![Vitek VT-3607 ST Manual Instruction Download Page 18](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-3607-st/vt-3607-st_manual-instruction_1036083018.webp)
18
ҚАЗАҚША
7.
Жұмсарған қабықты саптамаға (15) кигізіңіз де
қабықтың ұшындағы бауды байлаңыз.
8.
«ON/OFF» (8) түймесін басып құрылғыны
қосыңыз.
9.
Дайын тартылған етті беру үшін итергішті (1)
пайдаланыңыз, қабықтың толуына байланы-
сты оны саптамадан (15) шығарып отырыңыз,
қабықтың кеуіп қалуына қарай оны сумен
дымқылдандырып отырыңыз.
10.
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (8) «ON/OFF»
түймесін басып құрылғыны өшіріңіз, еттартқышты
электр желісінен ажыратыңыз, тек осыдан кейін
ғана еттартқышты бұзуға кірісуге болады.
11.
Ет тартқыштың бастиегін шешіп алу үшін
бекіткіш түймені (5) басыңыз, еттартқыштың
бастиегін (3) сағат тілі бағытында бұрыңыз да,
оны шешіп алыңыз.
12.
Сомынды (14) бұрап алыңыз және еттартқыш
бастиегін бөлшектеңіз.
«КЕББЕ» САПТАМАСЫН ПАЙДАЛАНУ
Кеббе – дәстүрлі таяу шығыс тағамы, оны еттен,
бидай ұнынан және дәмдеуіштерден дайындайды,
оларды қуыс түтікшелерді дайындау негізін алу
үшін бірге турайды. Қуыс түтіктер салындымен
толтырылады және фритюрде қуырылады.
Түтікшелерге арналған салмаларға тәжірибе
жасай отырып әртүрлі деликатестер дайындауға
болады.
1.
Қабыққа арналған негізді дайындаңыз.
2.
Құралған еттартқыш бастиегін (3) орнатып, оны
сағат тіліне қарсы бағытта бекітілгенше бұрыңыз.
3.
Еттартқыш бастиегінің корпусына (3) иірмекті (9)
орнатыңыз, иірмекке (9) «кеббе» саптамаларын
(16 немесе 17) орнатыңыз; саптамадағы дөңестер
(17) еттартқыш бастиегінің корпусындағы (3)
ойықтарға сәйкес келуін қадағалаңыз, одан кейін
сомынды (14) қатайтыңыз (сур. 9, 10)
4.
Азық-түлікке арналған астаушаны (2)
орнатыңыз.
5.
Қабыққа арналған дайын негізді азық-түлікке
арналған астаушаға (2) салыңыз.
6.
«ON/OFF» (8) түймесін басып құрылғыны
қосыңыз.
7.
Дайын қамырды итеру үшін итергішті (1) пайда-
ланыңыз.
8.
Дайын түтіктерді қажетті ұзындықпен кесіңіз.
9.
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (8) «ON/OFF»
түймесін басып құрылғыны өшіріңіз, еттартқышты
электр желісінен ажыратыңыз, тек осыдан кейін
ғана еттартқышты бұзуға кірісуге болады.
10.
Еттартқыштың бастиегін шешіп алу үшін
бекіткіш түймені (5) басыңыз, бастиекті (3) сағат
тілі бағытында бұрыңыз да, оны шешіп алыңыз.
11.
Сомынды (14) бұрап алыңыз және еттартқыш
бастиегін бөлшектеңіз.
РЕЦЕПТ
(Салма)
Қой еті
100 г.
Зәйтүн майы
1½ ас қасық
Пияз (жұқалап туралған)
1½ ас қасық
Дәмдеуіш
Керегінше
Тұз
¼ шай қасық
Ұн
1½ ас қасық
•
Қой етін еттартқышта бір немесе екі рет ұсақтау
қажет.
•
Домалақ бас пиязды зәйтүн майында қоңыр
түске дейін қуырады және оны фаршқа қосады,
содан кейін барлық дәмдеуіштерді, тұзды және
ұнды қосады.
(Қабығы)
Майсыз ет
450 г.
Ұн
150-200 г
Дәмдеуіш
Керегінше
Мускат жаңғағы
1 дн.
Қызыл ұнтақ бұры
Керегінше
Бұрыш
Керегінше
•
Етті еттартқыштан екі-үш рет өткізеді, мускат
жаңғағы бөлек тартылады, одан кейін барлық
компоненттері араластырылады.
•
Сыртқы қабықтағы еттің көп мөлшері және
ұнның аз мөлшері жақсы консистенция мен
дайын тағамның дәмін қамтамасыз етеді.
•
Дайын түтікшелерге салмалар салынады,
шеттерін қысып, түтікшелердің қалаған пішіні
жасалады.
•
Түтіктер фритюрде әзірленеді.
Көкөніс турағыш.
•
Көкөніс турағыш саптаманың корпусын (19)
еттартқыштың бастиегін орнатылатын орынға
(4) орнатыңыз және оны сағат тіліне қарсы
бағытта бекітілгенше бұраңыз (сур. 11).
•
Қондырманың (20, 21, 22) біреуін көкөніс тура-
ғыштың корпусына (19) орнатыңыз (сур. 12).
•
Желілік ашаны электр розеткасына сұғыңыз.
•
«ON/OFF» (8) түймесін басып құрылғыны
қосыңыз.
•
Жұмыс істеген кезде тек жеткізу жинағына кіретін
итергішті (18) пайдаланыңыз; көкөністерді итеру
үшін басқа заттарды пайдалануға тыйым салы-
нады, ешбір жағдайда көкөністерді қолмен
итермеңіз.
•
Көкөніс турағыш саптаманы (19) шешіп алу
үшін бекіткіш түймені (5) басыңыз, оны сағат
тілі бағытында бұрыңыз да, оны шешіп алыңыз.
•
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (8) «ON/OFF»
түймесін басып құрылғыны өшіріңіз, еттартқышты
VT-3607.indd 18
7/2/20 5:34 PM