
34
Pipe Vise User Guide
8. İşin yapılabilmesi için boru ve mengenenin sabit olduğundan emin olun.
Mengeneyi kullanırken, uzanmayın ve her zaman dayanma noktası ve
dengeyi koruyun. Bu beklenmedik durumlarda daha iyi kontrol sağlar.
İş parçasına aşırı veya uzun süreli ısı uygulamayın – bu mengeneyi
aşırı ısıtabilir ve mengenenin malzeme özelliklerini değiştirebilir.
9. Boru Bükme:
Bükmek için boruyu gösterildiği şekilde yerleştirin. Kayma ve
boru hasarını önlemek için borunun ucunun destek noktalarından
yeterince uzakta olduğundan emin olun. Boruyu bükmek için boruya
kademeli kuvvet uygulayın.
A) Tezgah Tipi Zincirli Mengene
B) Tezgah Tipi Çatallı Mengene
Şekil 3 – Boru Bükme
Borunun eğilme riskini azaltmak için boruyu her seferinde yaklaşık
10 derece bükün, istenilen bükülme elde edilene kadar boruyu
bükme makaralarında hafifçe içeri ve dışarı doğru hareket ettirin.
KK
Құбыр іскенжесін пайдалану нұсқаулығы
ЕСКЕРТУ
Ауыр дене жарақаты қаупін азайту үшін осы
құралды пайдалану алдында пайдаланылатын
барлық жабдық пен материалдың ескертулері
мен нұсқауларын оқып шығыңыз.
•
Іскенже мен құбырды тиісті түрде тіреңіз.
Жабдықты тиісті
түрде тіремеу іскенженің аударылуына, құбырдың құлауына,
шынжырдың үзілуіне және ауыр дене жарақатына әкелуі
мүмкін.
• Тиісті қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз.
Жарақат қаупін
азайту үшін үнемі тиісті қорғаныш көзілдірігін және аяқ киімін
киіңіз.
• Тұтқа ұзартқыштарын (“бастырмалар”) қолданбаңыз не
артық күш салмаңыз.
Олар құралды зақымдауы не ауыр дене
жарақатына әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ
Тиісті материалдарды таңдау және орнату, біріктіру
және түзу әдістері жүйе жасақтаушысының және/немесе
орнатушысының жауапкершілігіне жатады. Жарамсыз
материалдарды және әдістерді таңдау жүйенің істен шығуына
әкелуі мүмкін.
Тот баспайтын болат және басқа коррозияға төзімді материалдар
орнату, біріктіру және түзу кезінде ластануы мүмкін. Бұл ластану
коррозияны және мезгілінен бұрын бұзылуға әкелуі мүмкін.
Химиялық зат пен температураны қоса белгілі бір қызмет көрсету
жағдайларына материалдар мен әдістердің жіті бағалануы кез
келген орнату әрекеті алдында орындалуы қажет.
Егер осы RIDGID® өніміне қатысты қандай да сұрағыңыз болса:
– Жергілікті RIDGID дистрибьюторына хабарласыңыз.
– Жергілікті RIDGID байланыс орнын табу үшін RIDGID.com
торабына кіріңіз.
– Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне rtctechservices@emerson.
com мекенжайы немесе АҚШ пен Канада аумағында (800) 519-3456
нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласыңыз.
Сипаттама
RIDGID® құбыр іскенжелері құбырды ұстау және теңселту үшін
шынжырлы не қайырмалы жақтаулы іскенжені пайдаланады. Құбыр
іскенжелерінің көбісінде құбырды бүгу мүмкіндіктері бар.
Шеберүстел іскенжелері шеберүстеліне немесе басқа орнықты
көлденең тұғырға орнатылады. Жеңіл қолдану түрлері үшін тасымал
іскенжелер уақытша бекітуге арналған қысқышпен не шынжырмен
жабдықталады. Іскенжелерді/қармауыштарды пластик құбырмен
пайдалануға болады.
Спецификациялар бойынша өнім жапсырмасын немесе RIDGID
каталогын қараңыз.
A. Шеберүстел шынжырлы іскенжесі
C. Тасымал қайырмалы іскенже
D. Тасымал шынжырлы іскенже
Қысқыш
бұранда
жиынтығы
Негіз
B. Шеберүстел қайырмалы іскенжесі
Қайырмалы
жақтау
Тұтқа
Топсалы
шынжыр
Дөңгелек буынды
шынжыр
Ілмек
Тұтқа
Топсалы
шынжыр
1-сурет – RIDGID құбыр іскенжелері
Тексеру/техникалық қызмет көрсету
Тексеруді жеңілдету және басқаруды жақсарту үшін іскенжені
тазалаңыз. Әр пайдалану алдында іскенженің тиісті түрде құрылғанын,
тозу, зақым, түрлендіру белгілерінің жоқтығын немесе қауіпсіз
пайдалануға әсер етуі мүмкін басқа мәселелердің жоқтығын тексеріңіз.
Қармауыштарды сымды қылшақпен тазалаңыз. Құбырдың таюын
болдырмау үшін тістері зақымдалған қармауыштарды ауыстырыңыз.
Егер ақаулықтар анықталса, олар түзетілмейінше пайдаланбаңыз.
Шынжырлы іскенжелерде шынжыр байланыстарының үзіліп кетпегенін
не кез келген зақымның жоқтығын тексеріңіз. Байланыстың үзілуі
шынжырдың шамадан көп керілгенін және оны ауыстыру қажет екенін
білдіреді. Қызмет көрсеткен кезде тек RIDGID компаниясының тиісті
қосалқы бөлшектерін пайдаланыңыз.
Орнату бекіткіштерінің қатайтылғанын растаңыз.
Барлық қозғалатын бөліктерді/жалғамаларды қажет болған кезде жеңіл
жақпа маймен майлаңыз. Кез келген артық майды сүртіп шығыңыз.
Орнату/пайдалану
1. Барлық жабдықтың нұсқауларға сәйкес тексеріліп
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
2. Қайырмалы іскенжені құру:
a. Қайырмалы жақтауды ілмекті қажетінше солға немесе оңға
бағыттап, негізге орналастырыңыз
(2-сурет)
.