![Philips AVENT SCF330 Скачать руководство пользователя страница 114](http://html1.mh-extra.com/html/philips-avent/scf330/scf330_manual_1550400114.webp)
Абайлаңыз
- Сүтті сору құралы бір пайдаланушы тарапынан қайта қолдануға ғана арналған.
- Ешқандай саңылауларына басқа затты ешқашан түсірмеңіз немесе салмаңыз.
- Philips Avent арнайы ұсынбаған жағдайда басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша бөлшектерін
қолдануға болмайды.
- Барлық сору құралының бөліктерін әр пайдалану алдында жуып, шайып зарарсыздандырыңыз.
- Сүт сору құралының бөліктерін тазалағанда бактерияға қарсы немесе қырғыш тазалау заттарын пайдаланбаңыз.
- Ешқандай сүт шықпаса, бір уақытта бес минуттан артық соруды жалғастырмаңыз.
- Егер жасалған қысым ыңғайсыз немесе ауру тудырса, кеуде мен сүтті сору құралының арасындағы байланысты
саусақпен үзіп, сүтті сору құралын кеудеңізден алыңыз.
Пайдалануға дайындау
Сүт сору құралының бөлшектерін дұрыс жолмен (көріңіз 'Тазалау және зарарсыздандыру') алғаш пайдалану
алдында тазалап зарарсыздандырыңыз. Әрбір жүйелі қолданыстан соң барлық бөлшектерді тазалап, әрбір жүйелі
қолданыс алдында барлық бөлшектерді зарарсыздандырыңыз.
Сүт сору құралын құрастыру
Ескертпе: Сүт сору құралының барлық бөлшектері тазаланып зарарсыздандырылғанына көз жеткізіңіз.
Тазаланған бөлшектерді ұстау алдында қолдарыңызды дұрыстап жуыңыз.
Ескерту: Абайлаңыз, тазаланған бөліктер әлі ыстық болуы мүмкін. Сүт сору
құралын жинақтауды тазаланған бөлшектері суығаннан кейін ғана бастаңыз.
Кеңес: Сүт сору құралы ылғал кезде оны құрастыру оңай болуы мүмкін.
1
Ақ клапанды астыңғы сорап корпусына салыңыз. Клапанды барынша алыс (сурет 2) салыңыз.
2
Сүтті сору құралының корпусын бөтелкеге (сурет 3) немесе сақтау шыныға (сурет 4) мықтап бекітілгенше
сағат бағытымен бұраңыз.
Ескертпе: Сақтау шынысын пайдалансаңыз, алдымен (сурет 4) адаптер сақинасын сақтау шынысына
бұрауыңыз керек.
3
Силикон диаграмманы төменгі сорап корпусына салыңыз. Жақсы байланысты қамтамасыз ету үшін
саусақтарыңызбен басу арқылы оның сақина айналасына мықтап бекітілгенін (сурет 5) тексеріңіз.
4
Тұтқаны өзекшесі бар силикон диафрагмаға өзекше ұшындағы тұтқа тесігінен ілу арқылы тіркеңіз.
Тұтқаны сүтті сору құралына орнына (сурет 6) түскенше басыңыз.
5
Массаж жастығын сору құралы корпусының (сурет 7) шұңғыма тәрізді бөлігіне салыңыз. Массаж жастығының
ішкі бөлігін мүмкіндігінше ішке қарай басып, оның сүт сору құралы сақинасының (сурет 8) айналасына жақсы
орныққанын тексеріңіз. Қалған ауаны (сурет 9) шығару үшін жапырақтар арасын басыңыз.
Ескертпе: Саууға дайындау кезінде сүтті сору құралын таза ұстау үшін, массаж жастықшасының үстіне
қақпақты қойыңыз.
Ескерту: Сүт сору құралын үнемі массаж жастығымен пайдаланыңыз.
Қазақша
114
Содержание SCF330
Страница 1: ...SCF330 ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...2 1 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 SCF330 13 SCF330 50 1 ...
Страница 4: ......
Страница 120: ......
Страница 121: ......
Страница 122: ...7 11 9 25 19 5 13 6 10 8 12 2 3 4 5 14 15 16 17 ...
Страница 123: ......