55
РҰҚСАТТАР
Өнім Еуропалық Директиваның 89/686/EEC 10-бабының
қауіпсіздік талаптарына сәйкес, және осылайша, CE
белгіленген. Өнім келісілген Еуропа стандарттарына
EN 175, EN 166 және EN 379 сай. Өнім жобалау
кезеңінде DIN Certco Prüf-und Zertifierungszentrum
(Уәкілетті орган саны 0196) арқылы тексерілген. Өнім
Еуропалық Директивалардың 2014/30 / ЕU (ЭМС –
Электромагниттық сыйысымдылық) және 2011/65 /
EU (RoHS - Қауіпті заттарды пайдалануға шектеу)
ережелеріне сәйкес болып табылады.
БЕЛГІЛЕНУІ
Пісіру сүзгісі қараңғылық ауқымымен белгіленеді. Көз
бен бет қорғанысы EN 379, EN 166, EN 169 және EN 175
стандартына сәйкес келеді.
Мысалы (EN 379):
Ашық күйіндегі нөмірі
3 / 8-12 3M 1 / 1 / 1 / 2 / EN379 CE
Қараңғы күйіндегі нөмірі
Өндіруші идентификаторы
Оптикалық класс
Жарықтың таралу класы
Біртектілік класы
Бұрышқа тәуелділік класы
Сертификациялық белгі немесе стандарт нөмірі
Ескертпе!
Жоғарыдағы мәлімет тек мысал ретінде
берілген. Нақты жіктелуі пісіру сүзгісінде көрсетіледі.
Пісіру қалқаны және сыртқы қорғаныс тақтасы тез
ұшатын бөлшектерден қорғаныс деңгейінің таңбасымен
белгіленеді. F төменгі импульсті, ал B орташа импульсті
білдіреді. Қорғаныс экстремалды температура ауқымы
(-5°және +55°C аралығында) талаптарына жауап берсе,
Т таңбасы қосылады.
Өнімдегі қосымша белгілер басқа тиісті стандарттарға
бағынады.
= Қолданбас бұрын, пайдалану нұсқаулығын
оқыңыз
= Электрлік және электрондық жабдық
қалдықтары ретінде жойылуға тиісelectronic
waste
САҚТАЛУЫ
Температурасы -30°C және +70°C ауқымындағы,
салыстырмалы ылғалдылығы 90% RH шамасынан
аспайтын таза және құрғақ бөлмеде сақтаңыз.
ФУНКЦИЯЛАРЫ
ON/OFF
Speedglas SL пісіру қалқаны автоматты түрде қосылады
және өшеді.
ҚАРАҢҒЫЛЫҚ
Қараңғы күй үшін бес түрлі қараңғылық нөмірін орнатуға
болады – 8, 9, 10, 11 және 12. Ағымдағы қараңғылық
нөмірін Shade түймесін тез басып білуге болады.
Басқа қараңғылық нөмірін таңдау үшін жыпылықтайтын
индикатор қажетті мәнді көрсеткенше Shade түймесін
баса беру керек.
СЕЗГІШТІК
Фотодетекторлар жүйесінің сезгіштігі (пісіру доғасының
жарығына әсер ететін) жұмыс орнындағы жағдайларға
және пісіру процесіне сәйкес орнатылады. Ағымдағы
сезгіштік параметрін Sensitivity түймесін тез басып білуге
болады. Басқа мәнді таңдау үшін жыпылықтайтын
индикатор қажетті параметрді көрсеткенше Shade
түймесін баса беру керек.
1-режим
Ең төменгі сезгіштік параметрі. Жақын
жердегі басқа пісіру доғасы кедергі жасаған
кезде пайдаланылады.
2-режим
Қалыпты режим. Бөлмеде және сыртта
орындалатын барлық пісіру жұмыстарына
пайдаланылады.
3-режим
Төменгі амперлі пісіруге арналған немесе
қалыпты пісіру доғасына арналған режим
(мысалы, TIG пісіруі).
4-режим
Фотодетектордағы сезгіштіктің ең жоғары
дәрежесі. Өте төмен токпен пісіруге,
инверторлық TIG пісіруінде немесе доғаны
жартысы көрінбей қалған жағдайда
құбырларды пісіру үшін қолданылады.
СЕЗГІШТІКТІҢ ДҰРЫС ПАРАМЕТРІН
ОРНАТУ
Пісіру жұмысы алдында тиісті сезгіштік параметрін табу
үшін 2-режимнен бастаңыз. Бұл — көп жағдайларда
қолданылатын стандартты режим. Егер пісіру
барысында сүзгі қараңғыланбаса, пісіру сүзгісі еркін
ауысатын дәрежеге жеткенше сезгіштік деңгейін 3-ші
немесе 4-ші режимге дейін арттырыңыз. Егер тым
жоғары параметр орнатылса, жұмыс аяқталғаннан
кейін, басқа жарық көздерінің әсерінен сүзгі қараңғы
күйінде қалып қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда сезгіштікті
пісіру сүзгісінің қараңғылық деңгейі қажетті дәрежеде
ауысып тұратын мәнге дейін төмендетіңіз.
БАТАРЕЯ ЗАРЯДЫНЫҢ ТАУСЫЛҒАНЫН
КӨРСЕТЕТІН ИНДИКАТОР
Батарея зарядының таусылғанын көрсететін индикатор
жыпылықтай бастағанда немесе тиісті түймесін басқан
кезде қараңғылық және сезгіштік индикаторы жанбаған
жағдайда, батареяны ауыстыру қажет.
ЕСКЕРТПЕ!
Егер сенсорлар жабық немесе пісіру доғасы толығымен
экрандалған болса, пісіру сүзгісі қараңғыланбауы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ!
Жыпылықтайтын
жарық
көздері
(мысалы,
стробоскопиялық жарық) пісіру жұмысы жасалып
жатпағанда, пісіру сүзгісінің индикаторын жыпылықтатуы
мүмкін. Мұндай кедергі алыс қашықтықтан және/немесе
шағылған жарықтан түзілуі мүмкін. Пісіру орны осындай
кедергілерден қоршалып тұруы қажет.
ЕСКЕРТУ!
Speedglas SL пісіру қалқаны доға жанғаннан кейін
қараңғыланбаса, жұмысты дереу тоқтатып, осында
берілген нұсқауларға сәйкес пісіру сүзгісін тексеріңіз.
Қараңғылық күйіне ауыспайтын пісіру сүзгісін
пайдалану көру мүмкіндігінен уақытша айыруы мүмкін.
Егер ақау анықталмаса немесе түзетілмесе, пісіру
сүзгісін пайдаланбаңыз, көмек алу үшін басшыңызға,
жабдықтаушыға немесе 3М қызметіне хабарласыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
СЫРТҚЫ ҚОРҒАНЫС ТАҚТАСЫН
АУЫСТЫРУ
С:1
және
С:2
суреттерінде
көрсетілгендей,
пайдаланылған сыртқы қорғаныс тақтасын шешіп,
жаңасын пісіру қалқанына орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ!
Қорғаныс тақтасы төрт жерінен нық бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
С:3 суретін қараңыз.
Содержание SPEEDGLAS SL
Страница 1: ...3M Speedglas WeldingHelmet SL Just scan this QR code or go to youtube com 3MSpeedglas com...
Страница 4: ......
Страница 72: ...68...
Страница 74: ...70...
Страница 75: ...71...
Страница 76: ...72 A 1 B 1...
Страница 77: ...73 B 3 Position D Position C Position B Position A B 2...
Страница 78: ...74 C 1 C 3 C 2A C 2B D 1 D 2 D 3...
Страница 79: ...75 E 1...
Страница 80: ...76 F 1 F 2...
Страница 81: ...77 H 1 For example 3M 1FT 720100 WARNING G 1...
Страница 82: ...78...
Страница 83: ......