ҚАЗАҚ
32
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Құрылғыны қоспас, пайдаланбас жəне реттемес
бұрын нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Осы
нұсқаулықта келтірілген құрылғыны пайдалану
бойынша ескертулерді жəне ұсыныстардың
барлығын сақтау керек.
Нұсқаулықты сақтап қойыңыз, оны бұдан
кейін анықтамалық материал ретінде
пайдаланыңыз.
Назар салыңыз
Электр токпен соғу қауіпы
Ашуға болмайды
Ескерту: Өрт қаупінің пайда болуын немесе электр
тоғының соғуын болдырмас үшін құрылғыны
жаңбырдың немесе ылғалдың əсеріне ұшыратпаңыз.
Электр тоғының соғуын болдырмас үшін
құрылғының корпусын өз бетіңізше ашпаңыз.
Сервистік қызмет көрсетуді сервис орталықтарының
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Қауіпты кернеу
Тең қабырғалы үшбұрыштың ішіндегі
найзағай белгісі пайдаланушыға
электр тоғының соғу қаупі бар,
құрылғының корпусының ішінде
қауіпті тоқ кернеуінің бар екендігін
көрсетеді.
Назар салыңыз
Тең қабырғалы үшбұрыштың
ішіндегі леп белгісі пайдаланушыға
пайдалану нұсқаулығының
мазмұнында маңызды ұсыныстар
бар екендігін көрсетеді
CLASS 1 LASER PRODUCT
Берілген өнім 1 ТАПТЫҢ ЛАЗЕРЛІК
ҚҰРЫЛҒЫСЫ ретінде жіктеледі. Сəйкес
жапсырма құрылғының артқы панелінде
орналасқан жəне құрылғы лазерлік сəулелерді
пайдаланатынын білдіреді. Аспапты ашпаса,
лазерлік сəулелену мүмкіндігі болмайды.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ
БІЛІКТІ МАМАНДАРЫ ҒАНА АСПАПҚА ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ КЕРЕК.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қоректендіру көздеріне қосу
Егер құрылғыда қандай-да бір ақаулықтар
болса, желілік бауы немесе айыр тетігі
бұзылған болса, сонымен қатар құлағаннан
кейін пайдаланбаңыз.
Электр желісіндегі кернеудің құрылғының
жұмыс істеу кернеуіне сəйкес келуін тексеріңіз
Құрылғыны үйден тыс пайдаланбаңыз.
Желілік бауды жəне айыр тетікті суға немесе
басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Желілік баудың үстелдің шетінен
салбырауына жол бермеңіз, сонымен қатар,
оның ыстық беттермен қатынаспауын
қадағалаңыз.
Аспапты ыстық көздерінің немесе ашық
оттың тікелей қасында пайдаланбаңыз.
Аспапты суға салуға тыйым салынады. Өрттің
пайда болуын немесе электр тоғы соққысын
болдырмау үшін бұл құрылғыны жоғары ылғалды
жерлерде орналастырмаңыз (жуынатын
бөлмелердің, суы бар шылапшындардың,
асханалық бақалшақтардың, кір жуатын
машиналардың, жүзу хауыздарының қасында,
дымқыл жертөлелерде жəне т.с.с.) Құрылғыға
тамшылардың немесе шашырандылардың
тиюін болдырмаңыз.
Ашалықтар мен ұзартқыштарды шамадан тыс
жүктемеңіз, себебі бұл өртке немесе электр
тоғымен зақымдануға соқтыруы мүмкін.
Бұзылу жағдайында желілік баудың айыр
тетігін ашалықтан тез арада ажыратуға
мүмкін болатындай етіп бұл құрылғыны
орналастырыңыз. Желілік сымдар құрылғыдан
шығатын жерінде тартылып тұрмауы керек;
оларды шатасып қалмайтындай етіп, оларға
қандай-да бір заттар қойылмайтындай етіп
орналастыру қажет.
Құрылғының жасаушысымен рұқсат етілмеген
желілік ұзартқыштарды пайдаланбаңыз, себебі
бұл қауіпті болуы мүмкін.
Құрылғыны найзағай уақытында, сонымен
қатар Сіз оны ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын
жағдайларда қосымша қорғау үшін, оны
электрқорегі ашалығынан ажыратыңыз. Бұл
найзағай ұрғанда немесе электр желісіндегі
секірулерден құрылғының істен шығуын
болдырмайды.
Желілік бауды ажырату үшін тікелей айыр
тетіктен ұстаңыз, ешбір жағдайда баудан
тартпаңыз.
Айыр тетіктен сулы қолмен ұстамаңыз
Құрылғының қозғалатын бөліктерін
майламаңыз
Электр тоғы соққысын болдырмау үшін құрылғы
қорабын өз бетіңізбен ашпаңыз. Аспапты
жөндемеңіз жəне оған өзгертулер енгізбеңіз.
Қызмет көрсету орталықтарының білікті
3460IM.indd 32
3460IM.indd 32
03.02.2010 12:56:44
03.02.2010 12:56:44
Summary of Contents for VT-3460 BK
Page 1: ...ENGLISH 1 3460IM indd 1 3460IM indd 1 03 02 2010 12 56 39 03 02 2010 12 56 39...
Page 2: ...3460IM indd 2 3460IM indd 2 03 02 2010 12 56 41 03 02 2010 12 56 41...
Page 13: ...13 a b c d e f 3460IM indd 13 3460IM indd 13 03 02 2010 12 56 43 03 02 2010 12 56 43...
Page 22: ...22 1 1 3460IM indd 22 3460IM indd 22 03 02 2010 12 56 43 03 02 2010 12 56 43...