6
KK
•
Егер ауа кондиционерінен шу, иіс немесе түтін шықса, электр
қуатын ажыратыңыз.
•
Бензин немесе бояу еріткіш сияқты тұтанғыш заттарды ауа
кондиционерінің қасында қалдырмаңыз.
•
Ауа кондиционері суға түскен жағдайда өкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
•
Ауа кондиционерін дұрыс желдетілмейтін жерде ұзақ уақыт
пайдаланбаңыз.
•
Егер газ жіберілсе (фреон, пропан, сығылған газ, тағы басқа),
ауа кондиционерін қайта пайдаланбас бұрын орынды желдетіп
алыңыз.
•
Ішін тазалау үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына немесе
дилерге хабарласыңыз. Күшті тазарту құралдарын пайдалану
тот басуға немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.
•
Ауа кондиционері мен қыздырғыш сияқты қыздыратын
құрылғылар бір уақытта пайдаланылған кезде жеткілікті түрде
желдетіңіз.
•
Ауа ағыны жүретін ішкі не сыртқы саңылауды жаппаңыз.
•
Ауа кондиционері жұмыс істеп тұрғанда қолыңызды немесе
басқа заттарды ауа жүретін ішкі немесе сыртқы саңылауларға
салмаңыз.
•
Қуат кабелінің лас және бос еместігін немесе үзілмегенін
тексеріңіз.
•
Ауа кондиционерін ешқашан ылғал қолыңызбен ұстамаңыз,
іске қоспаңыз немесе жөндемеңіз.
•
Қуат кабелінің үстіне ешнәрсе қоймаңыз.
•
Қыздырғыш немесе басқа қыздыратын құрылғыларды қуат
кабелінің қасына қоймаңыз.
•
Қуат кабелін өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз. Қуат кабеліндегі
сызаттар мен изоляциясының түсуі өрт немесе ток соғу қаупін
тудыруы мүмкін және ол ауыстырылуы керек.
•
Электр қуаты өшірілген немесе найзағай болған кезде электр
қуатын бірден өшіріңіз.