151
ҚАЗАҚ
1.2
Жарылыс және кенет қайнау қаупін
болдырмау үшін
ЕСКЕРТУ!
Сұйықтықтар мен басқа азық-түліктерді
тығыз жабылған ыдыста ысытуға
болмайды, себебі олар жарылуға бейім
болады.
Сусындарды микротолқынмен ысыту
салдарынан сұйықтық кешігіп бұрқылдап
қайнауы мүмкін, сондықтан ыдысты ұстағанда
абай болған жөн.
Жұмыртқаларды қабығымен ысытпаңыз және
бүтін қатты қайнатылған жұмыртқаларды
микротолқынды пеште ысытпаған жөн, себебі
микротолқынмен пісіру аяқталғанда олар
жарылуы мүмкін. Шайқалмаған немесе
араластырылмаған жұмыртқаларды пісіру
немесе қайта ысыту үшін, сарылары мен ақ
уыздарын тесіңіз. Әйтпесе жұмыртқалар
жарылуы мүмкін. Қатты қайнатылған
жұмыртқаларды микротолқынды пеште қайта
ысытардан бұрын қабықтарын аршып, тілімдеп
тураңыз.
Күйіп қалмау үшін, әрдайым тамақты
дастарханға қояр алдында температурасын
тексеріп, араластырыңыз және сәбилерге,
балаларға немесе үлкендерге берілетін тамақ
пен сусынның температурасына ерекше назар
аударыңыз.
Тазалар алдында олардың ыстық емес екеніне
көз жеткізіп алыңыз.
6_AEG_Kazakh_MS_AF14z_Layout 1 22/05/2015 09:59 Page 151