25
KAZ
Пешті күту
1. Пешті тазалар алдында оны сөндіріңіз және
қуатпен қамту сымын желілік розеткадан
ажыратыңыз.
7. Айналдыратын үстелді үнемі шығарып және
тазалап отыру қажет. Оны жылы сабынды
сумен немесе ыдыс жуатын машинада
жуыңыз.
2. Пештің ішкі жағын, есіктердің тығыздалуын
және тығыздалу беттерін үнемі тазалап отыру
қажет. Тағамның бөліктері, пештің
қабырғасында, есіктің тығыздағышындағы
және тығыздағыштың маңайындағы беттердегі
сұйықтық тамшыларын дымқыл шүберекпен
сүртіңіз. Қатты ластанған кезде жұмсақ
тазалағыш құралдарды пайдалануға болады.
Күшті жуатын немесе абразивті құралдарды
пайдалану ұсынылмайды. Пеш камерасының
оң жақ қабырғасында орналасқан
магнетронның қорғаныс пластинасы бөлігін
тазаламаңыз.
ӨНЕРКӘСІПТІК ПЕШ ТАЗАРТҚЫШТАРДЫ
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
8. Пештің роликті сақинасын және түбін
пештің шусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін тазалап тұру қажет. Төменгі бетін
жұмсақ жуу құралымен, мысалы ыдысқа
арналған сұйық сабынмен жуыңыз, содан
кейін құрғатып таза матамен сүртіңіз.
Роликті сақинаны сабынды сумен жууға
болады. Пеш ұзақ уақыт жұмыс істеген
кезде, оның ішінде кір жиналады, бірақ ол
түбіне және сақина роликтеріне ешқандай
әсер етпейді. Тазалау үшін алынған роликті
сақинаны микротолқынды пештің түбіне
дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
3. Есіктің әйнек жағын тазалау үшін үшкір
металл қырғыштарды және абразивті
қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар
әйнектің шытынауына әкеліп соғатындай бетін
сыруы мүмкін.
9. Тазалау үшін бумен тазалағышты
пайдалануға болмайды.
10. Пешке қызмет көрсетуді тек білікті
қызметкер ғана орындауы тиіс. Қызмет
көрсету және жөндеу қажет болған жағдайда
жақын арадағы уәкілетті делдалға
хабарласыңыз.
4. Пештің сыртқы бетін ылғалды шүберекпен
тазалаңыз. Пештің ішкі бөліктерінің
зақымдалуын болдырмас үшін желдеткіш
саңылауға судың кіруіне жол бермеңіз.
11. Микротолқынды пешті таза ұстаңыз:
ластану ішкі беттердің зақымдалуына әкеліп
соғуы мүмкін, пештің қызмет мерзімін
қысқартуы және қауіпті жағдайдың
себепкері болуы мүмкін.
5. Басқару панелдерін жұмсақ матамен
тазалаңыз. Концентрацияланған жуу
құралдарын немесе абразивті материалдарды
басқару панелін тазалауға қолданбаңыз.
Басқару панелін тазалау кезінде пештің есігін
кездейсоқ қосылудың алдын алу үшін ашық
қалдырыңыз. Тазалау аяқталған соң пештің
бастапқы қалпына келуі үшін «Стоп/Қайта
орнату» батырмасын басыңыз.
12. Ауа үшін желдеткіш саңылаулар әрқашан
таза болуы тиіс. Пештің жоғарғы, төменгі
немесе сыртқы жағында желдеткіш
саңылаулардың шаңмен немесе басқа
материалмен бұғатталуына жол бермеңіз.
Желдеткіш саңылауларды бұғаттау пештің
шектен тыс қызуына әкеліп соғып, оның
жұмысына жағымсыз әсер етеді және қауіпті
жағдайдың себебі болуы мүмкін.
6. Егер ішкі бетінде немесе есіктің сыртқы
шеттерінің айналасында ылғал жиналса, оны
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Оған пешті
жоғары ылғалдылық жағдайында пайдалану
себеп болуы мүмкін; бұл құралдың ақауының
белгісі болып табылмайды.
Қ
аз
ақ
ш
а
Summary of Contents for NN-ST25HBZPE
Page 2: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 ...
Page 30: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Русский ...
Page 58: ...Українс ька ...
Page 86: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Қазақша ...
Page 114: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Հայերե ն ...
Page 142: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Кыргыз ча ...