5
KK
•
Ауа кондиционерін тұтанғыш сұйықтар немесе бензин, пропан,
бояу еріткіш сияқты заттар сақталған жерге орнатпаңыз.
•
Ауа кондиционерін орнату кезінде ішкі және сыртқы
құрылғыларды жалғайтын түтік пен қуат кабелінің қатты
тартылып қалмауын тексеріңіз.
•
Ауа кондиционерінің жұмыс режиміне сәйкес келетін
стандартты ажыратқыш пен сақтандырғышты пайдаланыңыз.
•
Жүйеге арнайы мұздатқыш агенттен басқа ауа немесе газ
жібермеңіз.
•
Агенттің ағуын және ауаның шығуын тексеру үшін тұтанбайтын
газды (нитроген) пайдаланыңыз; қысылған ауаны пайдалану
немесе тұтанғыш газ өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін.
•
Ішкі/сыртқы сым қосылымдары қатты қысылуы керек және
кабель қосатын терминалдардан тартылып тұрмайтындай етіп
жүргізіуі керек. Дұрыс жалғанбау немесе байланыстың
жоғалуы қызып кетуге немесе өртке әкелуі мүмкін.
•
Ауа кондиционерін пайдаланбас бұрын соған арналған
штепселді розетка мен ажыратқышты орнатыңыз.
•
Жерге жалғайтын сымды газ құбырына, найзағай тартқышына
немесе телефонның жерге жалғанатын сымына жалғамаңыз.
•
Ауа айналымына қажетті кез келген саңылаудың бітеліп
қалмауын қадағалау керек.
•
Сым жалғау ережелеріне сәйкес, бекітілген сымдарға ажырату
құралдары кірістірілуі қажет.
Пайдалану
•
Қызмет көрсету бөлшектері тізімінде берілген бөлшектерді
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны өзгертуге ешқашан әрекет
етпеңіз.
•
Балалардың сыртқы құрылғыға шықпауын немесе оны
ұрмауын қадағалаңыз.
•
Батареяларды өрт болмайтын жерге тастаңыз.
•
Ауа кондиционерінің жапсырмасында көрсетілген мұздатқыш
агентті ғана пайдаланыңыз.