98
2. ФУНКЦИЯЛАР
2.1. SMART DISPLAY (СМАРТ ДИСПЛЕЙ)*
Бұл функцияны қуатты сақтау үшін пайдалануға
болады. Функцияны қосу/өшіру үшін, қысқаша іске
қосу нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз.
Smart Display (Смарт дисплейді) іске қосудан кейін
екі секундтан соң дисплей өшеді. Температураны
реттеу немесе басқа функцияларды пайдалану
үшін, дисплейді кез келген түймешікті басу арқылы
белсендіру қажет. 15 секунд әрекетсіз тұрғаннан кейін,
дисплей қайтадан өшеді. Функция өшірілгеннен кейін,
қалыпты дисплей қосылады. Қуат іркілісінен кейін
Smart Display (Смарт дисплей) автоматты түрде өшеді.
Бұл функция құрылғыны қуат көзінен ажыратпай,
тек сыртқы дисплей тарапынан тұтынылатын қуатты
азайтатынын есте сақтаңыз.
Ескертпе:
Құрылғының көрсетілген қуат тұтынуы
Smart Display (Смарт дисплей) функциясының
белсендірілген күйдегі жұмысына байланысты. Бұл
функция тек есігінде пайдаланушы интерфейсі бар
үлгіде қолжетімді.
2.2. ІСКЕ ҚОСУ/КҮТУ
Бұл функция мұздатқыш бөлімдерінің On/Stand-by
режимін іске қосады. Өнімді күту режиміне ауыстыру
үшін, On/Stand-by түймешігін
3 секунд бойы
басыңыз. Құрылғы күту режимінде болғанда,
мұздатқыш бөліміндегі шам жұмыс істемейді. Бұл
операция құрылғыны қуат көзінен ажыратпайтынын
есте сақтаңыз. Құрылғыны қайта іске қосу үшін, On/
Stand-By түймешігін
басыңыз.
2.3. ҚУАТ ҮЗІЛУ ДАБЫЛЫ
Қуат өшкеннен кейін, электр тогы қайта қамтамасыз
етілгенде өнім мұздатқыштағы температураны
автоматты түрде бақылайтындай етіп жасақталған.
Мұздатқыштағы температура мұздатқыш деңгейінен
жоғары көтерілсе, қуатты өшіру индикаторы
қосылып, Дабыл индикаторы жыпылықтайды
және қуат қайта берілгенде дыбыстық дабыл дауысы
шығады.
Дабылды қалпына келтіру үшін, Дабылды тоқтату
түймешігін
бір рет басыңыз.
Қуатты өшіру дабылы жағдайында, келесі әрекеттерді
орындаған жөн:
• Мұздатқыштағы тағам мұздатылмай, бірақ әлі
салқын болса, мұздатқыштағы барлық тағамды
24 сағаттың ішінде тұтыну керек.
• Мұздатқыштағы тағам мұздатылған болса,
бұл тағамның еріп, қуат қайта берілгенде
мұздатылғанын көрсетеді, ол өз кезегінде
тағамның дәмін, сапасын және құндылығын
нашарлатып, қауіпті болуы мүмкін. Тағамды тұтыну
ұсынылмайды, мұздатқыштың ішін толығымен
босатқан жөн. Қуатты өшіру дабылы электр қуаты
өшкенде мұздатқыштағы тағам сапасы бойынша
нұсқауларды қамтамасыз етуге арналған. Бұл
жүйе тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік
бермейді және тұтынушылардың мұздатқыш
бөліміндегі тағам сапасын өз бетінше бағалағаны
жөн.
2.4. ТЕМПЕРАТУРА ДАБЫЛЫ
Дыбыстық дабыл дауысы шығады және температура
индикаторы (°C) жыпылықтайды. Дабыл келесі
жағдайларда іске қосылады:
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмағаннан кейін
қуат көзіне қосылғанда.
• Қатырғыш бөлімінің температурасы тым жоғары
болғанда.
• Мұздатқышқа салынған балғын тағамның мөлшері
техникалық деректер тақтасында көрсетілген
мөлшерден асса.
• Қатырғыш есігі ұзақ уақыт ашық қалса.
Дыбыстық сигналды өшіру үшін, Дабылды тоқтату
түймешігін
бір рет басыңыз. Мұздатқыш бөлімі
-10°C төмен температураға жеткенде, орнатылған
температура индикаторы (°C) жыпылықтауды
тоқтатқанда және таңдалған параметрді көрсеткенде
Дабыл индикаторы
автоматты түрде өшеді.
2.5. АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ
Дабыл белгішесі жанып жыпылықтайды және
дыбыстық дабыл дауысы шығады. Есік 2 минуттан
артық уақыт бойы ашық қалса, дабыл іске қосылады.
Есік дабылын өшіру үшін, есікті жабыңыз немесе
дыбыс дабылының дауысын басу үшін Дабылды
тоқтату түймешігін түртіңіз.
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН тексеріңіз.
Содержание UH8 F2D XI 2
Страница 2: ......
Страница 4: ...4 БЪЛГАРСКИ Инструкции за употреба Стр 5 ...
Страница 17: ...17 ČESKY Návod k obsluze Strana 18 ...
Страница 30: ...30 DANSK Brugsanvisninger Side 31 ...
Страница 43: ...43 SUOMI Käyttöohje Sivu 44 ...
Страница 56: ...56 FRANÇAIS Directives d utilisation Page 57 ...
Страница 69: ...69 DEUTSCH Gebrauchsanleitung Seite 70 ...
Страница 82: ...82 MAGYAR Használati útmutató 83 oldal ...
Страница 95: ...95 ҚАЗАҚ Пайдалану нұсқаулығы 96 бет ...
Страница 108: ...108 NORSK Brukerveiledning Side 109 ...
Страница 121: ...121 POLSKI Instrukcja obsługi Strona 122 ...
Страница 134: ...134 PORTUGUÊS Instruções de utilização Página 135 ...
Страница 147: ...147 ROMÂNĂ Instrucţiunile de utilizare Pagina 148 ...
Страница 160: ...160 РУССКИЙ Инструкция по эксплуатации Стр 161 ...
Страница 173: ...173 SLOVENSKY Návod na používanie Strana 174 ...
Страница 186: ...186 ESPAÑOL Instrucciones de uso Página 187 ...
Страница 199: ...199 SVENSKA Bruksanvisning Sidan 200 ...
Страница 212: ...212 УКРАЇНСЬКА Інструкції з використання стор 213 ...
Страница 225: ...225 ENGLISH Instructions for use Page 226 ...
Страница 238: ...238 CATALÀ Instruccions d ús Pàgina 239 ...
Страница 251: ...251 1 2 3 4 6a 6b 5 A 1 Others REVERSE DOOR SWING VERSION_1 ...
Страница 252: ...252 7 9 10 6a 6b 8 ...
Страница 253: ...253 1 2 3 4 5 6a 6b A 2 REVERSE DOOR SWING VERSION_2 ...
Страница 254: ...254 7 8 9 10 6a 6b ...
Страница 255: ...255 3 1 2 2 1 3 2 1 3 REMOVING INSERT THE FREEZER INTERIOR ...