147
CPAP құралы қосылып тұрса және дұрыс жұмыс істеп тұрса, CPAP құралынан
келген жаңа ауа киілген масканың ауа саңылаулары арқылы тысқа шығарылады.
Бірақ, CPAP құралы жұмыс істеп тұрмаса, маска арқылы таза ауа жеткілікті
мөлшерде қамтамасыз етілмейді, және шығарылған дем қайта тынысталуы мүмкін.
Бұл ескерту CPAP жүйелерінің көптеген үлгілеріне қатысты.
•
Егер құралмен бірге оттегі қолданылса, құрал өшірілген кезде оттегі ағыны да
өшірілуі тиіс.
Ескерту түсіндірмелері:
Құрал өшіріліп тұрғанда және оттегі ағыны
қосылған күйінде қалған кезде, өкпені жасанды тыныстандыру аппаратының
түтіктеріне жеткізілген оттегі құрал корпусында жиналуы мүмкін. Құрал ішінде
жиналған оттегі өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
•
Қосымша оттегі ағыны бекітілген мөлшерде берілгенде жұтылған оттегінің
концентрациясы қысым өлшемдеріне, емделушінің демалу ерекшеліктеріне, маска
түріне және жылыстау мөлшеріне байланысты әр түрлі болады. Бұл ескерту CPAP
және екі деңгейлі жүйелердің көп үлгілеріне қатысты.
•
CPAP немесе EPAP (экспираторлы оң ауа қысымы) қысымдары төмен болған
жағдайда, дем шығару саңылаулары арқылы шығатын ағын түтіктердегі деммен
шыққан газдарды тазартуға жеткіліксіз болуы мүмкін. Сол ауа қайта жұтылуы мүмкін.
•
Дем шығару құрылғысын жалғау ұлғайған жылыстау мөлшерінің орнын толтыру үшін
терапиялық қысым деңгейінің ретеуін қажет етеді.
Мүмкіндіктер
A
B
C
D
E
F
G
H
A
Мұрындықтың төбе бауы
B
Ілмектері бар мұрындықтың жоғарғы бауы
C
Ілмектері бар мұрындықтың төменгі бауы
D
Маска жастықшасы
E
Қысқыш
F
Түтікті тез босату механизмі
G
Кірістірілген дем шығару порттары бар буын (бұғаттамаңыз)
H
Маска жақтауы
Қолдануға дейін нұсқауларды түгел оқып, толық түсініңіз.
•
Масканы толықтай қолмен жуыңыз .
•
Бетіңізді жуыңыз. Қолыңызға немесе бетіңізге ылғалдандыратын крем/лосьон
жақпаңыз.
•
Маскадағы зақымдалған немесе тозған жерлердің бар-жоғын тексеріңіз. Барлық
зақымдалған немесе тозған бөлшектерді алып тастаңыз немесе ауыстырыңыз.
Summary of Contents for RESPIRONICS Pico Traditional Nasal Mask
Page 178: ...178 ...
Page 179: ...179 ...
Page 180: ...1110082 R02 LZ 04 29 2014 2014 Koninklijke Philips N V All rights reserved ...