![IVT SNWB-196(4+1) Скачать руководство пользователя страница 28](http://html1.mh-extra.com/html/ivt/snwb-196-4-1/snwb-196-4-1_manual_2097855028.webp)
28
KZ
Нұсқаулық
оның үстінен түгелдей төмен басқан кезде,
қозғалтқышты өшіреді.
Жетекті басқару тетігі (1)
Жетекті басқару тетігі (1) сол жақ тұтқада орналасқан.
Доңғалақ жетегін іске қосу үшін жетекті басқару
тетігін (1) қысыңыз. Тоқтату үшін босатыңыз.
Иірмені басқару тетігі (3)
Иірмені басқару тетігі (3) оң жақ тұтқада орналасқан.
Иірмені (8) іске қосу үшін иірмені басқару тетігін
(3) тұтқаға қарай қысыңыз да, қар төгу жұмысын
бастаңыз. Қар төгу жұмысын тоқтату үшін оны
босатыңыз.
Науа бағытын басқару тетігі (4)
Қар лақтыру бағытын өзгерту үшін науа бағытын
басқару тетігінің (4) тұтқасынан ұстаңыз да, оңға
немесе солға қарай қозғаңыз.Қар лақтыру қашықтығын
реттеу үшін науа дефлекторындағы дөңгелек (6) тетікті
босатыңыз. Бұрышты көтеру қар лақтыру қашықтығын
арттырады.
Тірек табаны (7)
Қырғыш тақташа мен жердің арасындағы қашықтықты
тірек табандарын (7) орналастыру арқылы реттеуге
болады. Тірек табандарын (7) жердің бетінің күйіне
қарай орналастырыңыз. Жентектеліп қалған қарды
жинау үшін жоғары қаратып реттеңіз. Қиыршық тасты
немесе ұсақ тасты жолда жұмыс істеген кезде төмен
қаратып қойыңыз.
Тазартқыш құрылғы (9)
Тазартқыш құрылғы (9) бітеліп қалған науа жинағын
тазалауға көмектеседі, ешқашан да қолмен тазалауға
болмайды. Бітелген науаны тазаламас бұрын
қозғалтқышты сөндіріңіз де, барлық қозғалғыш
бөліктері толық тоқтағанша тұтқалардың жанынан
кетуге болмайды.
ҚҰРАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Панель мен тұтқаларды орнату.
Панель бір тұтқасымен бірге алдын ала орнатылған.
Енді тек екінші тұтқаны панельге кабельмен бірге
бекіту ғана керек болады.
∙
Кабелді бөлек тұтқаның тұтқышына іліңіз [F1]
∙
Тұтқаны панельге қойыңыз да, оны кабель
ұясымен немесе тығырықтармен бірге бұрандардың
көмегімен бекітіңіз [F2]
∙
Тұтқалары бар панельді көтеріп алыңыз да,
оларды машинаның тұтқа ұясына кіргізіп, тұтқаларды
қармағышты орнату бұрандарының, сомындар мен
тығырықтардың көмегімен тиісінше бекітіңіз [F3].
∙
Сомынды тетік шыбығының ұшынан суырып
алыңыз да, тетік шыбығының ұшын тетік тақташасына
кіргізіп, істікшенің көмегімен бекітіңііз [F4].
Науа жинағын орнату.
∙
Серіппе төсемді науа ұясының саңылауына
суретте көрсетілгендей етіп салыңыз [F5].
∙
Науаны (5) науа ұясына салыңыз да, сол жақ және
оң жақ бекіткіш пластмасса тақташаларға бекітіңіз [F6].
Содан кейін екі бұрандамен мықтап орнатыңыз.
АЛДЫН АЛА ТЕКСЕРУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машинаны
бірінші рет қосқан кезде, оның
барлық бөліктері дұрыс жинақталып
құрастырылғанын, кедергі жоқтығын
тексеріп алыңыз. Егер Сізде жалпы
машинаға, оның жинақталуына күмән
туатын болса, сервис орталығына
хабарласуыңызды
өтінеміз.
Машинаның барлық бөлшектері
мен құрылғылары толықтай дұрыс
жалғанғанына көз жеткізіңіз. Барлық
бекітулердің мықты қатайғанын
тексеріп алыңыз.
Машинаны әр кез пайдаланар алдында:
∙
Майсауыттың қақпағының май өлшегішін қарау
арқылы қозғалтқыш майының деңгейін тегіс жерде
тексеріңіз. Қажет болса, қолайлы майдан құйыңыз.
Майы болмаса, қозғалтқышқа елеулі нұқсан келуі
мүмкін!
∙
Май ыдысындағы бензиннің жеткілікті екеніне көз
жеткізіңіз. Қажет болса, таза, этилдендірілмеген жаңа
бензиннен құйыңыз. Жанармайды тек далада құю
керек. Жнармайдың сыртқа төгілмеуін қадағалаңыз.
Бензин төгілген болса, қозғалтқышты оталдырардан
бұрын оны міндетті түрде сүртіп алыңыз.
∙
Жұмыс аймағы бөгде заттардан тазарып тұру
қажет, егер материалдар аулада жатса, оны шнек (8)
немесе қалақша лақтырып тастайды. Мұндай заттар
қардың астында жатуы мүмкін, сондықтан олардың
жоқтығына көз жеткізу керек.
∙
Жұмыс жасамас бұрын, шинаның қысымын
тексеру керек.
Артық қысым жиналу салдарынан
шина жарылып кетіп, жарақаттауы мүмкін.
Қысым шина қысымын тексеруге арналған
қалыпты монометр арқылы өлшенеді. Дөңгелекті
ауа сығымдағыш немесе ауа сығатын басқа
құралдармен ауадан босатуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ДӨҢГЕЛЕКТІ
ШАМАДАН
ТЫС
АУАМЕН
ТОЛТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ!
Содержание SNWB-196(4+1)
Страница 1: ...www ivt ht com tools for every use EN Snow blower RU KZ IT Spazzaneve SNWB 196 4 1...
Страница 3: ...3 1 3 2 4 6 5 9 7 8 SNWB 196 4 1...
Страница 4: ...4 F1 F2 F4 F3 F5...
Страница 5: ...5 4 6 F7 F6...
Страница 15: ...15 RU 85 A...
Страница 16: ...16 RU...
Страница 17: ...17 RU 20 IVT 2 2 1...
Страница 18: ...18 RU 1 1 1 3 3 8 3 4 4 6 7 7 7 9 9 F1 F2 F3 F4 F5 5 F6...
Страница 19: ...19 RU 3 1 FAST FULL OFF FULL 10 C OFF 8 3 OFF 5 5 4 F7 6 1 3 8 6 6 6...
Страница 20: ...20 RU 7 7 8 1 2 7 7 3 7 7 4 7 8 Fast 2 3 8 8 1 2 3 1 9 3 1 9 9 3 2 7...
Страница 21: ...21 RU IVT 8 8 25...
Страница 22: ...22 RU 1 3 60 4 3 1 25 100 0 76 7 7 7 7...
Страница 23: ...23 RU IVT...
Страница 25: ...25 KZ 85 A...
Страница 26: ...26 KZ 20...
Страница 27: ...27 KZ IVT 2 2 1...
Страница 28: ...28 KZ 1 1 1 3 3 8 3 4 4 6 7 7 7 9 9 F1 F2 F3 F4 F5 5 F6 8...
Страница 29: ...29 KZ 3 1 FAST FULL FULL OFF 10 C OFF 3 8 OFF 5 5 4 F7 6 1 3 8 6 6 6 7 7 8...
Страница 30: ...30 KZ 1 2 7 7 3 7 7 4 7 8 Fast 2 3 8 8 1 2 3 1 9 3 1 9 9 3 2 7...
Страница 31: ...31 KZ 5 IVT 8 8 25 1 3 60 4 1 3...
Страница 32: ...32 KZ 25 100 0 76 7 7 7 7...
Страница 33: ...33 KZ DWT 4 7142 28 07 00 01 DWT 4 7142 28 07 00 01...