4
• Өніміңізге су тисе, пайдаланудан бұрын микрофонын,
динамигін және стерео ұяшығын міндетті түрде құрғақ
шүберекпен сүртіп шығыңыз.
• Өнім немесе қолдарыңыз су болып қалса, құрылғыны
қолданбастан бұрын оларды жақсылап кептіріңіз.
• Өнімді қатты ағындағы су шашырауы мүмкін жерлерде
(мысалы, су құбыры кранының немесе душ бастиегінің
жанында) пайдаланбаңыз немесе оны ұзақ уақытқа суға
батырмаңыз, себебі өнім қатты ағындағы судың қысымын
көтеруге арналмаған.
• Бұл өнім соққыға төзімді емес. Өнімді құлатпаңыз немесе
соғып алмаңыз. Әйтпесе негізгі құрылғы зақымдалуы немесе
оның формасы өзгеріп, су ағып кетуі мүмкін.
• Өнімді құлатып немесе соғып алу оның су мен шаңға
төзімділік қасиеттерін бұзуы мүмкін.
• Егер өнімге су тисе, оны таза, жұмсақ шүберекпен жақсылап
кептіріңіз.
• Құрылғы сулы күйінде пайдаланылса, сенсорлық экраны мен
басқа мүмкіндіктері дұрыс істемей қалуы мүмкін.
• Өнім ішіне SIM/Жад картасының науасы дұрыстап салынған
жағдайда ғана өнім суға төзімді болады.
• Өнімге су тигенде немесе ол суға батырылған кезде, SIM/Жад
картасының науасын ашуға немесе жабуға болмайды. Ашық
науаға судың немесе ылғалдың тиюі өнімнің зақымдалуына
апарып соғуы мүмкін.
• SIM/Жад картасының науасында өнімнің ішіне шаң, су немесе
ылғалды кіргізбейтін резеңке [тығыздауыш] бар. Резеңке
[тығыздауыштың] зақымдалуына жол бермеңіз, себебі су, шаң
немесе ылғал өнім ішіне кіріп, оған зақым келтіруі мүмкін.
• Берілген нұсқауларды орындамау салдарынан
құрылғыңыздың шектеулі кепілдігінің күші
жойылуы мүмкін.