
20
ҚазаҚша
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Кофеқайнатқыштың жұмысы тиімді болу
үшін 2-3 ай сайын, ал егер су «кермек»
пайдаланылатын болса, одан да жиі, қағын
кетіріп тұру ұсынылады.
1.
Барлық басқару батырмалары (15, 17, 19)
сөнген күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.
Буды беру жабық екеніне көз жеткізіңіз,
ол үшін «OFF--- +» тұтқасын (4) сағат тілі
бойынша «OFF» тіреуіне дейін бұраңыз.
3.
Лимон қышқылының ерітіндісін әзірлеңіз:
2 екі шай қасық лимон қышқылын 1 литр
суға қосыңыз және жасалған ерітіндіні
суға арналған сыйымдылыққа (3) құйыңыз.
Сыйымдылықты (3) орнына орнатыңыз.
4.
Кофеге арналған сүзгіні (11) ұстағышқа (12)
енгізіңіз.
5.
Сүзгі ұстағышын (12) кофеқайнатқышқа
орнатыңыз. Ұстағыштың шығыңқылары
(12) бойлердің « » паздарына сәйкес
келуі керек, содан кейін сүзгі ұстағышының
тұтқасын (14) тірелгенге « » дейін оңға
қарай бұраңыз.
6.
Сәйкес шыныаяқты табандық (8) торына
(9) қойыңыз.
7.
Желі бауының ашасын розеткаға салыңыз.
8.
Кофеқайнатқышты іске қосу/сөндіру (15)
батырмасын « » басу арқылы қосыңыз,
сол кезде индикатор (16) «І» жанады.
9.
Батырманы (17) « » басыңыз және көлемі
шамамен 100 мл болатын шыныаяқты суға
толтырыңыз (ол бойлердегі суды жою үшін
және оған лимон қышқылының ерітіндісін
толтыруға қажет болады), су жіберуді
тоқтатыңыз , ол үшін батырманы (17) « »
тағы бір рет басыңыз.
10.
Индикатор (18) «Ok» жанғанша күтіңіз,
содан кейін су жіберуді батырманы
(17) « » басып қосыңыз және көлемі
шамамен 100 мл болатын шыныаяқты
толтырыңыз, су жіберуді тоқтату үшін
батырманы (17) « » қайта басыңыз, суды
шыныаяқтан құйып алыңыз.
11.
Біраз уақыттан кейін 10 тармақта
көрсетілген үрдісті қайталаңыз да, көлемі
шамамен 100 мл болатын шыныаяқты
қайта толтырыңыз.
12.
Бу жіберу батырмасын (19) « » басыңыз,
индикатор (18) «Ok» жанғанын күтіңіз.
Каппучинатор - түтікшенің астына (7)
лайықты ыдысты қойып, бу жіберуді
ашыңқыраңыз, ол үшін реттегіш тұтқасын
(4) «OFF--- +» сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Абайлылықты сақтай отырып, тұтқаны (4)
«OFF--- +» будың максималды шығу күйіне
бұраңыз, шамамен 1 минут бу шығарыңыз,
тұтқаны (4) «OFF--- +» сағат тілі бойынша
«OFF» тіреуіне дейін бұрап, буды жабыңыз,
батырмасын (19) басу арқылы бу беруді
өшіріңіз.
13.
Қосу/сөндіру (15) « » батырмасын басу
арқылы
кофеқайнатқышты
өшіріңіз.
10-15 минут күтіңіз.
14.
10 және 11 тармақтарын кемінде 3 рет
орындаңыз.
15.
12 тармақта көрсетілген бу шығару
каналдарын тазартуды қайталаңыз.
16.
Арасына аз уақыт салып, бойлерді тазалау
үдерісін сыйымдылықтағы (3) лимон
қышқылының ерітіндісі толық біткенше
қайталаңыз (10 тармақ).
17.
Қосу/сөндіру (15) « » батырмасын басу
арқылы кофеқайнатқышты қосыңыз.
18.
Сыймдылыққа (3) максималды деңгейге
дейін таза су толтырыңыз және 10, 12
тармақтарын кем дегенде 3 рет, арасына
10-15 минут үзіліс салмай, қайталаңыз.
19.
Қосу/сөндіру (15) « » батырмасын басу
арқылы кофеқайнатқышты қосыңыз.
Ескертпе:
–
Қақты кетіру үшін кофеқайнатқыштар
мен кофе машиналардағы қақты кетіруге
арналған арнайы құралдарды оларды
пайдалану нұсқаулығын қатаң сақтай
отырып, қолдануға болады.
ТАЗАЛАУ
–
Сүзгіні (11) тазалау: сүзгіні ыдыс жуғыш
машинада жууға болады. Егер саңылаулары
ұсақталған кофенің шөгінділерімен бітеліп
қалса, сіз оларды кішкене қылшақтармен
тазалай аласыз.
–
Кофеқайнатқыш корпусын (5) жұмсақ,
дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін
құрғатып сүртіңіз. Метал қылшақтарды
және қажайтын тазалағыш құралдар мен
еріткіштерді қолданбаңыз.
–
Кофеқайнатқыш корпусын (5), желі бауын
және желі бауының ашасын суға немесе
кез-келген басқа сұйықтықтарға батыруға
тыйым салынады.
–
Кофеқайнатқыштың шешілмелі бөлшектерін
(3, 11,12, 20) бейтарап жуу құралы бар жылы
сумен жуыңыз, шайыңыз және кептіріңіз.
IM VT-1504.indd 20
31.05.2019 14:27:45
Содержание VT-1504
Страница 1: ...1 VT 1504 3 9 16 23 Coffee maker 29 IM VT 1504 indd 1 31 05 2019 14 27 42...
Страница 2: ...IM VT 1504 indd 2 31 05 2019 14 27 43...
Страница 10: ...10 www vitek ru 50 60 15 17 19 4 OFF OFF 3 11 12 20 3 MAX 11 12 12 14 IM VT 1504 indd 10 31 05 2019 14 27 44...
Страница 21: ...21 8 8 10 8 9 9 8 8 9 8 8 9 18 4 6 1 1 1 1 1 220 240 50 60 850 1 6 3 IM VT 1504 indd 21 31 05 2019 14 27 45...
Страница 22: ...22 info vitek ru 3 i i i i i i i i i i i i IM VT 1504 indd 22 31 05 2019 14 27 45...
Страница 34: ...34 8 8 8 9 10 9 8 8 9 8 8 9 18 46 1 1 1 1 1 220 240 50 60 850 1 6 3 IM VT 1504 indd 34 31 05 2019 14 27 46...
Страница 35: ...35 info vitek ru 3 IM VT 1504 indd 35 31 05 2019 14 27 46...