20
ҚазаҚ
4.
Пернені (4) басып, мультипісіргіш қақпағын (5) ашыңыз.
5.
Бекіткіштерді (14) басып, қорғаныс экранды (13) шешіңіз.
6.
Барлық шешілмелі бөлшектерді (қорғаныс экранды (13), бушығарғыш қақпағын (6),
тостағанды (12), буға пісіруге арналған табақты (15), ожауды (16), қалақты (17) және
өлшейтін стаканшаны (18)) бейтарап жуғыш заты бар жұмсақ ысқышпен жуыңыз, ағын сумен
шайыңыз және құрғатыңыз.
7.
Құрылғы корпусын дымқыл матамен сүртіңіз. Құрылғыға құрғауға уақыт беріңіз.
8.
Қорғаныс экранды (13) орнына орнатыңыз.
9.
Бушығарғыш қақпағын (6) орнына орнатыңыз.
ағымдағы уақытты баптау
1.
Желілік бауды ағытпаға (9) қосыңыз.
2.
Желілік баудың айыртетігін шалаыққа салыңыз, дыбыстық сигнал шығады және жұмыс істеу
көрсеткіші (24) жанып-сөне бастайды.
3.
«Сағаттар» (21) немесе «Минуттар» (23) батырмасын 3 секундтай басып ұстап тұрыңыз,
қысқа дыбыстық сигнал шығады.
4.
Содан кейін, «Сағаттар» (21) және «Минуттар» (23) батырмаларын кезектеп басп немесе
басып ұстап тұрып, ағымдағы уақытты белгілеңіз (уақыт 24 сағаттық пішімде белгіленеді).
5.
Баптауды аяқтау үшін басқару тақтасының (3) кез-келген батырмасын басыңыз.
Мультипісіргішті паЙДалаНу
1.
Дайындау әдісіндегі ұсыныстарды орындап, тағамдарды тостағанға салыңыз (Дайындау
әдістерінің кітабын» қар.).
Ескерту: Құрамдас бөліктер және сұйықтықтар максималды белгі деңгейінен асып
кетпеуін қадағалаңыз. Әртүрлі ботқаларға (күріштен басқаларға) арналған максимум
белгісі – ¾, басқа тағамдар мен сұйықтықтарға арналған максималды деңгей белгісі –
«CUP».
2.
Тостағанды (12) құрылғының жұмыс камерасына орнатыңыз. Тостаған (12) қисаймай
орнатылғанына және қыздырғыш элементтің (10) бетімен тығыз жанасатынына көз жеткізіңіз.
Ескерту:
Тостағанды (12) жармаларды жуу үшін және тағамдарды турау үшін пайдаланбаңыз,
бұл күюге қарсы қабатты бүлдіруі мүмкін.
Пайдалану алдында, тостағанның (12) сыртқы бетін және түбін құрғатып сүртіңіз.
Жұмыс камерасы мен тостағанның (12) түбінде бөтен заттардың, ластың және
ылғалдың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Қыздырғыш элементтің (10) ортасында температура бергіші (11) орналасқан. Бергіш
(11) қозғалысы шектелмеуін қадағалаңыз.
3.
Егер Сіз тағамдарды буға пісірсеңіз, қайнап жатқан су табақтың (15) түбіне жетпейтіндей етіп,
тостағанға (12) су құйыңыз. Тағамдары бар табақты (15) тостағанға (12) орнатыңыз.
4.
Мультипісіргіш қақпағын (5) шыртылға дейін жабыңыз.
5.
Желілік бауды ағыпаға (9) қосыңыз, желілік баудың айыртетігін ашалыққа салыңыз.
6.
Автоматты пісіру бағдарламасын таңдау үшін («Жылдам пісіру», «Ботқа», «Шағын үлес»
немесе «Көміп пісіру») дисплейде (2) қажетті бағдарлама көрсеткішіне (22) қарсы бағдар
пайда болғанға дейін батырманы (32) кезектеп басыңыз.
7.
«Ысыту», «Сорпа», «Көже», «Буға пісіру» және «Бұқтыру» бағдарламасын таңдау үшін
батырманы (26) кезектеп басыңыз, дисплейде (2) көрсеткіштерге (29) және (30) қарсы
бағдар, сонымен қатар пісіру ұзақтығының санды көрсетілімдері пайда болады.
mw-3801.indd 20
01.02.2013 10:22:56