17
ҚАЗАҚША
•
Етті тарту кезінде кептеліс пайда болуы мүмкін;
пайда болған кептелісті жою үшін иірмекті
кері айналдыру функциясын (REV) қолдану
керек. Иірмекті кері айналдыру режимін (REV)
ауыстырып-қосу үшін (8) «ON/OFF» түймесін
басып, еттартқышты өшіріңіз, одан кейін (7)
түймесін басып, ұстап тұрыңыз, иірмек кері
бағытта айналады.
•
Құрылғының үздіксіз жұмыс істеу уақыты
5 минуттан аспауы керек.
•
5 минут үздіксіз жұмыс істегеннен кейін
еттартқышты өшіріп қойған жөн, ол 10-15 минут
бойы сууы керек, осыдан кейін оны қайтадан
пайдалануға болады.
•
Жұмысты аяқтағаннан кейін (8) «ON/
OFF» түймесін басып құрылғыны өшіріңіз,
еттартқышты электр желісінен ажыратыңыз,
және тек осыдан кейін ғана еттартқышты
бөлшектеуге кірісуге болады.
ЕТТІ ӨҢДЕУ
1.
Ет тартқыштың бастиегін (3) орнатылатын
орнына (4) орнатыңыз және оны сағат тіліне
қарсы бағытта бекітілгенше бұраңыз (сур. 1, 2)
2.
Иірмекті (9) еттартқыш бастиегінің корпусына
(3) орнатыңыз (сур. 3).
3.
Айқаспалы пышақты (10) орнатыңыз (сур. 4).
4.
Бір қажетті торкөзді (11, 12 немесе 13) алып,
пышақтың үстінен торкөздегі дөңестер мен
еттартқыш бастиегінің (3) корпусындағы
ойықтарды сәйкестендіріп орнатыңыз, сомынды
(14) қатайтыңыз (сур. 5, 6)
Назар аудараңыз!
•
Пышақты кесетін бетін торкөзге
қаратып орналастырыңыз. Егер пышақ
дұрыс орнатылмаса, ол турау қызметін
орындамайды.
•
Аса ірі саңылаулары бар торкөздер (11, 12)
шикі етті, көкөністерді, кепкен жемістерді,
ірімшікті, балықты және т.б. тартуға қолайлы.
•
Майда саңылаулары бар торкөз (13) шикі және
піскен етті, балықты және т.б. тартуға
қолайлы.
5.
Еттартқыш бастиегінің корпусына (3) өнімдерге
арналған науаны (2) орнатыңыз.
6.
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
7.
«ON/OFF» (8) түймесін басып құрылғыны қосыңыз.
8.
Жұмыс істеу кезінде тек итергішті (1)
пайдаланыңыз.
Ескерту:
–
Етті өңдеу процесін жақсарту үшін оны
жолақша немесе куб тәрізді етіп тураңыз.
Мұздатылған етті толық еріту қажет.
–
Жұмыс істеген кезде тек жеткізу жинағына
кіретін итергішті пайдаланыңыз; етті итеру
үшін басқа заттарды пайдалануға тыйым
салынады, ешбір жағдайда етті саусақпен
итермеңіз.
9.
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (8) «ON/OFF»
түймесін басып еттартқышты өшіріңіз, және оны
электр желісінен ажыратыңыз, және тек осыдан
кейін ғана еттартқышты бөлшектеуге кірісуге
болады.
10.
Ет тартқыштың бастиегін шешіп алу үшін
бекіткіш түймені (5) басыңыз, еттартқыштың
бастиегін (3) сағат тілі бағытында бұрыңыз да,
оны шешіп алыңыз.
11.
Еттартқыштың бастиегін бөлшектеу үшін
сомынды (14) бұрап шешіп алыңыз да,
еттартқыш бастиегінің корпусынан орнатылған
торкөзді (11, 12 немесе 13), пышақты (10) және
иірмекті (9) шығарыңыз.
АВТОМАТТЫ СӨНУ ҚЫЗМЕТІ
Еттартқыш электомотордың қызуы кезінде
автоматты түрде ажыратылу функциясымен
жабдықталған.
•
Электромотор қызып кеткен кезде автоматты
термосақтандырғыш іске қосылады, осы кезде
еттартқыш сөніп қалады.
•
Бұл жағдайда желілік баудың айыртетігін
ашалықтан суырыңыз.
•
Ет тартқышты қайта қоспас бұрын шамамен
50-60 минуттай суытып алыңыз.
•
Ет тартқышты электр желісіне жалғап, оны
қосыңыз, егер еттартқыш қосылмаса, онда бұл
еттартқыштың басқа да зақымдануларының бар
екенін білдіреді. Бұл жағдайда еттартқышты
жөндету үшін рұқсаты бар (уәкілетті) сервси
орталығына апару керек.
ШҰЖЫҚТАРДЫ ТОЛТЫРУ
1.
Фаршты дайындаңыз.
2.
Құралған еттартқыш бастиегін (3) орнатып,
оны сағат тіліне қарсы бағытта бекітілгенше
бұрыңыз.
3.
Иірмекті (9) еттартқыштың бастиегі корпусына
(3) салыңыз, айқаспа пышақты (10) орнатыңыз,
торкөзді (13) (ұсақтап тартуға арналған) алыңыз
да, торкөздегі дөңестерді ет тартқыштың
бастиегі корпусындағы (3) ойыққа келтіріп, оны
пышақтың үстінен орнатыңыз, шұжықтарды
толтыруға арналған саптаманы (15) кигізіңіз
және сомынды (14) қатайтыңыз (сур. 7, 8)
4.
Азық-түлікке арналған астаушаны (2)
орнатыңыз.
5.
Азық-түлікке арналған астаушаға(2) дайын фар-
шты салыңыз.
6.
Шұжықтарды әзірлеу үшін табиғи қабықты
пайдаланыңыз, оны жылы суы бар ыдысқа
алдын ала 10 минут бойы салып қою керек.
VT-3607.indd 17
7/2/20 5:34 PM