KAZAKH
KAZAKH
30
31
ЭЛЕКТРЛІК ЖЫЛДАМ ҚАЙНАТАТЫН-ЫСТАЙТЫН АСПАБЫ
USP-1210S
Сізге UNIT фирмасының бұйымын сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Назар аударыңыз! UNIT фирмасының бұйымын сатып алған кезде, Сіз сатушыдан
толтырылған кепілдеме талонын алуыңыз керек. Тек ол болған жағдайда
ғана, Сіз UNIT тұрмыстық техникасының барлық сервистік орталықтарында
өндірушінің кепілдемесін пайдалана аласыз.
АСПАПТЫ ҚОЛДАНУДЫ БАСТАМАС БҰРЫН БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ
ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
АСПАПТЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ
Аспап қысыммен әртүрлі тағамдарды даярлау үшін арналған.
ЖЫЛДАМ ҚАЙНАТАТЫН АСПАП РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
МАЗМҰНЫ
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.........................................................................................30
ҚҰРАЛДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ.................................................................................33
ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ..................................................................................................35
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ.................................................................................................37
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ.........................................................................................................37
ҚАҚПАҚТЫ ЖАЛҒАУ ЖӘНЕ АЖЫРАТУ.................................................................................45
БУДА ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН ТОРДЫ ПАЙДАЛАНУ...................................................................45
СУЫТУ ЖҮЙЕСІ......................................................................................................................46
ТАЗАЛАУ................................................................................................................................................46
ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУЫНДАУЫНЫҢ
ЫҚТИМАЛ.............................................................................................................................47
НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР...............................................................................47
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құралды пайдалану кезінде, өрттің, электр тогының соғуының және / немесе қандай
да болмасын басқа жарақаттанудың алдын алу үшін, келесі ережелерді қоса отырып,
үнемі қауіпсіздік техникасын сақтау керек:
Құралды пайдалана бастау алдында берілген нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
•
Аспапты пайдалануды бастамас бұрын берілген нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
•
Даярлану кезінде күйіп кетуі мүмкін өнімдерді (жылдам тұтанатын өнімдерді)
даярлау үшін жылдам қайнататын-ыстайтын аспапты ешқашан қолданбаңыз.
•
Жылыту аспаптары, газ және электр плиталары секілді жылу қайнарлары қасында
аспапты орналастырмаңыз. Аспапты жоғарылатылған ылғалдылығы бар жерлерде
қолданбаңыз.
•
Ішкі тостағанға және ыстауға арналған тостағанға салынатын сұйықтықтар мен
өнімдердің көлемі «Аспапты пайдалану» тарауының 2-т. ұсынылған көлемге сәйкес
келуі тиіс (Сур. 2,3 қараңыз). Ішкі тостағанға және ыстауға арналған тостағанға
«Аспапты пайдалану» тарауының 2-т. көрсетілген көлемнен көп өнімдер және/
немесе сұйықтық салуға тыйым салынады (Сур. 2,3 қараңыз).
•
Егер тығыздандырғыш сақинада қандай да бір бүлінулер болса аспапты пайдалануға
тыйым салынады. Аспапты тек осы жылдам қайнататын аспаппен бірге жеткізілетін
тығыздандырғыш сақинамен ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Тығыздандырғыш
сақина ретінде қандай да бір өзге сақинаны немесе затты ешқашан қолданбаңыз.
•
Ішкі болат сақинаны қолмен немесе қандай да бір өзге затпен бұрамаңыз және түр
өзгертпеңіз. Ішкі болат сақинада қандай да бір бүліну болған жағдайда, сонымен
бірге Сақина жылжығанда немесе ол болмаған жағдайда аспапты пайдалануға
тыйым салынады. Болат сақинада бүліну табылғанда немесе ол болмаған жағдайда
Қақпақты ауыстыру немесе жөндеу үшін UNIT қызмет көрсету орталығына
жүгініңіз. Осыған қоса Ішкі болат сақинаның бүлінуі, түр өзгертуі және жылжуы
себебі бойынша Қақпақты жөнделуі немесе ауыстырылуы кепілдік жағдай болып
есептелінбейді.
•
Сақтандырғыштың ластануына жол бермеңіз. Сақтандырғышты ластанулардан
ретті түрде тазалап отырыңыз.
•
Аспаптан Қақпақты қысым реттегіші саңылауландыру күйінде болғанда ғана шешіп
алуға рұқсат етіледі.
•
Ретті түрде ішкі тостағанның түбін, ыстауға арналған тостағанды және жылдам
қайнататын аспаптың Жылыту элементін тазалап отырыңыз, олардың ластануына
жол бермеңіз. Осы нұсқаулықта сипатталғаннан бөлек қандай да бір өзге тәсілмен
ішкі тостағанды және ыстауға арналған тостағанды қолдануға тыйым салынады.
Тостағанды ашық отта, қысқа толқынды пеште және т.б. қандай да бір тағамдарды
даярлау үшін қолданбаңыз.
•
Жылдам қайнату аспабының ішінде аспаппен жинақта жеткізілетін ішкі тостаған
және ыстауға арналған тостағаннан бөлек қандай да бір өзге тостағанды немесе
контейнерді қоюға тыйым салынады.
•
Алынбалы тостағанның ішкі беткейі мұқият және ұқыпты күтім жасауды талап
ететін арнайы керамикалық күюге қарсы жабынға ие. Тостағанның керамикалық
күюге қарсы жабынын бүлдіріп алмау үшін ағаш қасықты немесе аспаппен бірге
жинақта жеткізілетін пластик қасықты қолдану ұсынылады.
•
Жылуды ұстап тұру қызметін қолданудың максимальды уақыты 24 сағатты
құрайтындығын есте сақтаңыз. Бұл уақыттың аяқталуына қарай Сізге аспапты
сөндіру, және оны электр желісінен ажырату қажет. Жылуды ұстап тұру қызметін
24 сағаттан артық қолдануға тыйым салынады. Ішкі тостағанда және ыстауға
арналған тостағанда жылдам бұзылатын өнімдер болған жағдайда жылуды ұстап
тұру қызметін қолдануға тыйым салынады.
•
Назар аударыңыз! Бұл аспаптың қысыммен жұмыс жасайтындығын және өте
мұқият әрі ұқыпты күтім жасауды талап ететіндігін естен шығармаңыз. Егер
аспап ішіндегі қысым нормадан асып кететін болса, артық қысым Сақтандырғыш
қақпақша көмегімен автоматты түрде жойылатын болады. Аспап ішінде қысымды
тұрақтандыру кезінде артық бу Сақтандырғыш қақпақша арқылы шығады.
•
Жылдам қайнататын-ыстау аспабында тағамдарды даярлау кезінде будың терінің,
қолдың немесе беттің ашық аумақтарымен байланысқа түсуіне жол бермеңіз.
Күйіп қалу қаупі бар!!! Қолдану кезінде будың мол көлемінің бөлінуі аспап жұмысы
кезінде қалыпты болып табылмайды. Егер бұл орын алған болса, аспапты электр
желісінен жылдам үзу және аспапты қарау, жөндеу немесе қалыпқа келтіру үшін
UNIT қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.
•
Ішінде ыстық тағам немесе сұйықтық бар жылдам қайнататын-ыстайтын аспапты
араластыру кезінде өте абай болыңыз. Аспапты қозғалтқан немесе орнын
ауыстырған кезде жылдам қайнататын аспапты тек Тұтқасынан ұстаңыз. Аспапты
қозғалтқан немесе орнын ауыстырған кезде Қақпағы тұтқасынан ешқашан
ұстамаңыз.
•
Назар аударыңыз! Аспапты өздігіңізбен бөлшектеуге (оның ішінде Аспаптың
негіздемесін ажырату) үзілді-кесілді тыйым салынады, себебі бұл өрттің, электр
тогының соғуына немесе бақытсыз жағдайдың тууына алып келуі мүмкін. Жөндеу
жұмыстары тек UNIT қызмет көрсету орталықтарында ғана жүзеге асырылуы тиіс.
•
Абай болыңыз, пайдалану кезінде аспаптың кейбір бөлшектері қызып кетеді.
Аспаптың ыстық беткейлеріне жақындамаңыз. Аспапты пайдалану кезінде тек
тұтқаларды немесе түймелерді қолданыңыз.
•
Өрттің, электр тогымен соғудың немесе жарақаттанып қалуға жол бермеу үшін
Алынбалы желілік сым, шанышқы және жылдам қайнататын аспаптың негіздемесі
сумен немесе өзге сұйықтықпен жанаспауын қадағалаңыз!!!
•
Балалар мен мүгедектердің қатысуында аспапты пайдалану кезінде ерекше абай
мұқият болыңыз. Балалардың аспапты қолдануына тыйым салынады.