![Vitek VT-3603 W Manual Instruction Download Page 18](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-3603-w/vt-3603-w_manual-instruction_1036080018.webp)
18
ҚазаҚша
•
Майда саңылаулары бар торкөз (12) шикі және
піскен етті, балықты және т.б. тартуға
қолайлы.
4.
Еттартқыш бастиегінің корпусына (3) өнімдерге
арналған науаны (2) орнатыңыз (сур. 3).
5.
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
6.
(7) түймесін басып құрылғыны қосыңыз.
7.
Жұмыс істеу кезінде тек итергішті (1)
пайдаланыңыз.
Ескерту:
- Етті өңдеу процесін жақсарту үшін оны жолақша
немесе куб тәрізді етіп тураңыз. Мұздатылған
етті толық еріту қажет.
- Жұмыс істеген кезде тек жеткізу жинағына кіретін
итергішті пайдаланыңыз; етті итеру үшін басқа
заттарды пайдалануға тыйым салынады, ешбір
жағдайда етті қолмен итермеңіз.
8.
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (7) түймесін
басып ет тартқышты өшіріңіз, еттартқышты электр
желісінен ажыратыңыз, тек осыдан кейін ғана ет
тартқышты бөлшектеуге кірісуге болады.
9.
Ет тартқыштың бастиегін шешіп алу үшін бекіткіш
түймені (4) басыңыз, еттартқыштың бастиегін
(3) сағат тілі бағытында бұрыңыз да, оны шешіп
алыңыз.
10.
Еттартқыштың бастиегін бөлшектеу үшін сомынды
(13) бұрап шешіп алыңыз да, еттартқыш бастиегінің
корпусынан орнатылған торкөзді (11, 12), пышақты
(10) және иірмекті (9) шығарыңыз.
ШҰЖЫҚТАРДЫ ТОЛТЫРУ
1.
Фаршты дайындаңыз.
2.
Иірмекті (9) еттартқыш бастиегінің корпусына (3)
орнатыңыз, иірмекке (9) шұжық дайындайтын
саптамаларды (14, 15) орнатыңыз; саптамадағы
дөңес (14) еттартқыш бастиегінің корпусындағы
ойыққа (3) дәл келуін қадағалаңыз, және сомынды
(13) қатайтыңыз (сур. 4).
3.
Құралған еттартқыш бастиегін (3) орнатып, оны
сағат тіліне қарсы бағытта бекітілгенше бұрыңыз
(сур. 5).
4.
Өнімдерге арналған науаны (2) орнатыңыз (сур. 6).
5.
Азық-түлікке арналған астаушаға(2) дайын
фаршты салыңыз.
6.
Шұжықтарды әзірлеу үшін табиғи қабықты
пайдаланыңыз, оны жылы суы бар ыдысқа алдын
ала 10 минут бойы салып қою керек.
7.
Жұмсарған қабықты саптамаға (15) кигізіңіз де
қабықтың ұшындағы бауды байлаңыз.
8.
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
9.
(7) түймесін басып құрылғыны қосыңыз.
10.
Дайын тартылған етті беру үшін итергішті (1)
пайдаланыңыз, қабықтың толуына байланысты
оны саптамадан (15) шығарып отырыңыз,
қабықтың кеуіп қалуына қарай оны сумен
дымқылдандырып отырыңыз.
11.
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (7) түймесін
басып ет тартқышты өшіріңіз, еттартқышты электр
желісінен ажыратыңыз, тек осыдан кейін ғана ет
тартқышты бөлшектеуге кірісуге болады.
12.
Ет тартқыштың бастиегін шешіп алу үшін бекіткіш
түймені (4) басыңыз, еттартқыштың бастиегін
(3) сағат тілі бағытында бұрыңыз да, оны шешіп
алыңыз.
13.
Сомынды (13) бұрап алыңыз және еттартқыш
бастиегін бөлшектеңіз.
«КЕББЕ» САПТАМАСЫН ПАЙДАЛАНУ
Кеббе – дәстүрлі таяу шығыс тағамы, оны еттен, бидай
ұнынан және дәмдеуіштерден дайындайды, олар
қуыс түтікшелерді дайындауға негіз алу үшін бірге
турайды. Қуыс түтіктер салындымен толтырылады
және фритюрде қуырылады.
Түтікшелерге арналған салмаларға тәжірибе жасай
отырып әртүрлі деликатестер дайындауға болады.
1.
Қабыққа арналған негізді дайындаңыз.
2.
Еттартқыш бастиегінің корпусына (3) иірмекті (9)
орнатыңыз, иірмекке (9) «кеббе» саптамаларын
(16, 17) орнатыңыз; саптамадағы (16) дөңес
еттартқыш бастиегінің корпусындағы ойыққа
(3) дәл келуін қадағалаңыз, және сомынды (13)
қатайтыңыз (сур. 7).
3.
Құралған еттартқыш бастиегін (3) орнатып, оны
сағат тіліне қарсы бағытта бекітілгенше бұрыңыз
(сур. 8).
4.
Өнімдерге арналған науаны (2) орнатыңыз (сур. 9).
5.
Қабыққа арналған дайын негізді азық-түлікке
арналған астаушаға (2) салыңыз.
6.
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
7.
(7) түймесін басып құрылғыны қосыңыз.
8.
Дайын қамырды итеру үшін итергішті (1)
пайдаланыңыз.
9.
Дайын түтіктерді қажетті ұзындықпен кесіңіз.
10.
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (7) түймесін
басып ет тартқышты өшіріңіз, еттартқышты электр
желісінен ажыратыңыз, тек осыдан кейін ғана ет
тартқышты бөлшектеуге кірісуге болады.
11.
Еттартқыштың бастиегін шешіп алу үшін бекіткіш
түймені (4) басыңыз, бастиекті (3) сағат тілі
бағытында бұрыңыз да, оны шешіп алыңыз.
12.
Сомынды (13) бұрап алыңыз және еттартқыш
бастиегін бөлшектеңіз.
РЕЦЕПТ
(Салма)
Қой еті
100 г.
Зәйтүн майы
1½ ас қасық
VT-3603 Bez_znahka.indd 18
21.11.2013 10:23:30