background image

15 ҚАЗАҚША

Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрқашан 

бүйірлік тұтқышты пайдаланыңыз. Бүйірлік тұтқышты 

тұтқышқа арналған тістер құрал өзегіндегі дөңес 

жерлер арасында орналасатындай етіп орнатыңыз. 

 

Содан кейін тұтқышты сағат тілімен бұрау арқылы 

қажетті күйде бекітіңіз. Оны кез келген күйде бекіту 

үшін, 360°-қа айналдыруға болады.

ЕСКЕРТПЕ:

 Бүйірлік тұтқышты тереңдік өлшегіш 

орнатылғаннан кейін, 360°-қа айналдыру мүмкін 

емес.

Бұрғылау қашауын орнату және 

алып тастау

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

  

• 

Қашауды орнату немесе алып тастау 

алдында құралдың өшірілгеніне және қуаттан 

ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

► 

Сурет5:

    

1.

 Бұрғылау қысқысы 

2.

 Қысқының 

бүйірлі кілті

Қашауды орнату үшін, қысқы ішіне барынша 

терең етіп орналастырыңыз. Қысқыны қолмен 

қысыңыз. Қысқының бүйірлік кілтін әр үш саңылауға 

орналастырып, сағат тілі бағытымен бекітіңіз. 

Барлық үш саңылауды міндетті түрде бірдей 

қысыңыз. Қашауды алып тастау үшін, тек бір 

саңылаудағы қысқының бүйірлік кілтін сағат тіліне 

қарсы бағытта бұрап, содан кейін қысқыны қолмен 

босатыңыз.

Қысқының бүйірлік кілтін пайдаланғаннан соң, оны 

міндетті түрде бастапқы күйге қайтарыңыз.

Тереңдік өлшегіш (қосымша 

керек-жарақ)

► 

Сурет6:

    

1.

 Бүйірлік тұтқыш 

2.

 Тереңдік өлшегіш 

3.

 Тұтқыш табаны 

4.

 Алтықырлы болт

Тереңдік өлшегіш тереңдіктері бірдей саңылаулар 

бұрғылауға ыңғайлы болып табылады. Тереңдік 

өлшегішті келесі ретпен орнатыңыз.
1.  Алтықырлы бұрандаманы босату үшін бүйірлік 

тұтқышты сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.

2.  Тереңдік өлшегішті енгізіп, саңылаудың 

тереңдігін реттеңіз.

3.  Бүйірлік тұтқышты тереңдік өлшегіш пен 

тұтқыш табаны құрылғыда толығымен 

бекітілетіндей етіп, сағат тілі бағытымен 

бұраңыз.

ЕСКЕРТПЕ:

 Тереңдік өлшегішті құрал корпусын 

соғатындай күйде пайдалануға болмайды.

ПАЙДАЛАНУ

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

  

• 

Жұмыс жасау кезінде, әрқашан бүйірлік 

тұтқышты (көмекші тұтқа) пайдаланыңыз 

және тұтқыштың екі беті мен ауыстырып-

қосқыштың тұтқасын мықтап ұстаңыз.

► 

Сурет7

Соқпалы бұрғылау жұмыстары

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

  

• 

Саңылау бұзылып жатқан сәтте саңылау 

жоңқа мен бөлшектерге толған кезде немесе 

соққылаушы шыбықты арматуралар бетонға 

кіріктірілген кезде, құралда/қашауда кенеттен 

үлкен бұралу күші пайда болады. Жұмыс жасау 

кезінде, әрқашан бүйірлік тұтқышты (көмекші 

тұтқа) пайдаланыңыз және тұтқыштың екі беті мен 

ауыстырып-қосқыштың тұтқасын мықтап ұстаңыз. 

Әйтпесе құралды басқару мүмкіндігі жоғалып, 

ықтимал ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

Бетон, гранит, тақтайшаларды және т.б. бұрғылау 

кезінде, "соққылау арқылы айналдыру" әрекетін қолдану 
үшін, әрекет ету режимінің тетігін 

 белігісінің күйіне 

жылжытыңыз. Міндетті түрде карбидті вольфраммен 

ұшталған қашауды пайдаланыңыз. Саңылау жоңқа немесе 

бөлшектерге толған кезде, көбірек қысым түсірмеңіз. Оның 

орнына, құралды бос жүріске салып, қашауды саңылаудан 

жартылай шығарып алыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет 

қайталау арқылы, саңылау тазарады.

Саңылауды бұрғылаудан кейін, үрлеуіш баллонды 

пайдаланып, саңылауды шаңнан тазалаңыз.

Бұрғылау жұмыстары

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

  

• 

Құрылғыны шамадан тыс басу бұрғылауды тездетпейді. 

Шындығында, шамадан тыс қысым тек қашауыңыздың 

ұшын зақымдайды, құралдың өнімділігін және 

құралдың қызмет ету мерзімін қысқартады.

• 

Саңылаудың бұзылуы кезінде құралға/

қашауға орасан зор күш түсіріледі. Қашау 

өңдеу бөлшегін бұза бастағанда, құралды 

мықтап ұстаңыз және сақ болыңыз.

• 

Қыстырылып қалған қашауды кері қарай шығуы 

үшін реверсивті ауыстырып-қосқышты кері 

бағытта айналу күйіне орнату арқылы оңай 

шығарып алуға болады. Дегенмен құралды қатты 

ұстамасаңыз, кенеттен артқа ыршуы мүмкін.

• 

Кішкентай өңдеу бөлшегін әрқашан қысқышта немесе 

соған ұқсас ұстап тұратын құрылғымен бекітіңіз.

Ағаш, металл, пластик материалдарды және т.б. бұрғылау 

кезінде, "тек айналдыру" әрекетін қолдану үшін, әрекет 
ету режимінің тетігін 

 белігісінің күйіне жылжытыңыз.

Ағашта бұрғылау

Ағашта бұрғылау кезінде, бағыттаушы бұрандамен 

жабдықталған ағаш бұрғысы көмегімен жақсы 

нәтижеге қол жеткізуге болады. Бағыттаушы 

бұранда қашауды өңдеу бөлшегіне қарай тарту 

арқылы, бұрғылауды оңайлатады.

Металды бұрғылау

Саңылау жасауды бастау кезінде, қашаудың 

сырғуына жол бермеу үшін бұрғылау қажет нүктені 

балғамен ортасынан ұру арқылы қуыс жасау 

қажет. Қашаудың ұшын қуысқа қойып, бұрғылауды 

бастаңыз. Металды бұрғылау кезінде кесу майын 

пайдаланыңыз. Құрғақ күйде бұрғылау қажет темір 

мен мыс ерекше жағдай болып табылады.

Summary of Contents for MT M0800

Page 1: ...M0800 M0801 EN Hammer Drill INSTRUCTION MANUAL 3 RU 7 KK 12...

Page 2: ...1 2 A B 1 1 2 1 3 5 6 4 1 2 1 2 3 4 Fig 1 Fig 2 Fig 3 Fig 4 Fig 5 Fig 6 Fig 7 2...

Page 3: ...ions Failure to follow the warnings and instruc tions may result in electric shock fire and or serious injury Save all warnings and instruc tions for future reference The term power tool in the warnin...

Page 4: ...hil dren and do not allow persons unfamiliar with the power tool or these instructions to operate the power tool Power tools are dangerous in the hands of untrained users 22 Maintain power tools Check...

Page 5: ...he action mode changing lever to the right symbol For rotation only slide the action mode changing lever to the left symbol ASSEMBLY CAUTION Always be sure that the tool is switched off and unplugged...

Page 6: ...life of the tool There is a tremendous force exerted on the tool bit at the time of hole break through Hold the tool firmly and exert care when the bit begins to break through the workpiece A stuck b...

Page 7: ...7 M0800 M0801 10 16 20 20 10 13 0 3 200 1 0 3 200 1 0 48 000 0 48 000 254 261 1 6 1 7 II EPTA 01 2003 1 2 3 4...

Page 8: ...8 5 6 7 8 9 RCD RCD 10 RCD 30 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24...

Page 9: ...9 25 26 27 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 1 2 A B 2 1...

Page 10: ...10 3 1 4 1 2 3 4 5 6 360 360 5 1 2 6 1 2 3 4 1 2 3 7...

Page 11: ...11 Makita Makita...

Page 12: ...12 i M0800 M0801 10 16 20 20 10 13 0 3200 1 0 3200 1 0 48 000 0 48 000 254 261 1 6 1 7 II EPTA Procedure 01 2003 1 2 3 4 5 6 7...

Page 13: ...13 8 9 RCD 10 30 RCD 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 1 2 3 4...

Page 14: ...14 5 6 7 8 9 1 1 2 A B 2 1 3 1 4 1 2 3 4 5 6...

Page 15: ...15 360 360 5 1 2 6 1 2 3 4 1 2 3 7...

Page 16: ...Makita Corporation 3 11 8 Sumiyoshi cho Anjo Aichi 446 8502 Japan www makita com Makita Makita 885429 782 EN RU KK 20181012...

Reviews: