347
Қазақ тілі
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion)
батареяны қолданбаңыз
Литий ионды батареяны қауіпсіз етіп тастау үшін
жақын жердегі өкілетті қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Абайлаңыз
Қауіпсіздік шараларын қолданбау және
ережелерді сақтамау ауыр жарақатқа
немесе меншіктің зақымдалуына әкелуі
мүмкін
Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың
жанында пайдаланбаңыз
Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік
сигналдарын пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық
құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.
Құрылғыңызды ауруханада, ұшақта немесе радио
жиілік арқылы кедергі келтіруі мүмкін көлік
жабдығының жанында пайдаланбаңыз
• Құрылғы электр кардиостимуляторға
кедергі келтіретіндіктен, құрылғыны электр
кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см ауқымында
пайдаланбаңыз.
• Кардиостимуляторға жасалатын кедергіні азайту үшін,
құрылғыны тек дененің кардиостимулятор орналасқан
жағына қарама-қарсы жерде ғана пайдаланыңыз.