![Scarlett SC-MG45S40 Instruction Manual Download Page 17](http://html1.mh-extra.com/html/scarlett/sc-mg45s40/sc-mg45s40_instruction-manual_1208617017.webp)
IM013
SC-MG45S40
17
KZ
ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
•
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда
таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және
біздің компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге
алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында
суреттелген техникалық талаптар орындалған
жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің
өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына
кепілдік береді.
•
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын
тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған
және іске пайдалану нұсқаулығында келтірілген
пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның
қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға табыс етілген
күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған
шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет
мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай
асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың
назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•
Алғашқы қосудың алдында жапсырмадағы
аспаптың техникалық сипаттамалары электр
желісінде белгіленген параметрлерге сәйкес
болғанын тексеріңіз.
•
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана
тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Құрал
өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
•
Бөлмелерден тыс қолданбаңыз.
•
Электр желісіне қосылмаған жағдайда
аспапты бөлшектеуге тыйым салынады.
Тазалау алдында немесе пайдаланбаған уақытта
аспапты электр желісінен үнемі ағытып
отырыңыз.
•
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар,
немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың
(соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны
пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың
бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
•
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды
үнемі қадағалап отыру керек.
•
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ
болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол
уәкілеттік берген сервис орталығы немесе соған
ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
•
Электр тогының ұрынуы мен жануына тап болмау
үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға
түсірмеңіз. Егер ондай жағдай болса, оны электр
жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз және қызмет
көрсету орталығына тексертіңіз.
•
Аспаппен ойнауға балаларға рұқсат бермеңіз.
•
Желіге қосылған құралды бақылаусыз
қалдырмаңыз.
•
Жеткізу жинағына енгізілмеген керек-жарақтарды
қолданбаңыз.
•
Қоректену баусымы зақымдалған аспапты
қолданбаңыз.
•
Аспапты өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз.
Олқылықтар пайда болса, жақын арадағы қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
•
Қоректену баусымы өткір жиектер мен ыстық
үстілерге тигізбеуін қадағалаңыз.
•
Қоректену баусымын тартпаңыз, орамаңыз және
кез-келген затқа орамаңыз.
•
Аспапты ыстық газды немесе электрлік плитаға
қоймаңыз, жылы орындар маңына жақын
орналастырмаңыз.
•
Аспаптың жылжымалы бөлшектеріне қол
тигізбеңіз.
•
Өткір пышақпен жұмыс істегенде сақ болыңыз.
•
Азықты өңдіршекке саусақпен итермелеңіз, ол
үшін итергішті пайдаланыңыз. Егер ол
көмектеспесе, аспапты электр желісінен
ағытыңыз, оны бөлшектеңіз және оның
тығындалып қалған орындарын тазалап жіберіңіз.
•
Аспапты тасымалдаған кезде азыққа арналған
лоток немесе өңдіршегінен емес, корпусын екі
қолмен ұстағаныңыз жөн.
•
Сүйек, жаңғақ, зімбір сияқты қатты азықты өңдуге
еттартқышпен пайдаланбаңыз
•
Қозғалтқышты қызудан қорғау жүйесі іске
қосылса, аспап толық суынбағанша оны
пайдаланбаңыз.
•
Үзіліссіз жұмыс істеуінің максималды уақыты
–
міндетті түрде 10минут үзілісі болғанда 10
минуттан аспауы тиіс.
•
Аспапты бөлшектеу алдында оның сөндірілгенін,
электр желісінен ағытылғанын және қозғалтқышы
толық тоқталғанын анықтаңыз.
•
Аспапты азықпен тым толтырмаңыз.
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен
температурада тұрса, іске қосар алдында оны
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында
ұстау керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс
өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның
құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
•
Азықпен шектесетін ет тартқыш бөлімдерін,
(тұлғадан басқа) жуу құралдармен жылы суда
жуыңыз.
•
Аспапты электр жүйесіне қосар алдында оның
сөндірілгенін анықтаңыз.
ЖҰМЫС
ҚҰРАСТЫРУ (1-7)
•
Корпустағы ұяға еттартқыш блогін орнатыңыз, бір
қолмен ұстап тұрып, екінші қолмен панель
тесікшесіне бекіткішті орнатыңыз және сағат тілі
бойынша айналдырыңыз.
•
Шнекті ұзын ұшымен блокка орнатыңыз да ол
орнына түспегенше айналдыра беріңіз.
•
Шнекке пышақты орнатып, кейін торлардың
біреуін пышақтың кесу қырын келтірумен
еттартқыш блогі корпусының ойықтарына
келтіріңіз, әйтпесе ет тартылмауы мүмкін.
•
Сақиналы сомынды тартыңыз (тым асырмай
тартыңыз) .
•
Азыққа арналған науаны еттартқыш блогына
орнатыңыз.
•
Еттартқышты тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
•
Сол жақ пен оң жақ панельдегі ауа тесікшелерін
бітемеңіз.
ЕТТІ ӨҢДЕУ
•
Ет салатын ұңғыдан оңай өтетіндей етіп, етті
кесектеп тураңыз.
•
Ет тартқышты злектр желісіне қосыңыз да,
қосқышты ON қалпына, ON/R ажыратып-
қосқышын ON қалпына қойыңыз.
Summary of Contents for SC-MG45S40
Page 4: ...IM013 www scarlett ru SC MG45S40 4...
Page 10: ...IM013 www scarlett ru SC MG45S40 10 10 10 0 C 2 1 7 i ON ON R ON 0 ON R R...
Page 11: ...IM013 www scarlett ru SC MG45S40 11 50 SCG 10 10 0 C 2 oje 1 7...
Page 17: ...IM013 www scarlett ru SC MG45S40 17 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 10 10 0 C 2 1 7 ON ON R ON...