IM014
www.scarlett.ru
18
SC-BM40002
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
№
Ақаулық
Себебі
Түзету
1
Пісіру кезінде
қыздырғыш
элементтен түтін
шығады
Қыздырғыш элементке бір
нәрсе жабысып қалған болуы
мүмкін. Бірінші рет
пайдаланған кезде мұның
себебі қорғаныс қабаты болуы
мүмкін.
Ашаны розеткадан суырыңыз да,
қыздырғыш элементті тазалаңыз.
2
Нанның ортасы
опырылып кетеді,
нанның астыңғы
қыртысы тым қалың
Нан пісіретін қалыптың ішіндегі
нан жоғары температурада
тым ұзақ тұрып қалады да, тым
көп ылғалды жоғалтады.
Нанды пісіріп болған бетте дереу алып
шығыңыз.
3
Нанды алып шығу
қиын
Қамыр илеуге арналған
қалақша айналдыру білігіне
жабысып қалады.
Нанды шығарып алғаннан кейін шараға
шамалы ыстық су құйыңыз. 10 минут күте
тұрыңыз да, қамыр илеуге арналған
қалақшаны алып шығып, жуыңыз.
4
Құрамдастар
жеткілікті түрде
араласпаған, нан
нашар піскен
1.
Сіз бағдарламаны дұрыс
таңдамағансыз
Таңдалған рецепттің таңдалған нан пісіру
режиміне сәйкес екенін тексеріңіз.
2.
Аспап жұмыс істеп тұрған
кезде сіз «Старт» немесе
«Стоп» түймесін басып,
бағдарламаны үзіп
тастадыңыз.
Егер 30 сағаттан кем уақыт өтсе,
бағдарламаны қайтадан іске қосуға
болады, егер 30 сағаттан артық өтсе,
қамырды қайтадан илеу керек.
3.
Нан пісіру енді басталған
кезде, сіз қақпағын бірнеше рет
аштыңыз, нан құрғап, сарғыш
тартып кетті.
Қамырды соңғы рет илегеннен кейін
қақпақты ашпаңыз.
4.
Қамыр илеу кезіндегі
қарсыласу дәрежесі өте
жоғары, бірақ
құрамдастарының араласуы
нашар.
Шараны алып шығыңыз да, қалақшаның
дұрыс айналып тұрғанын тексеріңіз, егер
дұрыс айналмаса, сервис орталығының
маманына хабарласыңыз.
5
«Старт» немесе
«Стоп» түймесі
басылған кезде,
бейнебетте «E00»
немесе «E01»
көрінеді
Наубайпештің ішіндегі
температура тым жоғары.
«Старт»/«Стоп» түймешігін басыңыз,
ашаны розеткадан суырыңыз, шараны
алып шығыңыз да, қақпағын ашып,
наубайпешті суытып қойыңыз.
6
Мотор жұмыс істеп
тұр, бірақ қамыр
иленбейді
Шара дұрыс орнатылмаған
немесе қамырдың мөлшері
тым көп.
Шараның дұрыс орнатылғанына және
қамырдың рецептке сәйкес
дайындалғанына көз жеткізіңіз. Қамырдың
салмағының шекті мөлшерден
аспайтынына көз жеткізіңіз.
7
Көтерілген қамырдың
мөлшері тым көп, ол
қақпаққа тиіп тұр
Ашытқы немесе ұн тым көп,
температура тым жоғары.
Шараның дұрыс орнатылғанына және
қамырдың рецептке сәйкес
дайындалғанына көз жеткізіңіз. Қамырдың
салмағының шекті мөлшерден
аспайтынына көз жеткізіңіз. Ашытқы мен
ұнды азырақ қосыңыз.
8
Қамырдың мөлшері
тым көп, ол шарадан
асып төгіліп жатыр
Сұйықтық немесе ашытқы тым
көп.
Сұйықтық пен ашытқыны азырақ қосыңыз.
9
Көтерілген қамырдың
мөлшері тым аз
немесе қамыр
көтерілген жоқ
Ашытқы жеткіліксіз, су тым
ыстық немесе ашытқы тұзбен
араласып кеткен.
Ашытқыны қажетті мөлшерде
қосқаныңызға және оның ашытып
жатқанына көз жеткізіңіз.
10
Нан пісіру кезінде,
соңғы илеуден кейін
нанның ортасы
опырылып кетеді
1.
Ұнның сапасы нашар, қамыр
көтерілмейді.
Сапалы ұнды пайдаланыңыз.
2.
Қамыр тым тез көтеріледі
немесе температура тым
жоғары.
Бөлме температурасындағы ашытқыны
пайдаланыңыз.