23
ҚазаҚша
–
Өңделетін өнім көлемі тостағанның (13)
2/3 көлемінен аспауы қажет.
–
Желі баусымының ашасын розеткаға
тығыңыз.
Ескертпе:
- блендер тостағаны (13) дұрыс
орнатылмаса, блендер іске қосылмайды.
–
Жұмыс
режимдерінің
ауыстырғышы
арқылы (5) пышақтардың қажетті айналу
жылдамдығын орнатыңыз.
«0» блендер сөндірілген
«1-2-3» – сұйық өнімдерді араластыруға
арналған.
«4-5»– сұйық және қатты өнімдер үшін.
–
Жұмыс арасындағы үзілістерде тостағанға
(13) қажетті ингредиенттерді қосуға
болады. Ол үшін блендер тостағанының
(13) қақпағын шешіп алыңыз және қажетті
ингредиенттерді
қосыңыз,
қақпақты
жабыңыз.
–
Құрылғымен жұмысты аяқтап, жұмыс
режимдерін ауыстырғышты (5) күйіне «0»
орнатыңыз және желі баусымының ашасын
розеткадан суырыңыз.
–
Блендер тостағанын (13) шешіп алыңыз, ол
үшін оны сағат тіліне қарсы бұраңыз.
–
Тостағаннан (13) қақпақты шешіп алыңыз
және өнімдерді шығарыңыз.
–
Жұмыс аяқталғаннан соң блендер
тостағанын (13) жуып жіберіңіз.
Ескертпе:
- Егер тағамдарды өңдеу
қиындық тудырса, блендер тостағанына
(13) шамалы су, қайнатпа немесе шырын
қосуға болады.
–
Қорғаныс қақпағын (3) орнына орнатыңыз,
және оны сағат тілі бойынша қақпақтағы
(3) белгі «▼» миксер корпусындағы
белгімен «▲» сәйкестенгенге дейін
бұраңыз.
Ескертпе:
- миксер іске қосылмайды, егер
қақпақ (3) дұрыс орнатылмаса.
ЧОППЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Чрппер тостағанында қатты өнімдерді
ұсақтау барысында жұмыс ұзақтығы
30 секундтан аспауға тиіс. Миксердің
қайта қосуын 5-10 минуттан кейін ғана
жүзеге асырыңыз.
Чоппер етті, сырды, пиязды, шөптерді,
сарымсақты, сәбіздi, грек жаңғағын, бадамды,
қара өрік, жемістер мен көкеністерді ұсақтау
үшін қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мұз текшелері, мұздатылған өнімдер, жұпар
жаңғағы, кофе дәндері, дәнді дақылдар және
басқалары сияқты өте қатты өнімдерді
ұсақтауға тыйым салынады.
Ұсақтауды бастамас бұрын:
–
Етті, сырды, пиязды, жемістерді және
көкеністерді шамамен 2х2 см кесектеп
тураңыз.
–
Шөптердің сабағын алып тастаңыз,
жаңғақтарды қабығынан тазартыңыз;
–
Еттің сүйектерін, сіңірлерін және
шеміршектерін жойыңыз.
Ұсақтау
Абайлаңыз: ұсақтағыш-пышақ тың жүзі (18)
өте өткір!
Ұсақтағыш-пышағын (18)
әрқашан пластмассалы ілмегінен ұстаңыз.
–
Чоппер тостағанын (17) тегіс, құрғақ және
тұрақты бетке орнатыңыз.
–
Пластмасс ілмегінен ұстап тұрып ұсақтағыш-
пышақты (18) чоппер тостағанының (17)
ортасындағы осіне орнатыңыз.
–
Өнімдерді чоппер тостағанына (17)
салыңыз.
Ескертпе:
- құрылғыны чоппер тостағаны
(17) бос болғанда іске қоспаңыз.
–
Қақпақты (16) чоппер тостағанға (17)
орнатыңыз және оны сағат тіліне қарсы
тірелгенге дейін бұраңыз « ».
–
Қондырма-блендер орнатылған орынның
қақпағын (7) ашыңыз, миксерді қақпаққа
(16) орнатыңыз және оны тірелгенге дейін
«
» сағат тіліне қарсы бұраңыз, миксердің
берік бекігендігіне көз жеткізіңіз.
–
Құрылғы іске қосылуы үшін импульстік
режим батырмасын (6) «Р» басып ұстап
тұрыңыз.
–
Жұмыс істеу барысында миксерді бір
қолыңызбен ұстап, чоппер тостағанын (17)
екінші қолыңызбен ұстап тұрыңыз.
–
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
ұсақтағыш-пышақтың (18) толық тоқтағанын
күтіңіз.
–
Желі баусымының ашасын электр
розеткадан суырыңыз.
–
Миксерді қақпақтан (16) ажыратыңыз, ол
үшін оны сағат тілі бойынша бұраңыз « ».
–
Қақпақты (16) сағат тіліне қарай бұрап
шешіп алыңыз.
IM VT-1430.indd 23
13.12.2018 15:37:37