14
ҚАЗАҚША
ЕТТІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
•
Еттартқыш бастиегін бекітетін түймені (5)
басып, ұстап тұрыңыз, еттартқыш басын (3)
орнататын орынға (4) қойыңыз және еттартқыш
бастиегін (3) тірелгенге дейін сағат тіліне кері
бұраңыз, түймені (5) жіберіңіз (1, 2-суреттер).
•
Иірмекті (8) еттартқыш бастиегінің корпусына
(3) орнатыңыз (3-сурет).
•
Айқаспалы пышақты (9) орнатыңыз (4-сурет).
•
Бір қажетті торды (10, 11 немесе 12) таңдаңыз
және оны пышақтың үстіне (9) орнатыңыз,
ол үшін тордағы дөңестер мен еттартқыш
бастиегінің (3) корпусындағы ойықтарды
сәйкестендіріп орнату керек, сомынды (13)
қатайтыңыз (5, 6-суреттер).
Назар аударыңыз!
–
Пышақты (9) торға кесетін жағымен
орнатыңыз. Егер пышақ (9) дұрыс
орнатылмаған болса, ол тарту қызметін
атқармайды.
–
Ірілеу тесіктері бар торлар (11 немесе 12)
шикі етті, көкөністерді, кепкен жемістерді,
ірімшікті, балықты және т.б. тартуға
қолайлы.
–
Ұсақ тесіктері бар тор (10) шикі, сонымен
қатар дайын етті, балықты және т.с.с.
өңдеуге жарамды.
•
Еттартқыш бастиегінің мойнына (3) өнімдерге
арналған науаны (2) орнатыңыз.
•
Желілік бау айырын розеткаға салыңыз.
•
Ауыстырғышты (7) «ON» күйіне белгілеп,
еттартқышты қосыңыз.
•
Жұмыс істеу кезінде тек итергішті (1)
пайдаланыңыз (7-сурет).
Ескерту:
–
Етті өңдеу процесін жақсарту үшін оны
жолақша немесе куб тәрізді етіп тураңыз.
Мұздатылған етті толық еріту керек.
–
Жинаққа кіретін итергішті жұмыс істеу (1)
уақытында пайдаланыңыз; етті итеруге
қандай да бір заттарды пайдалануға тыйым
салынады, ешбір жағдайда етті қолмен
итермеңіз.
•
Жұмыс істеп біткеннен кейін, ауыстырғышты
(7) «0» күйіне белгілеп, еттартқышты сөндіріңіз
және оны желіден ажыратыңыз, және содан
кейін ғана оны бөлшектеуге кірісіңіз.
•
Еттартқыш бастиегін (3) шешу үшін бекіткіш
(5) батырмасын басыңыз, еттартқыш бастиегін
(3) сағат тілі бойынша бұраңыз және оны
шешіңіз.
•
Еттартқыш бастиегін бөлшектеу үшін
бұранданы (13) бұрап алыңыз және еттартқыш
бастиегінің корпусынан орнатылған торшаны
(10, 11 немесе 12), пышақты (9) және шнекті
(8) алып шығыңыз.
Шұжықшаларды толтыру
–
Тартылған етті дайындаңыз.
–
Еттартқыш бастиегін бекітетін батырманы
(5) басыңыз және басып ұстап тұрыңыз,
еттартқыш бастиегін (3) орнататын орынға
(4) қойыңыз және еттартқыш бастиегін (3)
тірелгенге дейін сағат тіліне кері бұраңыз,
батырманы (5) жіберіңіз (сур. 1, 2).
–
Иірмекті (8) еттартқыш бастиегінің корпусына
(3) орнатыңыз (сур. 3).
–
Айқаспалы пышақты (9) орнатыңыз (сур. 4).
–
Бір қажетті торды (10, 11 немесе 12) таңдаңыз
және оны пышақтың үстіне (9) (сур. 5)
орнатыңыз, ол үшін тордағы дөңестер мен
еттартқыш бастиегінің (3) корпусындағы
ойықтарды сәйкестендіріп орнату керек,
сомынды (13) қатайтып тартыңыз (сур. 6).
–
Өнімдерге
арналған
астаушаны
(2)
орнатыңыз.
–
Әзірленген тартылған етті өнімдерге арналған
астаушаға (2) салыңыз.
–
Шұжықшаларды әзірлеу үшін табиғи қабықты
пайдаланыңыз, оны алдын-ала жылы суы бар
ыдысқа 10 минутқа салып қойыңыз.
–
Жұмсартылған қабықты қондырмаға (14)
кигізіңіз және қабықтың аяқ жағын түйіп
байлаңыз (сур. 1).
–
Желі ашасын электр розеткаға салыңыз.
–
Еттартқышты ауыстырғыш батырмасын (7)
«ON» (қосулы) басып қосыңыз.
–
Дайын тартылған етті итеру үшін итергішті
(1) пайдаланыңыз, қабық толған сайын оны
таңдалған қондырмадан (14) жылжытып
отырыңыз, қабық кепкен сайын оны сумен
жібітіңіз.
–
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, ауыстырғыш
батырмасын (7) «OFF» (сөндірулі) басып
еттартқышты өшіріңіз, және оны электр
желісінен ажыратыңыз, тек осыдан кейін ғана
оны бөлшектеуге кірісіңіз.
–
Еттартқыш бастиегін (3) шешу үшін бекіткіш
батырмасын (5) басыңыз, еттартқыш бастиегін
(3) сағат тілі бойынша бұраңыз және оны
шешіп алыңыз.
–
Еттартқыш бастиегін бөлшектеу үшін сомынды
(13) бұрап шешіп алыңыз және еттартқыш
бастиегінің корпусынан орнатылған торды (10,
11 немесе 12), айқаспалы пышақты (9) және
иірмекті (8) шығарып алыңыз.
«Кеббе» қондырмасын пайдалану
Кеббе – қозы етінен, астық ұнынан және
дәмдеуіштерден дайынадалатын дәстүрлі жақын
шығыстағы тағам, олар қуыс түтіктердің негізін
жасау үшін бірге туралады. Түтікшелер салмамен
толтырылады және фритюрде қуырылады.