IM022
SC-GS135S09
15
Су құятын сауытқа ең үлкен деген белгіден асырмай су құйыңыз. Сауытты орнына
салыңыз.
ЕСКЕРТУ! Сауытқа суды тек аспап электр желісінен ажыратулы тұрғанда ғана құйыңыз.
Аспапты тік қалпында ұстап тұрып бір қолыңызға алыңыз да, екінші қолыңызбен аспапқа
қондырмалардың бірін кигізіп, сырт еткенге дейін бекітіңіз. Қондырманы алу үшін өзіңізге
қарай тартыңыз.
ЕСКЕРТУ! Күйіп қалмас үшін қондырманы тек аспап жұмыс істемей тұрғанда және
суығанда орнату керек.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз, осы іске қосу түймесін басыңыз, бұл орайда жарық
индикаторы жыпылықтай бастайды
.
Индикатор жыпылықтауын қойған кезде, бумен тегістеуге кірісуге болады.
Бумен пісіргіште үш бу беру режимі бар
. Мыжылу дәрежесіне немесе
матаның түріне байланысты қажетті режимді таңдаңыз.
Қажетті бу режимін орнату үшін басқару түймесін бірнеше рет басыңыз: 1 рет – қосу
және жеңіл бу; 2 рет – орташа қуат буы, 3 рет – қуатты бу.
БУМЕН ТЕГІСТЕУ
Қолмен басқарылатын бумен тегістегіш аспапты пайдалану оңай және ол киімдегі,
перделердегі, сондай-ақ жиһаздағы қатпарларды жазу үшін тамаша жарайды.
Аспапты матаның барлық түрлеріне, зауыттық затбелгіге сәйкес пайдалануға болады.
Мақта мен зығырды немесе жүн мата мен жібекті таңдау үшін басқару тақтасындағы
тиісті түймені басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Металл әшекейлердің айналасындағы матаны бумен тегістемеген дұрыс.
Асып төгілуден қорғау – аспап оңтайлы қызған күйге жетпейінше, сорғы су беруді
бастамайды.
Бумен тегістегішті матаға 5 см-ден аспайтын жерден жақындатыңыз да, жоғары-төмен
қозғалтыңыз.
Бумен тегістеу кезінде дырылді сезесіз және ызылдаған жіңішке дыбысты естисіз.
Бу берілуін тоқтату үшін бу шығаратын батырманы босатыңыз.
ЕСКЕРТУ: бумен тегістегіш аспап температурасы жоғары бу шығарады, бумен
тегістегіштің жоғарғы жағын қолмен ұстамаңыз, бумен тегістеу кезінде бу шығатын
саңылаулардың өзіңізге бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ
Іске қосу түймесін басу арқылы аспапты өшіріңіз
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Су құятын сауытты ағытып алыңыз да, суды шұңғылшаға төгіңіз.
КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Бумен тегістегіш аспаптан шөткені шешіп алыңыз.
Сыртқы жағын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Жеміргіш немесе түрпілі тазартқыш заттарды немесе еріткіштерді қолдануға болмайды.
Бумен тегістегіш аспапты суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа салмаңыз.
Аспапты жылу көздеріне жақын жерде немесе күн сәулесі тура түсетін жерлерде
сақтауға болмайды.
Бу шығатын саңылаулардың таза екенін әрқашан тексеріп тұрыңыз.
ҚАҚТАН ТАЗАРТУ
Аспаптың ішінде қақ түзілуіне жол бермеу үшін дистилденген немесе тұздардан
тазартылған суды пайдаланған жөн.
Жай суды пайдаланған жағдайда, уақыт өте келе бумен тегістегіштің негізгі тораптары
мен бөлшектерінде қақ түзіледі. Бумен тегістегішті қақтан тазарту процедурасын ай
сайын жүргізіп отыруды ұсынамыз.
50% сірке су мен 50% судан ерітінді дайындаңыз.
Ерітіндіні сауытқа ақырындап құйыңыз.
Ерітінді қолданылатын жұмыс циклын іске асырыңыз (киімдерге емес). Қажет болған
жағдайда тағы бір циклды іске асырыңыз.
Содан кейін сауытты ағын суға жуыңыз. Сауытқа таза су құйыңыз да, бір жұмыс циклын
орындаңыз. Бумен тегістегіш қайтадан жұмысқа дайын.
Summary of Contents for SC-GS135S09
Page 3: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 3 220 240 V 50 Hz 1600 W 0 9 1 2 kg mm 115 140 275...
Page 7: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 7 8...
Page 8: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 8 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 1 2 3 5...
Page 9: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 9 50 50 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...
Page 10: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 10...
Page 11: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 11 8 0 C 2 XX XXXX XX XXXX...
Page 12: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 12 1 2 3 5 50 50...
Page 13: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 13 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...
Page 14: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 14 8 0 C 2 XX XXXX XX XXXX...
Page 15: ...IM022 www scarlett ru SC GS135S09 15 1 2 3 5 50 50...
Page 32: ......