24
ҚазаҚша
температурасында 3 сағаттан кем емес уақыт
ұстаған жөн.
• Үтікті қораптан шығарып алыңыз, табанында (9)
қорғаныс қабаты болса, оны алып тастаңыз.
• Үтіктің табанын құрғақ матамен сүртіңіз.
• Үтікті электрлік желіге қосқан кезде қоректнедіру
кернеуінің ауыстырғышын (8) электрлік желідегі
кернеуге сәйкес күйге белгілеңіз. Үтікті желінің «110 В»
кернеуі кезінде пайдаланып болғаннан кейін әрқашан
ауыстырғышты (8) «220 В» күйіне белгілеңіз, бұл
үтікті жоғары кернеуі бар электрлік желіге қосқан
кезде үтіктің істен шығуына жол бермейді (сур.1).
• Сауытта судың қалдықтары болуы мүмкін – бұл
қалыпты құбылыс, себебі өндірісіте үтік сапа
қадағалауынан өтеді.
СУҒА АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ТОЛТЫРУ
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Қолсапты (1) көтеріңіз және бекітіледі. Қолсапты (1)
түсіру үшін, алдымен «PUSH» батырмасын (7) басу
қажет, және содан кейін ғана қолсапты түсіру керек.
• Температура реттегішін (11) «MIN» күйіне, ал
тұрақты бу беру тұтқасын (12) « » (бу беру
сөндірілген) күйіне белгілеңіз.
• Құятын саңылаудың қақпағын (3) ашыңыз.
• Қақпақтан қатты тартпаңыз, шамалы күш салу қажет.
• Суды құюға арналған ыдысты (13) пайдаланып,
суды құйыңыз, содан кейін қақпақты (3) тығыз
жабыңыз.
Ескерту:
• Егер сауытта су болмаса, бу беру жүзеге аспайды.
• Егер үтіктеу кезінде суды толтыру керек болса,
онда үтікті сөндіріңіз де, желілік бау айыртетігін
электр ашалығынан суырыңыз.
• Суға арналған сауытқа хош иістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке суын, крахмал ерітіндісін,
қақты жоюға арналған реагенттерді, химиялық
заттарды және т.с.с. құюға тыйым салынады.
• Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз, желілік
бау айыртетігін электр ашалығынан суырыңыз,
оның толық салқындауын күтіңіз, одан кейін
құятын саңылаудың қақпағын (3) ашыңыз, үтікті
төңкеріңіз және қалған суды төгіңіз.
IM VT-8303_70x130.indd 24
24.01.2017 17:13:44