
16
Шаңсорғышпен келесі заттар мен материалдарды жинамаңыз:
тез тұтанатын заттектер: күл, көмір түйірлері, темекі тұқылы және т.б.;
өткір заттар: сынған шыны, ине, кеңселік жапсырма шеге, қағаз қыстырғыш және т.б.;
принтер мен көшірме машиналарында қолданылатын бояу, себебі ол электр өткізгіш қоспа болып табылады, ол сүзгіштен толық
жойылмайды;
улы, жарылуға қауіпті және күйдіргіш заттарды;
асбест немесе асбестті шаң;
ылғалды шаң мен кір;
су мен құрамында суы бар сұйықтықтарды;
Шаңсорғышпен адамдар мен үй жануарларды тазаламаңыз.
Өндіруші кеңес берген аксессуарларды және қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Шаңсорғышты майысқақ түтігінен тартқыламаңыз. Майысқа түтікті жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Егер түтік ақауланса, оны қолданбаңыз.
Шаңсорғыштың ауа шығатын саңылауын жаппаңыз.
Шаңсорғышты корпустың бүйір жағына және бір жетіне жантайтып орнатуға тиым салынады. Шаңсорғыш қашанда көлденең қалып күйінде
орналасуы тиіс, шаңсорғыштың баспалдақта орнықты орналасқанын қадағалаңыз.
4. Пайдалану саласы
Құрал осы нұсқаулыққа сәйкес тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым
салынады.
Өндіруші осы пайдалану бойынша нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
5. Құралдың сипаттамасы
Шаңсорғыш моделі PVC 0786 тұрмыстық үй-жайларда шаң мен ұсақ қоқысты сору жолымен тазалауды іске асырады. Сур. 1
1.
Еден мен кілемнен жинауға арналған қылшақ
2.
Телескоптық түтік
3.
Саптамаларды бекітуге арналған алмалы бекіткіш бөлшек (қажет болған жағдайда түтікте бекітіледі)
4.
Құбыршектің тұтқасы
5.
Майысқақ құбыршек
6.
Қозғалтқыштың қуаттылығын реттейтін тетігі
7.
Сымды автоматты түрде жинау батырмасы
8.
Іске қосу/сөндіру батырмасы (ІСКЕ ҚОСУ/СӨНД)
6. Құралдың жиынтығы
1.
Шаңсорғыш - 1дана.
2.
Майысқақ құбыршек - 1дана.
3.
Телескоптық түтік - 1дана.
4.
Еден мен кілемнен жинауға арналған қылшақ - 1дана.
5.
Біріктірілген (құрастырылған саптама) қондырмасы - 1дана.
6.
Жиһазға арналған (саптама) қондырмасы - 1дана.
7.
Қуыс не саңылау бар жерлерді жинауға арналған (саптама) қондырма - 1 дана
8.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық - 1дана.
9.
Турбо щетка – 1 дана.
10.
Кепілдік талон - 1дана.
11.
Қызмет көрсету орталықтарының тізімі - 1дана.
12.
Құралдың орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) - 1дана.
7. Құралды пайдалану
Орама қорабын ашыңыз, құралды абайлықпен шығарыңыз, оның орайтын барлық материалдарды құралдың ішінен және сыртынан алып тастаңыз.
Құбыршекті жалғастырып қосу: Сур. 2
Келте құбырын оның бекітпе батырмасын жоғары қарай қаратып ауаны соратын саңылауға орнатыңыз, сыртыл дыбысы естілмейінше бұрап бекітіңіз.
Құбыршекті ажыратып шығару:
Алдын ала құралды сөндіріп, оны ток көзінен ажыратыңыз, содан кейін келте құбырын ажыратып алыңыз.