрылғысында Bluetooth
®
байланысының іске қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғыларды сканерлеңіз және «WS LiteCom
Pro III гарнитурасы» опциясын таңдаңыз.
Жұптастырудың аяқталғанын «Pairing complete»
(Жұптастыру аяқталды) дауыстық хабары
растайды.
Гарнитураны екі Bluetooth
®
құрылғысымен
жұптастыруға және бір уақытта екі құрылғыға
жалғауға болады.
Екінші құрылғыны Bluetooth
®
жұптастыру
функциясы арқылы жұптастыру мақсатында
мәзірге кіру үшін, Қосу/Өшіру/Режим түймесін
басып қалыңыз. Мәзір арқылы жылжу үшін Қосу/
Өшіру/Режим түймесін пайдаланыңыз,
параметрдің орнатылғанын «Bluetooth
®
pairing»
(Bluetooth
®
жұптастырылуда) дауысты хабары
растайды. Гарнитураны жұптастыру режиміне
орнату үшін [+] түймесін басыңыз. Жұптастыру
режимінен шығу үшін [–] түймесін басыңыз.
Bluetooth
®
құрылғысында Bluetooth
®
байланысының
іске қосылғанын тексеріңіз. Құрылғыларды
сканерлеңіз және «WS LiteCom Pro III
гарнитурасы» опциясын таңдаңыз. Жұптастырудың
аяқталғанын «Pairing complete» (Жұптастыру
аяқталды) дауыстық хабары растайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі бойынша, Bluetooth
®
байланысы арқылы телефон қоңырауын шалу
кезінде радионың VOX функциясы өшіріледі.
Қоңырау аяқталған оң, VOX автоматты түрде
қайта іске қосылады. Телефон қоңырауы
барысында рация арқылы хабар жіберу үшін,
PTT түймесін басыңыз. Телефон арқылы
қоңырау шалу кезінде PTT түймесі басылса,
дауыс тек рация байланысы арқылы ғана
беріледі. Телефон арқылы қоңырау шалу кезінде
VOX функциясын белсендіру үшін, PTT түймесін
екі рет басыңыз. Дауысыңыз рацияда да,
телефон қоңырауында да естіледі.
KZ