18
ҚазаҚша
ЕТТАРТҚЫШ VT-3614 G
Еттартқыш азық-түлікті өңдеу және үйде
жасалған жартылай фабрикаттарды дайындау
үшін арналған.
СИПАТТАМА
1.
Итергіш
2.
Азық-түлікке арналған астауша
3.
Еттартқыш бастиегінің корпусы
4.
Еттарқыш бастиегін орнату орны
5.
Еттарқыш бастиегі бекіткішінің
батырмасы
6.
Жұмыс режимдерінің ауыстырғышы
(
ON
/
0
/
R
)
7.
Құрылғы корпусы
8.
Шнек
9.
Крест тәрізді пышақ
10.
Ұсақ тартуға арналған торша
11.
Ірі тартуға арналған торша
12.
Еттартқыш бастиегінің сомыны
13.
Шұжықшаларды толтыруға арналған
қондырма
14.
Кеббе үшін арналған қондырма
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып
шыңыңыз және оны пайдалану мерзімі бойы
сақтаңыз. Құрылғыны осы басшылықта
жазылғандай тек оның тікелей міндеті бойынша
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс
пайдаланбау оның бұзылуына, пайдаланушыға
немесе оның мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі
мүмкін.
Электр еттартқышымен жұмыс істеу уақытында
өрттің, электр тоғымен зақымданудың немесе
басқа жарақаттардың тәуекелін азайту үшін
төменде аталған сақтандыру шараларын сақтау
керек:
•
Алғашқы іске қосу алдында, электр
желісіндегі кернеу құрылғының жұмыс істеу
кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Жеткізілім жинағына кіретін қосымша
бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
•
Электр тоғымен зақымдануға жол бермеу
үшін құрылғыны, желілік бауды және желілік
баудың айыртетігін суға немесе басқа
сұйықтықтарға ЕШҚАШАН БАТЫРМАҢЫЗ.
•
Еттартқыш корпусын тазалау үшін сәл
дымқыл матаны пайдаланыңыз, содан кейін
корпусты құрғатып сүртіңіз.
•
Ешқашан жұмыс істеп тұрған еттартқышты
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Еттартқышты пайдаланып болғаннан кейін
оны сөндіріңіз және электрлік желіден
ажыратыңыз.
•
Еттартқышты құрастырғанға, бөлшектегенге
дейін, сонымен қатар тазалағанға дейін оны
сөндіру және желілік айыртетікті ашалықтан
ажырату керек.
•
Құрылғыны түзу тұрақты бетке, жылу, ашық
от, ылғал, тікелей күн сәулелері көздерінен
алшақ ұстаңыз.
•
Құрылғыны ыстық бетке немесе сондайдың
(мысалы, газ, электр плитасы немесе
қыздырылған тандыр немесе пісіретін бет)
қасына орналастыруға тыйым салынады.
•
Құрылғыны панажайлардан тыс пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құрылғыны пайдалануды бастау алдында,
барлық бөлшектердің дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
•
Жұмыс істеу уақытында азық-түлікті
жүктейтін ауызға саусақпен немесе басқа
құралдармен итеруге тыйым салынады. Бұл
үшін итергішті пайдаланыңыз. Азық-түлікті
асыра күш салып итермеңіз.
•
Еттартқышты алғашқы пайдалану алдында,
өңделетін азық-түлікпен жанасатын барлық
шешілмелі бөлшектерді жақсылап жуыңыз.
•
Еттартқыш жаңғақтарды, қатты талшықтары
бар тағамдық азық-түлікті (мысалы, зімбір
немесе ақжелкек) ұсатуға, сүйегі бар етті,
сонымен қатар артық майы бар етті өңдеуге
арналмаған.
•
Еттартқыштың қозғалатын бөліктерінің
тоқтауын күтіңіз, және содан кейін ғана
құрылғыны бөлшектеңіз.
•
Құрылғының үздіксіз жұмыс істеу уақыты
10 минуттан аспауы керек, содан ұзақтығы
10-15 минут үізіліс жасау керек.
•
Еттартқышты «
ON
» режимінен «
R
» режиміне
және қайта ауыстыру алдында, оны сөндіріңіз,
және еттартқыштың барлық қозғалатын
бөліктерінің тоқтағанына көз жеткізіңіз, немесе
30 секундтан кем емес уақыт күтіңіз.
•
Желілік бауды ұқыпты пайдаланыңыз, оның
көп рет бұралуына жол бермеңіз, желілік
бауды уақытылы түзетіп тұрыңыз.
•
Желілік бауды құрылғыны тасымалдау
үшін пайдалануға тыйым салынады.
Еттартқышты тасымалдаған кезде корпустан
екі қолыңызбен ұстаңыз.
•
Кеббе қондырмасын пайдаланған кезде
турауға аранғалған торша мен крест тәрізді
пышақты орнатпаңыз.
IM VT-3614.indd 18
30.08.2016 11:17:41