![3M 10V User Instructions Download Page 42](http://html1.mh-extra.com/html/3m/10v/10v_user-instructions_443116042.webp)
38
БЕКІТУ
3M Welding Helmet 10V Еуропалық директиваның
10-бабына негізінделген Негізгі қауіпсіздік талаптарына
сәйкес болу үшін көрсетіліп, ЕК белгісімен белгіленген.
Бұл өнім үйлесімді EN 175, EN 166 және EN 379
Еуропалық стандарттарына сәйкес келеді. DIN Certco
Prüf- und Zertifierungszentrum өнімді жобалау кезеңінде
сынақтан өткізді (уәкілетті орган № 0196).
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША
ШЕКТЕУЛЕР
Осы пайдаланушы нұсқаулығында тізілген 3M™
белгісі бар бөліктермен және құрал-жабдықтармен,
сондай-ақ, Техникалық сипаттамада көрсетілген
пайдалану жағдайларында ғана қолданыңыз.
Осы нұсқаулықта жоқ айырбастау бөліктер,
жабыстырмалар, бояулар немесе басқа өзгерістер
қорғау мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін және кепілдік
бойынша шағымдарды жарамсыз етуге немесе
қорғаныс дәрежесі мен бекітуіне сәйкес келмейтіндей
етуге әкелуі мүмкін.
Қорғаныш көзілдірікті стандартты офтальмологиялық
көзілдірік үстінен кию адамға қауіп төндіретіндей әсер
етуі мүмкін.
Пісіруге арналған шлем ерітілген металлдың түсу
салдарынан күйіп қалу тәуекеліне байланысты
жоғарыда
пісіруге / кесу жұмыстарына арналмаған.
Балқыған металдың түсуінен күю қаупі туатындықтан,
қорғаныс дулығасы бастан жоғары дәнекерлеу/кесу
жұмыстарын жасауға жарамайды.
Терімен байланыста болатын материалдардың
көпшілік
адамдардың аллергиялық реакциясын
туғызатыны белгісіз. Бұл өнімдердің құрамында
табиғи резеңке латекстен жасалған құрамдастар жоқ.
БЕЛГІЛЕР
Пісіру сүзгісі көлеңке ауқымымен және оптикалық
классификациямен белгіленген.
Төменде мысал келтірілген (EN 379):
3 / 8-12 3M 1 / 2 / 2 / 2 / EN379 CE
Жарық көлеңке
Күңгірт көлеңке(лер)
Өндірушінің куәлігі
Оптикалық класы
Жарық класс диффузиясы
Жарқырауық өткізу класының өзгеруі
Бұрышқа тәуелділік класы
Куәлік белгісі немесе стандарт нөмірі
Ескертпе!
Жоғарыда келтірілген мысал болып
табылады. Жарамды классификация пісіру сүзгісінде
белгіленеді.
3M 1FT (EN166 оптикалық класс 1, экстремалды
температура жағдайында төмен қуат әсері (-5°C and
+55°C) FT)
3M EN175F (стандарт № EN 175, төмен қуат әсері F)
3M S (артылған беріктігі S)
Басқа стандарттар негізіндегі өнімнің қосымша белгіле
рі.
= Пайдаланбас бұрын нұсқаулықты оқып шығыңыз
= Электрлі және электрондық қалдықтарға қойылатын
талаптарға сәйкес жойылуға жатады
ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ДАЙЫНДАУ
Өнімнің толық (А:1 суретін қараңыз), зақымдалмағанын
және дұрыс жиналғанын мұқият тексеріп алыңыз, кез
келген зақымдалған не бұзылған бөлік қолдану алдында
ауыстырылуы керек.
Қолдану алдында толық 3M Welding Helmet 10V
мұқият тексеріп алыңыз. Шлемде жарықтар мен
тесіктердің бар-жоғын тексеріңіз. Жарықтары бар
немесе сынық сүзгі шынысы немесе қорғаныш
пластиналар көру мүмкіндігін төмендетеді әрі
қорғанысты әбден бұзуы мүмкін. Барлық зақымдалған
бөліктер бірден ауыстырылуы тиіс. Қолдану алдында
кез келген қорғаныш қабықшаны алып тастап,
пісіру сүзгісінің сыртқы / ішкі қорғаныш / жапқыш
пластинамен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
Пісіру шлемі қызуға шыдамды, бірақ ашық от немесе
ыстық бетпен байланыста болғанда жанып кетуі не
еруі мүмкін. Тәуекелді төмендету үшін қорғаныш
құрылғыны таза ұстаңыз.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Пісіру шлемін қолайлылық пен қорғаныс мақсатында
жеке талаптарыңызға сай баптаңыз (В:1-В:2 суреттерін
қараңыз). көлеңке нөмірін кестеден таңдауға болады
(Н:1 суретін қараңыз).
Пісіру сүзгісін іске қосу үшін
/SHADE түймесін
басыңыз.
Дәнекерлеу сүзгісі автоматты түрде әрекетсіз 1 сағат
өткеннен кейін OFF күйіне өтеді.
КӨЛЕҢКЕ
Басқа Көлеңке нөмірін таңдау үшін, /SHADE түймесін
бірнеше рет басыңыз.
СЕЗІМДІЛІКТІ РЕТТЕУ
Күй -
Қалыпты күй. Көбінесе іште және сыртта
пісіру жұмыстары үшін арналған
Күй +
Төмен қуатқа немесе тұрақты пісіру
доғасына арналған күй (мыс., TIG пісіру)
ҚОЛДАНУ БАРЫСЫНДА
Б
атареяның төмен деңгейін көрсететін индикатор
жыпылықтағанда не түймелерді басқанда индикаторлар
өшіп тұрғанда батареяларды ауыстыру кере
к
.
Пісіру сүзгісіндегі сенсорлар (A:2 суретін қараңыз) таза
болуы әрі дұрыс жұмыс істеу үшін әрдайым ештеңемен
жабылмауы.
ТАЗАЛАУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Пісіру сүзгісі мен қорғаныш / жапқыш пластиналарды
түксіз шүберекпен не жай шүберекпен тазалаңыз.
Пісіру шлемін жууға арналған заттармен және сумен
тазалаңыз.
Өнімнің зақымдалуын алдын алу үшін тазалауға
арналған
еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
Суда
ұзақ ұстамаңыз немесе сұйықтығы бар спрейді
шашыратпаңыз.
ЖӨНДЕУ
Ауыстырылатындар:
• сыртқы қорғаныш пластина. (C:1) суретін қараңыз
• ішкі жапқыш пластина (D:1-D:2) суретін қараңыз
• пісіру сүзгісі (E:1) суретін қараңыз
• батареялар (F:1) суретін қараңыз
• басқа тағу бауы (G:1) суретін қараңыз
Пайдаланылған батареялар / тозған өнім бөліктері
жергілікті ережелерге сай пайдаға асырылуы тиіс.
Summary of Contents for 10V
Page 4: ......
Page 52: ...48 ...
Page 53: ...49 ...
Page 54: ...50 B 1 A 2 A 1 ...
Page 55: ...51 B 2 C 1 ...
Page 56: ...52 D 1 D 2 ...
Page 57: ...53 ...
Page 58: ...54 F 1 G 1 ...