![Philips AVENT SCF330 Скачать руководство пользователя страница 113](http://html1.mh-extra.com/html/philips-avent/scf330/scf330_manual_1550400113.webp)
Абайлаңыз
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық
және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл сүтті сору құралын қолданбауы керек.
- Балалардың сүтті сору құралымен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Әр пайдалану алдында сүт сору құралында зақымдану белгілері бар-жоғын тексеріңіз. Сүтті сору құралы дұрыс
жұмыс істемесе, оны пайдаланбаңыз.
- Ұйқысырап немесе ұйқылы-ояу кезде ешқашан сүтті сору құралын пайдаланбаңыз.
- Сүтті сору құралын қатты ыстыққа тастамаңыз және тікелей күн сәулесі түсетін жерге қоймаңыз.
- Егер сіз B гепатитін, C гепатитін немесе Адамның иммунитет тапшылық вирусын (АИТВ) жұқтырған ана
болсаңыз, емшек сүтін сауу төмендемейді немесе емшек сүті арқылы вирустың балаға берілу қаупін жойыңыз.
Philips Avent сақтау шынылары (тек SCF330/13), табиғи бөтелке
(SCF330/13 өзге барлық түрлері), қақпақ, емізік (SCF330/40 өзге барлық
түрлері) және бұранда сақинасы
Балаңыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін
АБАЙЛАҢЫЗ!
- Бұл өнімді үнемі ересектер бақылауымен пайдаланыңыз.
- Сұйықтықтарды тоқтаусыз және ұзақ уақыт бойы сору тістің бұзылуын тудырады.
- Тамақтандыру алдында тамақтың температурасын тексеріңіз.
- Бөтелкелерді немесе ыдыстарды қолданғанда балалардың ұсақ бөлшектерді ұстап ойнауына, жүруіне немесе
жүгіруіне жол бермеңіз.
- Бөтелке құлаған жағдайда сынуы мүмкін.
- Шыны бөтелкелер үшін: шыны бөтелкелер сынуы мүмкін.
- Бөтелкені немесе сақтау шыныларын ыстық пешке немесе кез келген басқа ыстық бетке қоймаңыз.
- Тұншығу қаупін болдырмау үшін емізіктерді ешқашан тыныштандырғыш емізік ретінде пайдаланбаңыз.
- Бөтелкені және емізу емізігін қолданыс алдында тексеріп, тұншығу қаупін болдырмас үшін емізу емізігін барлық
бағытта тартыңыз. Зақымдану немесе тозу белгілері байқалған кезде лақтырып тастаңыз.
- Емізікті күннің сәулесі түсетін немесе ыстық болатын жерде, сондай-ақ зарарсыздандыру құралында
(стерильдеу ерітіндісінде) ұсынылған уақыттан ұзақ қалдырмаңыз, әйтпесе емізік жұмсарып кетеді.
- Барлық пайдаланылмайтын құрамдастарды балалар қолы жетпейтін орында сақтаңыз.
- Әр қолданыс алдында тазалап зарарсыздандырыңыз.
Philips Avent емшек сүтін сақтау қалталары (тек SCF330/50)
Балаларға зақым келтірмейтін ескертулер:
- Емшек сүті қалталарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Балаға бермес бұрын әрқашан сүттің температурасын тексеріңіз.
- Сүттің қызып кетуін болдырмас үшін, емшек сүті құйылған қалтаны микротолқынды пеште, жаңа қайнаған суда
немесе жылы бөтелкеде ерітуге болмайды.
Уланудан және ластанудан сақтайтын және гигиенаны сақтайтын ескертулер:
- Емшек сүтін сақтау қалталары тек бір рет пайдалануға арналған.
- Емшек сүті қалталарын толтыру және босату алдында қолдарыңызды дұрыстап жуыңыз.
- Емшек сүтін ешқашан қайта мұздатуға немесе мұздатылып қойған емшек сүтіне жаңа емшек сүтін қосуға болмайды.
- Емшек сүтін тоңазытқышта 48 сағатқа дейін (есігінде емес) немесе мұздатқышта 3 айға дейін сақтауға болады.
Қазақша
113
Содержание SCF330
Страница 1: ...SCF330 ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...2 1 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 SCF330 13 SCF330 50 1 ...
Страница 4: ......
Страница 120: ......
Страница 121: ......
Страница 122: ...7 11 9 25 19 5 13 6 10 8 12 2 3 4 5 14 15 16 17 ...
Страница 123: ......