
15
Тұрмыстық шаңсорғыш
POLARIS
Моделі PVC 0786
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда маркасымен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға
қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты толығымен мұқият тұрде оқып шығыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар,
сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта және орама материалымен бірге сақтаңыз.
1. Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, моделі PVC 0786 POLARIS тұрмыстық электрлі шаңсорғыш (бұдан әрі мәтін бойынша – шаңсорғыш, құрал) жөніндегі
техникалық ақпаратпен, құрылғымен, құралды сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
2. Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Құрал тек қана тұрмыста пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына
немесе адамдардың денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Бұл құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият тұрде оқып шығыңыз, содан оны сақтап қойыңыз.
Құрал осы Нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді
есепке алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға
мүлдем болмайды.
Құрал жерге, еденге құлаған жағдайда немесе қандай да бір ақау түрі байқалса, құралды пайдаланбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті
маманға көрсетіңіз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстық ауаның, тікелей күн сәулесінен, сүйір бұрыштарға соғылудан, және ылғалға
ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек (құралды ешқашан суға батырмаңыз).
Қоректендіру сымын желіге дымқыл қолыңызбен жалғастырып қоспаңыз.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, оны тазартпас бұрын немесе құрал сынып қалса оны әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды қараусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, құралды желілік сымнан ұстап желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды
желіден ажыратқанда оның штепсель ашасынан ұстаңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған
жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді, құралды қарап тексеруі және оны қалыпты күйге келтіруі қызметтерді тек қызмет көрсету
орталығының білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
3. Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Құралдың жұмысы барысында оны жылу шығаратын көздерінен және өзге де электрлі құралдардан алыс қашықтықта орнатыңыз.
Шаңсорғышты шаң жинайтын контейнерсіз және сүзгіштерсіз пайдалануға тыйым салынады.
Шаңсорғышты тазарту үшін химиялық еріткіштерді қолданбаңыз.