IM014
www.scarlett.ru
16
SC-BM40002
•
Пеш өнімдерді консервілеуге арналмаған.
•
Өнімдерді тікелей камера түбіне қоймаңыз, шешілмелі ыдысты қолданыңыз.
•
Дайындау рецепттерін басшылыққа алыңыз.
•
Қысқа тұйықталуды және пештің бұзылуын болдырмау үшін желдету тесіктеріне судың тиюін
болдырмаңыз.
•
Нан пешін таза күйде тиісті түрде ұстамау беттің тозуына әкеліп, бұл құрылғының жұмысына нашар әсер
етуі және пайдаланушы үшін ықтимал қауіпті тудыруы мүмкін.
•
Ұзартқышты қолданғанда, кабельдің ең көп рұқсат етілетін қуаты наш пешінің қуатына сай екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Назар аударыңыз! Жұмыс кезінде құрылғы қызады! Жұмыс істеп тұрғанында пешке тию керек болған
жағдайда ас үйі қолғабын немесе тұтқыштарды қолданыңыз.
•
Құрылғыны пайдалану кезінде илеуге арналған қалаққа тимеңіз, бұл жарақаттауы мүмкін!
•
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде нанхананың қақпағын ашпаңыз және нанды пісіру қалыбын
шығармаңыз.
•
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
•
Қақпақты тек қамырға қажетті ингредиенттерді қосу үшін қатаң түрде бипер сигналы бойынша ашуға
болады.
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
НАН ПІСІРЕТІН ПЕШТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
•
Нан пісіретін пеш нан пісіруге арналған автоматты режиммен жарақталған.
•
Сіз нан пісірудің 9 түрлі бағдарламасын таңдай аласыз.
•
Нан пісіруге арналған дайын қоспаларды пайдалануға болады.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
•
Құрамдас өнімдерді әрқашан да көрсетілген ретпен салыңыз.
•
Ашытқының өсуіне мүмкіндік беру үшін барлық құрамдас өнімдер бөлме температурасында болуға тиіс.
•
Құрамдас өнімдердің мөлшерін дәл өлшеңіз. Рецепте көрсетілген шамадан тіпті шамалы ғана ауытқудың
өзі пісіру нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
ОРНАТУ
•
Нан пешінің ішінде орама материалдар және бөгде заттар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Тасымалдау кезінде мыналар зақымдалмағанын тексеріңіз:
•
қақпақ;
•
корпус және көру терезесі;
•
камера қабырғасы;
•
шешілмелі ыдыс.
•
Кез келген ақаулықтарды тапқанда пешті қоспаңыз; сатушыға барыңыз.
•
Құрылғыны құрғақ, тегіс және ыстыққа төзімді бетке орнатыңыз.
•
Құрылғыны жанатын заттардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанатын газдардың жанында
орнатпаңыз.
•
Құрылғыны газ немесе электр плиталарының жанында, сондай-ақ, басқа жылу көздерінің жанында
қоймаңыз.
•
Пешке ештеңе қоймаңыз. Желдету тесіктерін жаппаңыз.
•
Нан пешін шкафқа орналастырмаған жөн. Қалыпты жұмыс істеуі үшін пешке желдету үшін бос кеңістікті
қамтамасыз ету керек: мынадан аз емес: үстінен 20 см, артқы панель жағынан 10 см және бүйірлік
жақтардан 5 см-ден кем емес.
•
Бірінші қолдану алдында шешілмелі ыдысты, илеуге арналған қалақты, нан пешінің ішкі және сыртқы
бөліктерін таза ылғалды матамен сүртіңіз. Басқару тақтасынан қорғауыш қабықшаны алыңыз.
ЖҰМЫС РЕТІ
•
Алмалы шараны алып шығыңыз.
•
Қамыр араластыратын қалақшаны бекітіңіз.
•
Құрамдас өнімдерді шараға салыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Ашытқының тұз бен сұйықтыққа тимейтініне көз жеткізіңіз.
•
Алмалы шараны нан пісіретін пешке қайтадан орналастырыңыз.
•
Шараны дұрыс орналастырғаныңызды тексеріңіз.
•
Аспаптың қақпағын жабыңыз.
•
«МЕНЮ» (мәзір) түймешігін басыңыз да, бағдарламаның нөмірін таңдаңыз.
•
Дыбыстық белгі естіледі де, бейнебетте бағдарламаның нөмірі және дайындау ұзақтығы көрсетіледі.
•
Бағдарламаны бастау үшін «СТАРТ/СТОП» түймешігін басыңыз.
•
Жұмыс аяқталған кезде дыбыстық белгі беріледі.