
17
Келте құбырын оның бекітпе батырмасына басу арқылы ұяшықтан ажыратып шығарыңыз.
Құбыршектің тұтқасындағы ұштығын телескоптық түтіктің қозғалмайтын бөлігіне кіргізіңіз. Сур. 3
Телескоптық түтіктің қозғалмайтын бөлігіндегі пластик бекіткішті алға қарай (өзіңізден әрі қарай) тартыңыз, содан оның жылжымалы бөлігін
қажетті ұзындыққа дейін тартып шығарыңыз. Телескоптық түтіктің ұзындығын реттеп алыңыз. Сур. 4
Телескоптық түтіктің жылжымалы бөлігіне қажетті қондырманы («еден/кілем» үлкен қылшақ немесе «жиһаз/қуыс» біріктірілген (құрастырылған
саптаманы) қондырманы кигізіңіз. Сур. 5
Кілемді, тақта, ағаш жабының тазартуға арналған қондырманы дайындау: Сур. 6
Кілем беті – қылшақты шығарыңыз.
Беті қатты жабындар– қылшақты шығармаңыз.
Перде, жиһаз жабыны мен тазалауға қиын жерлерді тазарту үшін біріктірілген (құрастырылған саптама) қондырма қолданылады. Сур. 7
ҚОЛДАНУ
1. Сымды қажетті ұзындыққа дейін шығарыңыз, батырманың көмегімен артық бөлікті ораңыз.
Назар аударңыз!
Желілік сымды сары белгіден артық шығармаңыз, ол шығарылатын сымның соңғы бөлігінің жақындауын белгісі. Қызыл белгі шығарылатын сымның соңы
екендігін білдіреді.
2. Құралды желіге жалғастырып қосыңыз.
Назар аударңыз!
Құралды желіге қоспас бұрын оның техникалық сипаттамалары («Техникалық сипаттамалар» бөлімін қараңыз) желі параметрлеріне сәйкес екендігін
тексеріңіз.
3. Құралды іске қосу үшін шаңсорғыштың корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасына басыңыз.
Сору күшін реттеу
4. Сіз шаңсорғыштың сору күшін екі түрлі тәсілмен реттей аласыз:
- Сіз шаңсорғыштың сору күшін құбыршектің тұтқасында орналасқан ауа ағының реттеуіштің көмегімен реттей аласыз. Нәзік материалдар үшін минималды
сору күшін қолдануға кеңес беріледі, ол үшін реттеуіштің жапқышын барынша ашыңыз. Матрас, жиһаз жабыны мен кілемді тазарту барысында реттеуіштің
жапқышын орта қалыпқа орнатыңыз. Реттеуіштің жапқышы жабық күйінде тақта, ағаш және өге де қатты жабындар тазартылады.
- құралдың корпусындағы қозғалтқыштың қуаттылығын реттейтін тетігі арқылы реттей аласыз. Реттеуіш тетігін сағат тілінің бағытымен бұрау қозғалтқыштың
айналымын бірқалыпты түрде ұлғайтады, сағат тіліне қарсы бұрау - азайтады.
Сору күшін тазарту үдерісі барысында ауыстыруға болады.
5. Жұмысты аяқтап болған соң құралды оның сыртқы корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасына басу арқылы сөндіріңіз, содан соң шаңсорғышты
желіден ажыратыңыз. Сымды орау үшін автоматты түрде жинау батырмасына бір қолмен басыңыз да, екінші қолыңызбен сымды қабылданатын құрылғыға
біркелкі бағыттаңыз.
ШАҢДЫ ЖИНАУДЫҢ ЦИКЛОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ
Циклондық жүйе шаңды жинауға арналған қаптың болуын талап етпейді. Шаң бөліктері ауа ағыны арқалы шаң жинауышқа сорылады. Ауа шаң
жинауыштың шығысында орналасқан қорғаныс HEPAсүзгіші арқылы тазаланады.
Ескертпе!
Құралды ешқашан сүзгішсіз, сондай-ақ бүлінген немесе тазартылмаған сүзгіш орнатылған күйінде пайдаланбаңыз. Әйтпесе шаң тікелей моторға
өтіп, құрылғының бүлінуіне әкеп соғады. Егер жұмыс барысында сүзгілер ластанып қалғандығын білдіретін индикаторы жанып тұрса құралды
сөндіріңіз, содан соң сүзгіштерді тазартыңыз.
8. Тазарту және күтім
Шаң жинағышты тазарту.
1.
Құралды сөндіріңіз, содан кейін оны розеткадан ажыратыңыз. Құралды желіден ажырату барысында оның желілік сымнан емес, штепсельді
ашадан ұстаңыз. Сур. 8
2.
Шаң жинауышты тазарту жүйесімен бірге шығарыңыз, ол үшін төмен бекіткіш батырмасына жоғарыдан төмен қарай басыңыз да, контейнерді
тұтқасынан ұстай жоғары қарай тартыңыз.
Назар аударңыз: Ешқашан шаңсорғышты тұтқасынан ұстап көтермеңіз. Сур. 9
3.
Контейнерді тұтқасынан ұстай оның төменгі қақпағын төмен қарата қоқыс жәшігінің үстінен орнатыңыз. Шаң жинауыш контейнерді ашып, шаңнан
тазарту үшін, контейнердің төменгі қақпағында орналасқан тұтқасындағы батырмаға басыңыз. Контейнерді тазалап болған соң оның төменгі