41
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Аккумулятордың қалған ресурсын көрсету үшін 3М Adflo
ауаны мәжбүрлі жіберу блоктары үш сегментті көрсеткішпен
жабдықталған (В:1 суретті қараңыз). Соңғы сегмент
жыпылықтай бастап, ескертуші дыбыстық белгі естілгенде
аккумулятордың қалған қуаты 5%-ды құрайды. Біраз
уақыттан кейін дыбыстық белгінің тоны біршама өзгереді
және респиратор автоматты түрде ажыратылады. Қосымша
ақпарат алу үшін «Ақаулықтарды табу» бөлімін қараңыз.
3М Adflo ауаны мәжбүрлеп жіберу блоктарындағы
батареяларды ауыстыру (D:1 суретін қараңыз)
Батареяны ауыстырыңыз және оны сәл тартып көріп,
батареяның сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Батареяны қуаттау
Қуаттауыш құрылғы тек бөлменің ішінде пайдалануға
арналған. Қуаттауыш құрылғыны ылғал тиюден
сақтаңыз. Стандартты батареяны және сыйымдылығы
жоғары батареяларды қуаттаудың жалпы уақыты қалған
сыйымдылыққа байланысты 4-5 сағатты құрайды.
Батареяны респираторға орнатар алдында немесе
орнатқаннан кейін қуаттауға болады (С:1 суретін қараңыз).
Батареяны қуаттау кезінде респираторды пайдалануға
рұқсат етілмейді.
Қуаттауыш құрылғы қуаты 10,8В/32Вт-тан 10,8В/48Вт-қа
дейінгі 3М Adflo ионды-литийлі батареяларды жылдам
қуаттауға арналған.
Батареяларды қуаттау үшін тек мақұлданған
қуаттауыш құрылғыны пайдаланыңыз. Батареяларды
желдетілмейтін шкафтардың ішінде, қауіпті аймақтарда
немесе қарқыны жоғары жылу көздеріне тікелей жақын
жерлерде қуаттамаңыз.
Батареяларды
ұсынылған
температуралық
параметрлерін жұзып қолдануға, қуаттауға немесе
сақтауға тыйым салынады.
Режим
Суреттеме
Жарықдиодтық
көрсету
Күту
Үздіксіз сары
Сары
Жасыл
Алдын ала
қуаттау
Ақырын
жыпылықтайтын
сары
Сары
Жасыл
Дұрыс
температураны
күту
Кезекпе-кезек
жыпылықтайтын
сары мен жасыл
Сары
Жасыл
Тез қуаттау
Тез
жыпылықтайтын
жасыл
Сары
Жасыл
Қолдаушы
қуаттау
Баяу
жыпылықтайтын
жасыл
Сары
Жасыл
Дайындық
Үздіксіз
жыпылықтайтын
жасыл
Сары
Жасыл
Қате
Жылдам
жыпылықтайтын
сары
Сары
Жасыл
Қалыпты
пайдаланылған
және
аккумулятор
элементтерінің табиғи ескіруі кезінде батарея
сыйымдылығы біртіндеп азаяды. Егер батарея
ұзақ уақыт кезеңі ішінде сирек пайдаланылса, онда
аккумулятор элементтерінің химиялық деградациясы
салдарынан қуатталу-қуатсыздану кезеңінің толық
уақытына қол жеткізілмейді. Батареяларды ұсынылмаған
параметрлерде қолдану және қуаттау қол жетімді
сыйымдылықтың елеулі және қалыпқа келтірілмейтіндей
төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Батареяның қуатының
таусылуы туралы ескертуші дыбыстық белгіден кейін
респираторды қоспаңыз. Бұл батарея сыйымдылығының
әбден қуатсыздануына және орны толтырылмайтын
шығынға ұшыратуы мүмкін. Күн сайын батареяны
қолданып болғаннан кейін, тіпті батарея толық
қуатсыздалмаған болса да қуаттап отырыңыз. Бұл оның
қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі.
Тозған бөліктерін жергілікті заңнама талаптарына
сай жою қажет. Батарея блогын жою ережелерін
сақтамау қоршаған ортаны ластауға, өртенуге
немесе жарылысқа әкеп соғуы мүмкін.
ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сабын ерітіндісіне малынған жұмсақ ылғал шүперекті
пайдаланыңыз.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ
Жабдықты құрғақ, таза жайларда -20°C ден +55°C
-20 °C
+55 °C
,
ге дейінгі температурада, 90%-дан төмен қатысты
ылғалдықта сақтаңыз
<90%
.
Егер жабдық 0°С-ден төмен температурада сақталса,
онда батареяның толық сыйымдылығы толуы үшін
біраз уақыт бойы жылынуын күту керек.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Батареяның жұмыс
температурасының ауқымы -5°С-ден +55°С-ге дейін
Қуаттау температурасы
0-40°C
Батареяны зарядтау
айналымдарының саны:
шамамен 500
Стандартты батарея қуаты
10,8 В / 32 Вт
Сыйымдылығы жоғары
батарея қуаты
10,8 В / 48 Вт
Қуаттауыш құрылғының
кіру кернеуі
100В – 240В
50-60 Гц
Салмағы
Стандартты батарея
259 г
Сыйымдылығы жоғары
батарея
432 г
Содержание Adflo
Страница 11: ...9 1 3M Adflo 3 1 5 3M Adflo 3M Adflo D 1 4 5 3M Adflo 1 0 40 C 3 10 8 32 10 8 48 3M Adflo...
Страница 49: ...47 5 C to 55 C 0 40 C 500 10 8V 32 Wh 10 8V 48 Wh 100 V 240 V 50 60 Hz 259 432...
Страница 50: ...48 5 C to 55 C C 40 0 005 10 8V 32 Wh 10 8V 48 Wh 100 V 240 V 50 60 Hz 259 g 432 g...
Страница 54: ...52 B 1 A 1 Parts List 83 76 31 83 76 30 83 31 11...
Страница 55: ...53 D 1 C 1...